2. Тапсырма.Зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттерін айқындау (конспект дайындау)
Әдістемелік нұсқау. Әрбір студент өзінің дипломдық жобасының тақырыбы бойынша мақсаты мен міндетін айқындайды. Зерттеу жұмысының нақты мақсаты зерттеудің басты мәселесін анықтау кезінде қойылатын «Осы жұмысты жазудан мен өзім не күтемін және менің оқырманым не күтеді?» деген сұраққа жауап іздеуден туындайды. Жұмыстың мақсаты айқындалған соң, сол мақсатқа жету жолындағы міндеттер көрсетіледі. Мақсат – біреу, ал міндет бірнешеу болады.Таңдалған тақырып бойынша мақсаттары мен міндеттері көрсетілген конспект дайындау қажет. Тақырыптың мақсаты бір сөйлеммен ғана жазылу керек. Мақсатқа сәйкес 4-тен кем емес міндеттері көрсетіліп жазылуы тиіс. Тақырыбы, мақсаты мен міндеттері айқын жазылған КОНСПЕКТІНІ оқытушының электрондық почтасына немесе УНИВЕР жүйесіне жүктейді.