1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ) (Off-line)



бет40/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

8.5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ) (Off-line)
1. Тапсырма. Зерттеу тақырыбын таңдау және басты мәселесін анықтау (тезис дайындау)
Әдістемелік нұсқау. Студенттің өзіндік жұмысы офлайн режимде өтеді.
Офлайн режимде оқыту- интернет ресурстарының көмегімен (электронды пошта) немесе универ жүйесі арқылы оқытушы мен студент арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Әрбір студент өзінің дипломдық жобасының тақырыбы бойынша материал жинақтайды. Практикалық сабақтың материалдарын қараңыз, оқулықтардан, кітаптардан, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеңіз, осы мәселе бойынша өз пікіріңізді құрастырыңыз. Ақпаратты жинау кезінде қысқаша жазбалар жасап отырыңыз, конспект (жазбаша жұмыс) жазыңыз. Бірінші қадам топқа бірігу/серіктес таңдаудан басталады. Әрбір топ(команда) 5 студенттен құралу керек. Команданың әр мүшесі жобаны әзірлеуге айтарлықтай үлес қоса алатындай қабілеттер мен машықтарға ие болғаны дұрыс. Мысалы, топтың бір мүшесі жинақталған материалды жүйелеп, қорытынды жұмысты жаза алатын, екіншісі ғылыми зерттеу әдістерін ұсынып, оны жүргізе алатын, келесі білім алушы жұмысты техникалық ресімдеу, презентация дайындау дағдыларын меңгерген болуы мүмкін. Топқа біріккен соң басынан бастап жасалатын жұмысты бөліп алған дұрыс. Тақырыппен оның мәселесі анықталғандығы жөнінде негіздемелері берілген тезис дайындайсыз. Тезис көлемі 2-3 бетті қамтуы қажет. Тезистің титулдық бетінде команданың атауы, команда мүшелерінің тізімі, таңдалған тақырыптың атауы, тобы, курсы көрсетілуі қажет. Тезистің мазмұнында зерттеу тақырыбын тауадаудың себептері мен қарастырылатын басты мәселелердің неігіздемелері анық жазылуы қажет. Дайындалған ТЕЗИСТІ студенттер оқытушының электрондық почтасына немесе УНИВЕР жүйесіне жүктейді. Жүктелген тапсырманы тексеріп, ескертулер болса студентке түзетулер енгізу үшін кері жіберіледі. Түзетілген жұмысты оқытушы мақұлдап, бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет