1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет11/18
Дата20.06.2022
өлшемі321,16 Kb.
#146886
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
6В07301 Силлабус Заманауй құрылыс материалдары

Тапсырма. Акустикалық материалдар
Әдістемелік нұсқау. Ғимараттарды шудан оқшаулау мақсатында, арнай құрылымын өзгерту арқылы алынған материалдар. Үлкен (ірі) өлшемді құрама темірбетон конструкцияларының жəне құйма (тұтас) бетоннан жасалынған үйлердің, т.б. ғимараттардың салмағын жеңілдету – құрылыста қолданылатын материалдар шығынын азайтудың негізгі жолы (тəсілі). Мысалы, жеңіл бетондарды пайдаланғанда сыртқы қабырғаның қалыңдығы кəдімгі кірпіштен қаланған қабырғамен салыстырғанда 52-64 см-ден 25-40 см-ге дейін жұқарады. Осының салдарынан жеңіл бетоннан құрылған 1 м2 қабырғаның салмағы (175-560 кг) кірпіш қабырғанікінен (1080-2500 кг)2-6 есе азаяды.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тапсырма. Герметикаландыратын материалдар
Әдістемелік нұсқау. Құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өзара қиылысқан жері ылғал жəне ауа өткізбеуі үшін пайдаланылады. Олар мастикалы, погонажды жəне жапсырмалы болады. Мысалы, бутил каучукті мастика паста түрінде жапсарға өндірілгеннен соң қатайтқыш (вулканизациялайтын) қоспаның əсеріне иілімді резеңке сияқты зат түзеді. Погонажды: герметиктер əдетте кеуекті немесе қуысты резеңке қоспаларынан жасалынған əртүрлі қойылымды ширақ бұрау (пороизол), гернит т.б.). Оларды қолдану тиімді болу үшін жапсарға ендіргенде, олардың диаметрінің 30-50% сығылуы қажет.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тапсырма. Арнаулы тағайындаулы құрылыс материалдары
Әдістемелік нұсқау. Гидроизоляциялық материалдар пленка (жұқа қабық), мастика, лакталған жəне сырланған түрінде қолданылады. Пленкалы түрлері негізінде полиэтилен, поливинилхлорид полмерлерінен экструзия үздіксіз сығып шығару немесе басқа əдіспен қалыңдығы 1 мм дейін болып өндіріледі. Мысалы полиэтиленді рулондық пленка ұзындығы 160 м дейін, ені 800-1400, ал қалыңдығы 0,06-0,2 мм, қасиеттері 13.7-кестеде келтірілген; тығыздығы 0,9 г/см3, -600С-тан +800С аралығында пайдалануға болады. Поливинилхлоридті пленканың созуға беріктігі 10-І5 МПа, үзілгенде салыстырмалы ұзаруы (100-300).
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тапсырма. Полимер материалдар
Әдістемелік нұсқау. Полимерлер – үлкен молекулалы заттар. Олардың молекуласы көп қайталанылатын, қарапайым құрылымы бірдей буындардан (звенолардан) тұрады. Молекуладағы бұл қарапайым буындар тізбек құрады. Тізбектер негізгі (немесе түзу), тармақты жəне кеңістікті (үш өлшемді) болып бөлінеді. Үлкен молекулалы қосылыстардың, яғни полимердің молекулалық массасы 5000 жоғары, ал кіші молекулалы заттардың, яғни мономердің молекулалық массасы –500-ден төмен. Молекулалық массасы ауырлаған сайын, полимердің балқу температурасы, иілгіштігі мен беріктігі өседі де, ерігіштігі төмендейді.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет