Байланысты: 6В07301 Силлабус Заманауй құрылыс материалдары
Әдістемелік нұсқау: Карьерден алынған балшықтың иленгіштігін арттыру үшін түрлі дайындау процестерінен өткізіледі. Мысалы, алынған балшықты бір жыл ашық ауада ұстайды. Осы уақытта ауа райының құбылыстарына тап болған балшық өздігінен уатылып, элементтік бөлшектеріне бөлінетіндіктен, оның иленгіштігі өседі. Осы мақсатпен балшықты оның құрамында кездесетін қоспа – тас (құм) түйіршіктерден механикалық немесе гидравликалық əдістермен ажырату да қолданылады. Бұл үшін балшық тасты бөлек шығаратын винтті біліктерден өткізіледі немесе сумен араластырылып суспензия (шликтер) дайындалады да, електен өткізіледі (0,5 мм-ден жоғары түйіршіктер електе қалады). Ол 18-22 немесе 8-10% ылғалдылыққа дейін (бұйым өндіру үшін балшықты қалыптау əдістеріне байланысты) кептіріледі (кептіргіште бүркіп тозаңдату арқылы).
Әдебиет 1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.
Тақырыбы: Гипс байланыстырғышының негізгі қасиеттерін: ұнтақтық дәрежесін, су тұтынушылғын, қалыпты қоюлығын, қатаю мерзімін және беріктілік сипаттамаларын (маркасын) және алынған нәтижелерді сараптау. Ауа әгінің техникалық сипаттамаларын: сөну жылдамдығын, әк қоймалжыңының шығуын, сөнбеген түйіршіктер қалдығын анықтау.
Сағат саны: 4 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Құрылыс гипсінің ұнтақтық дəрежесі, ұстасу жəне қатаю мерзімдері
2. Аралық қабырғаларға арналған тақталар
3. Гипс байланыстырғышы арқылы алынған құрылыс ерітінділері
4. Ауа әгін сөндіру
5. Ауа әгінен алынған құрылыс материалдары
6. Әк байланыстырғышын қосу арқылы алынатын селикат кірпішті өндірудің технологиялық сұлбасы
Әдістемелік нұсқау: Гипсті барабандарда өндіру əдісі бойынша өлшемі 2 см ұсақ тасты айналмалы барабанда күйдіреді. Бұл үшін пеш ошағының барабанның бір шетіне температурасы 600-700оС газ жіберіледі. Барабанның екінші шетіне орнатылған тартқыш вентилятор күшімен газ, барабан ішіндегі газ ағымына қарсы жылжып келе жатқан материалды жол жөнекей қыздырғаннан соң, сыртқы шығарылады. Осылай күйдірілген гипс шарж немесе кəдімгі ұн тартатын тас диірмендерде майдаланады. Құрылыс гипсі 3 əдіс бойынша шикізатты майдалау мен оны күйдіру процестерін бір кезде, бір агрегатта жүргізу арқылы өндіріледі.
Әдебиет 1. Хамзин С. Құрылыс материалдары : 2011. - 140 бет.
2. Мамлюк, М.С. Азаматтық нысандарда қолданылатын құрылыс материалдары, 1-том-2017
3. Әжібеков Қ.Ж. Гидроизоляциялық материалдар, 2017
4. Көпжасарова Ғ.Т. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын сынау, 2018
5. Исакулов, Б.Р. Строительные материалы-1 : Активный раздаточный материал,2016
6. Рысдәулетов Р.А. Құрылыс материалдарының коллоидты химиясы 2017. - 132 бет.
Тақырыбы: Цементті сынау: қалыпты қоюлығын, қатаю мерзімін, көлемінің бірқалыпты өзгеруін анықтау. Цемент-құм ерітіндісінен дайындалған үлгілерден портландцементтің маркалық беріктігін анықтау. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізіндегі құрылыс материалдары.
Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Портландцемент клинкерінің құрамы
2. Шикізатты күйдіруге дайындау
3. Шламды (шихтаны) күйдіру, клинкерді ұнтау
4. Портландцемент тасының құрылымы
5. Цемент тастың қатаюы, беріктігі жəне маркасы
Әдістемелік нұсқау: Цемент өндірісінде кеңінен қолданылатын айналмалы пеш цилиндр нұсқалы болат парақтарынан жасалынып, ішкі жағы отқа төзімді материалдармен тысталынады (астарланады). Пештің ұзындығы 95, 185 жəне 230 м, диаметрі 5-7 м. Пеш барабаны горизонталь оське 3-4 бұрыштық градус еңкейтіліп орнатылады. Ол 1мин 1- 2 рет жылдамдықпен үздіксіз айналып тұрады. Шлам пештің биік жағынан беріліп, оның айналымының жылдамдығына сəйкес төменгі жағына карай баяу жылжып отырады. Газ, мазут немесе майдаланған көмір ұнтағы қысылған ауамен бірге үрленіп, пештің төменгі жағында жанып тұрады. Пештің ішіндегі температура, оның бас жағында 150-200°С болса, төменгі жағында, от жалыны шығатын жерден 5-10 м қашықтықта, 1500°С-қа жетеді. Ал күйдіріліп жатқан материалдың біразын тозаң күйінде ілестіріп пештің жоғары жағынан шығады да, электрофильтрге кіреді. Тозаңңан тазартылған газдар түтін мұржасы арқылы атмосфераға шығарылады.