1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР



бет6/18
Дата20.06.2022
өлшемі321,16 Kb.
#146886
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
6В07301 Силлабус Заманауй құрылыс материалдары

7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Дәріс сабақтары ZOOM бағдарламасы және YouTube каналы арқылы жүзеге асырылады. Практикалық сабақтар ZOOM бағдарламасы, универ жүйесі арқылы студенттердің дәріс сабағының тақырыбы бойынша, конспктілер, есептер және сызбаларын қабылдау арқылы өтеді. ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары универ жүйесі және электронды почта арқылы жүзеге асырылады.


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

1

Құрылыс материалдарының құрылысы

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

2

Құрылыс материалдарын стандарттау

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

3

Композициялық материалдар

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

4

Өңдеу материалдары

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

5

Акустикалық материалдар

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

6

Герметикаландыратын материалдар

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

7

Арнаулы тағайындаулы құрылыс материалдары

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

8

Полимер материалдар

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

9

Ағаш бұйымның қолдану аясы.

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

10

Органикалық шикiзатты негiзде құрылыс материалдары

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

11

Құрғақ құрылыс қоспалары және құрылыс ерiтiндiлерi

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

12

Асбестбетондар

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

13

Жеңіл бетондар. Селикаттар

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

14

Газдыбетон және Көбіктібетон

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600

15

Пигменттердің, бояулық құрамдарды және лактарды сынау

мәнжазба

Сейсенбі 1400

Жұма 1600



ЕСКЕРТУ! ОСӨЖ сабақ кестесінен тыс бекітілген арнайы кестеге сәйкес, СӨЖ тапсырмаларын орындау пән оқытушысының жеке кестесіне сәйкес анықталады.


9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: Құрылыс материалдарын топтастыру, стандарттау жəне қасиеттерінің құрамы мен құрылымының өзара байланысы
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Құрылыс материалдарын топтастыру
2. Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау
3. Құрылыс материалы қасиеттерінің, оның құрамы мен құрылымына байланыстылығы
Дәріс тезисі: Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты əртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ол бұйымдар құрылыста қолдану шартына сай алуан түрлі. Мысалы, көп қабатты үй салу үшін мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: фундамент, баған, арқалық, қабатаралық жəне төбелік жабындар, сыртқы жəне бөлмеаралық қабырғалар. Үй құрылысында бұлардан басқа, жылу-дыбыс-ылғал өткізбейтін бұйымдар да қолданылады.
Бекіту сұрақтары
1. Кристалдық тор дислокациясы дегеніміз не?
2. Отқа төзімділік пен отқа беріктік айырмашылығы?
3. Отқа төзімділік пен отқа беріктік айырмашылығы?
4. Материалдардың гидрофизикалық қасиеті дегеніміз не?
5. Материалдардың термофизикалық қасиеті дегеніміз не?
6. Құрылыс материалдарының климаттық қасиеті дегеніміз не?
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Табиғи тас материалдар, бұйымдар
2. Магмалық таужыныстары, оларды құрайтын минералдар
3. Шөгінді таужыныстары, оларды құрайтын минералдар
4. Метаморфтық тау жыныстар
Дәріс тезисі: Құрылыс материалдары өнеркəсібі, көп салалы. Ол керамикалық, шыны, цемент өнеркəсібінен, т.б. құрылыс материалдары өнеркəсібі салаларынан тұрады. Осы салалардың бірі – “Руда емес материалдар өнеркəсібі” деп аталады. Бұл өнеркəсіп бойынша руда емес тастар таудан шығарылғаннан (босатылғаннан) соң, олардан жеңіл-желпі механикалық өңдеусіз-ақ, физика-механикалық қасиетін сақтай отырып, тұрпайы өңделмеген шойтастар (БҰТ), жарықшақ тастар жəне жасанды құмдар, тұрпайы өңделген жолға төсейтін кеспе тастар, тегістеліп өңделген қабырғалық блоктар, тыстамалық плиталар өндіріледі. Бұл руда емес, табиғи тас материалдардың түрлері, құрылымы, қасиеттері кітаптың осы тарауында сипатталады.
Бекіту сұрақтары
1. “Таужыныстары” деген атауға анықтама беріңіз.
2. “Минерал” атауына анықтама беріңіз.
3. Таужыныстарының пайда болуы, ол қандай топтарға бөлінеді?
4. Магмалық таужыныстарының негізгі түрлерін анықтаңыз?
5. Метаморфтық таужыныстарының негізгі түрлерін атаңыз?
6. Шөгінділік таужыныстарының негізгі түрлерін атаңыз?
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Минералдық шикізатты термиялық өңдеумен алынатын материалдар.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Керамикалық материалдар, бұйымдар
2. Балшықтығымен пластикалығын (иленгіштігін) азайтатындар.
3. Балшықтардың керамикалық бұйымдар өндіруге қажетті қасиеттері
4. Керамикалық бұйымдарды өндірудің жалпы схемасы
5. Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі, су сіңіргіштігі, жылу өткізгіштігі, беріктігі жəне аязға төзімділігі
Дәріс тезисі: Керамикалық бұйымдар немесе керамика (гректің “керамос” – балшық деген сөзі) деп – табиғи саз-балшықтан немесе оны минералдық не органикалық қосымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу, қалыптастыру, кептіру жəне күйдіру арқылы алатын жасанды тас бұйымдар. Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа бөлінеді: кеуекті жəне тығыз. Кеуекті материалдардың су сіңіргіштігі 5%-тен жоғары болады (əдетте 6-20 массалық процент аралығында), бұларға кəдімгі кірпіш, керамикалық қабырға тастар тыстаулық (өңдеулік) тақталар, т.б. жатады. Тығыз керамикалық материалдар 5%- тен аз су сіңіреді (көбінесе 1-4%); оларға жататындар: еденге төсейтін плиткалар, жолға төсейтін кірпіш, канализациялық құбырлар (түтіктер), т.б.
Бекіту сұрақтары
1. Керамикалық бұйымдарды қолданылуы бойынша жіктеңіз?
2. Керамикалық бұйымдар құрылымына байланысты қандай топтарға жіктелінеді?
3. Технологиялық керамика сазды, бөлшектер деп нені айтамыз?
4. Саздың иілімділіктерін қандай топтарға бөлеміз?
5. Қандай жағдайда сазды шикізатты дайындауда, шликерлік əдіс қолданылады?
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Бейорганикалық байланыстырғыш заттар. Ауалық байланыстырғыш заттар
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Гипсті байланыстырғыш заттар
2. Құрылыс гипсінің ұнтақтық дəрежесі, ұстасу жəне қатаю мерзімдері.
3. Ауа əгі: өндіру технологиясы, түрлері, қасиеттері, қолданылуы
Дәріс тезисі: Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп – сумен араластырғанда жақсы иленетін жəне бірте-бірте қатайып, тасқа айналатын минералдардан құралған, таужыныстардан күйдіру арқылы алынатын ұнтақтарды атайды. Сондықтан олар – бейорганикалық немесеминералды байланыстырғыш заттар деп аталынады. Минералды байланыстырғыш заттар алдымен 2 ірі топқа: ауалық жəне гидравликалық болып бөлінеді. Ауалық байланыстырғыш заттарды сумен араластырғанда алынатын қамыр тек ауада ғана қатайтып, қатаю салдарынан пайда болған беріктігін сақтайды. Бұл топқа: гипс, əк, магнезиалды байланыстырғыш заттар мен сұйық шыны жатады.
Бекіту сұрақтары
1. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар қатаю əдісі бойынша қандай топтарға бөлінеді?
2. Ауада қатаятын байланыстырғыш заттарды химиялық құрамына байланысты қалай жіктейді?
3. Гипс байланыстырғышынан алынған құрылыс материалдары
4. ГКЛ жіктелуі
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Гидравликалық байланыстырғыш заттар.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Магнезиалды байланыстырғыш заттар. Сұйық шыны. Гидравликалық əк
2. Портландцемент клинкерінің құрамы
3. Портландцементті өндіру принциптері
4. Портландцементтің қатаюы жəне цемент тастың құрылымы
Дәріс тезисі: Гидравликалық байланыстырғыштардан су қосып алынатын қамыр, алдымен ауада аз уақыт қатайғаннан барып, су астында жəне басқа ылғалды жерде одан əрі беріктелініп, қатая түседі. Бұл топқа портландцемент пен оның түрлері, глинозем цементі.
Бекіту сұрақтары
1. Цемент тастың коррозиясы жəне оны бұзылудан сақтау
2. Портландцементтің арнаулы түрлері
3. Гидравликалық байланыстырғыш заттардың түрлерін атаңыз?
4. Пуоцоланды портландцементті қолдану саласын көрсетіңіз.
5. Портландцемент өндіруге белсенді минералды қоспаларды қолдану тиімділігі.
6. Тез қатаятын портландцементтердің қатаю жылдамдығы.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Ауыр бетондар
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Бетон қоспасының қасиеттері
2. Бетон қоспасын дайындау, тасымалдау, қалыптау
3. Бетонның қатаюы жəне беріктігі
4. Бетон құрамын жобалау (есептеу)
Дәріс тезисі: Бетон толтырғыштары: ұсақ, ірі болып екі топқа бөлінеді. Ұсақ толтырғыштарға – түйірлерінің диаметрі 0,14-5 мм аралығындағы құм (көбінесе кварцті, сирегірек дала шпатты, əк тасты) жатады. Құм түйірлерінің беттік ауданы, олардың ірілігіне байланысты. Белгілі бір көлемде уақ түйірлердің ауданы ірі түйірлермен салыстырғанда үлкен болатындықтан, ұсақ құмның түйірлерін өзара біріктіру үшін, оларды байланыстырғыш заттың өте жұқа қабатымен жапсақта цемент шығыны көбейеді. Осыған байланысты құмның ішінде тесіктерінің диаметрі 0,14 мм елеуіштен өтетін түйіршіктердің мөлшері 10%-тен, ал 5 мм-ден ірі түйірлер мөлшері – 5%-тен аспауы тиіс.
Бекіту сұрақтары
1. Бетондарды тығыздық мəні бойынша топтарға жіктеңіз?
2. Қанша уақыттан кейін бетонның жобалық маркасын анықтадыңыз?
3. Бетон маркасы мен бетон класының түсініктемелерінің айырмашылығы неде?
4. Бетоннды өндірудің негізгі технологиялық сұлбасы
5. Клинкер дегеніміз не?
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Жеңіл бетондар
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Құрылыс материалдарын топтастыру
2. Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау
3. Құрылыс материалы қасиеттерінің, оның құрамы мен құрылымына байланыстылығы
Дәріс тезисі: Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты əртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ол бұйымдар құрылыста қолдану шартына сай алуан түрлі. Мысалы, көп қабатты үй салу үшін мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: фундамент, баған, арқалық, қабатаралық жəне төбелік жабындар, сыртқы жəне бөлмеаралық қабырғалар. Үй құрылысында бұлардан басқа, жылу-дыбыс-ылғал өткізбейтін бұйымдар да қолданылады.
Бекіту сұрақтары
1. Жеңіл бетондардың ұялы бетондардан айырмашылығы неде?
2. Ұялы бетондарды орташа тығыздығы бойынша топтастыру.
3. Газбетонның көбікбетоннан айырмашылығы неде?
4. Жеңіл бетонның орташа тығыздығы қанша?
5. Жеңіл бетонның түрлерін атаңыз?
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Ағаш құрылымдары және органикалық шикізат негізіндегі құрылыс материалдары
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Ағаш құрылымы мен қасиеттері
2. Ағаш сүрегінің құрылымы, ағаш сүрегінің құрылымы
3. Ағаш ақаулары жəне оны шіруден, жанудан сақтау əдістері
4. Битумның түрлері, құрамы, кұрылымы, қасиеттері
5. Кара майдың түрлері, құрамы, құрылымы, қасиеттері
Дәріс тезисі: Бұл дәрісте ағаш туралы жалпы мəлімдеме, ағаштың құрылымы, қасиеттері, ақаулары (кемістіктері) жəне оны шіруден, жанудан сақтау əдістері, ағаш материалдары мен бұйымдарының түрлері, зауыттарда ағаштан жасалатын құрама үйлер қаралады. Органикалық байланыстырғыш заттар –битум, қара май болып бөлінеді. Бұл тарауда битум мен қара майдың түрлері, олардың құрамы, құрылымы, қасиеттері, осы байланыстырғыш заттар негізінде жасалған асфальт-бетон, асфальт–ерітінді, қара май – бетон, рулонды жабындық материалдар (рубероид, пергамин, т.б.), гидроизоляциялық материалдар (битумды гидрозол, битум резеңкелі-бризол, изол, т.б. фольгоизол), əртүрлі эмульсиялар, пасталар, мастикалар қаралады.
Бекіту сұрақтары
1. Органикалық байланыстырғыш заттар негізінде жасалған рулонды жабындық материалдар
2. Ағаш материалын шіруден, оттан, көлемінің өзгеруінен қорғайтын химиялық қоспаларды атаңыз.
3. Ағаш құрылымының кемшіліктері мен артықшылықтарын атаңыз?
4. Битум байланыстырғышының қолданылуын атаңыз?
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Шыны
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Құрылыстық шыны жəне оның құрамы мен өндірілуі
2. Парақша шынының түрлері мен қасиеттері
3. Тыстама шынылар, шыны бұйымдар жəне конструкциялар
4. Құйматас жəне шыны кристалды бұйымдар - ситалдар
Дәріс тезисі: Шыны деп – балқыған затты тез суыту арқылы алынатын аморфтық денелерді айтады. Құрылыста силикаттық шынылар қолданылады. Олар кремний тотығының негізінде алынады. Балқыған силикаттық шыныларды суытқанда, олар тез қоюланып, микробөлшектері (иондары, атомдары, молекулалары) өзара дұрыс орналаса алмай, кристалды емес – аморфтық құрылым түзеді. Шихтаны пісіру-балқыту көбінесе ванна тəрізді пештерде жүреді. Бұл процесс үш кезеңнен тұрады. 800-900оС шихтаның сілтілі компоненттері мен кремний оксидінің бөлімі байланысуынан, силикаттар түзіледі (масса-шихта піскен, қатты); 1150-1200оС кремний оксидінің қалған бөлімі, силикаттардың еруінен шыны түзеді (масса балқыған, тұтқыр, мөлдір емес – газдар көбіктері көп); 1400-1500оС шыны мөлдірлендіріледі (масса газдар көбіктерінен ажыратылады), біркелкі – гомогенді құрам түзіледі (тұтқырлығы 100 пуаз шамасында).
Бекіту сұрақтары
1. Шлак ситалдары дегеніміз не?
2. Стемалит дегеніміз не?
3. Шыныққан шыныны өндіру технологиясы
4. Шыныны бояу әдістері қандай?
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Арнайы тағайындалған құрылыс материалдары
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Жылу өткізбейтін жəне акустикалық материалдар, бұйымдар
2. Бейорганикалық жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар.
3. Жылу өткізбейтін пластмассалар
4. Акустикалық (дыбыс жұтқыш жəне дыбыс өткізбейтін) материалдар
5. Өңдеулік (тыстайтын) материалдар
6. Лактар жəне эмальді сырлар.
Дәріс тезисі: Жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың түрлері өте көп. Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП – строительные нормы и правила) 100-ден аса жылу өткізбейтін бұйымдардың қасиеттері мен өлшемдеріне шарт қояды. Бұл материалдар оларды өндіру үшін қолданылатын шикізатқа, сыртқы түріне, сығылу қабілетіне байланысты топтастырылады. Пайдаланатын шикізатына қарай олар: органикалық жəне бейорганикалық (минералды) деп екі топқа бөлінеді. 1-топқа: ағаш талшықтары мен жоңқалары негізінде жасалынған тақталар (сəйкесінше ДВП – древесно-волокнистые) ДСП – древесно-стружечные плиты), жылу өткізбейтін пластмассалар, қамыстан істелінген тақталар, т.б. жатады. 2-топқа көп тараған топқа минералдық мақта (мысалы, шыны талшықтары) мен одан өндірілетін бұйымдар, асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуекті шыны (көбік шыны) түйірлері кеуектелінген перлит, вермикулит, т.б. жатады. 2-топқа қарасты материалдар көбінесе ыстық беттерді (жылу шығаратын агрегаттарды, мысалы, қазандарды) жабу үшін қолданады.
Бекіту сұрақтары
1. Ғимараттың сыртқы бетін өңдеу үшін қандай материалдар қолданылады?
2. Өңдеу материалдарына қойылатын талаптар.
3. Құрылыстық бояу құрамының негізгі пигменттері.
4. Сулы бояу құрамы. Əкті, желімді, силикат пен басқа да құрамды, бояулар, олардың қасиеттері мен қолданылуы.
5. Олифтердің түрі, олардың қасиеттері жəне оларды майлы сырлар құрамына қолдану.
6. Полимерлі бояу құрамы. Лактар. Эмальдар. Олардың қасиеттері жəне қолданылуы.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет