1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Семинар/ практикалық сабақтар



бет7/18
Дата20.06.2022
өлшемі321,16 Kb.
#146886
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
6В07301 Силлабус Заманауй құрылыс материалдары

9.2. Семинар/ практикалық сабақтар
Тақырыбы: Кұрылыс материалдарының физикалык касиеттерін: тығыздығын, кеуектілігін, куыстылығын және сусіңіргіштігін анықтау. Кұрылыс материалдарының механикалық касиеттерін анықтау. Үлгілерді престе және бұзбай бақылау әдістерімен сынау.
Сағат саны: 4
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Материал күйінің өлшемдері
2. Гидрофизикалық қасиеттері
3. Жылу-физикалық қасиеттері
4. Механикалық қасиеттері
5. Деформациялық қасиеттері
6. Ұзақ уақыттылық
Әдістемелік нұсқау: Материалдың физикалық қасиеттерін, оның құрылысы немесе айналадағы ортаның физикалық процестерге қатысын сипаттайды. Жартас жыныстары мен табиғи тасты материалдары сынаған кезде мынадай физикалық қасиеттері анықталады: шынайы тығыздығы, орташа тығыздығы, беріктігі, су сіңіргіштігі, ылғалдылығы, суыққа төзімділігі. Тығыздықты анықтау. Шынайы тығыздық – ол материал массасының абсолют тығыздық күйіндегі көлеміне, яғни тесіксіз жəне қуыссыз күйіне қатысты. Материалдың шынайы тығыздығы (г/см3; кг/м3; т/м3).
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Негізгі жыныс түзуші минералдар мен тау жыныстарын әртүрлі салада қолдану үшін қасиеттерін зерттеу және салыстыру (коллекцияларменжұмыс). Металл үлгілерінің механикалық қасиеттерін анықтау: қаттылығы, беріктіктің есептік көрсеткіші.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тереңдік магмалық таужыныстары
2. Төгілме минералдық таужыныстары
3. Темірлі магнезиальді силикаттар
4. Төгілмелі магмалық таужыныстары
5. Механикалық шөгінді таужыныстары
6. Тас құрылыс материалдарының түрлері, оларды пайдалану жəне қираудан сақтау
Әдістемелік нұсқау: Абразивті материалдармен жасалған ажар тас бетінің сипатына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
– кесілген фактура – тереңдігі 2 мм-ге дейін жіңішке сызықтар, іздер (бұлар жоғарыда көрсетілген аралармен немесе дискалармен тілуден пайда болады);
– тегістелген фактура – тереңдігі 0,5 мм-ге дейін біркелкі кедір-бұдыр бедерлер, бұлар шойын дискалы (шарошкалы) тегістеу жылтырату станогінде қатты түйірлер мен бұйымдардың бетін сыдыру арқылы істелінеді;
– жылтыр фактура – тегіс, күңгірт, барқыт тəрізді бет (бұл тегістеу-жылтырату станогінде абразивті майда ұнтақтарды қолдану арқылы істелінеді);
– айнадай жылтыр фактура – айнадай жылтыр бет, ол металдардың (хром, темір, қалайы) рксидтерінен істелінген мастикалармен жəне шойын шарошканың орнына киіз дискамен өңдеу арқылы жасалынады.
Әдебиет
1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.


Тақырыбы: Қарапайым керамикалық кірпіштің сапалық сипаттамаларын және олардың МемСт-қа сәйкестігін, маркаларын анықтау. Коллекциялар бойынша құрылыс әйнегінің және әйнек бұйымдардың түрлері мен қасиеттерін және олардың МемСт-қа сәйкестігн анықтау.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі мен саздың пластикалығын арттыратындар
2. Балқытқыштар (флюстер). Глазурьлер. Ангобтар
3. Кірпіш не керамикалық тастардан құралған ірі панельдер
4. Санитарлық-техника бұйымдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет