1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет10/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

Электролиттердегеніміз электр тоғын өткізгенде ерітінділер менбалқымалардағы
заттардың иондарға ыдырауы.
Сванте Аррениустың электролиттік диссоциация теориясына бойынша:
- электролиттер суда еріген кезде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады)
- электр тогы әсерінен оң зарядталған иондар катодқа (-) тартылады, оларды катиондар деп атайды, теріс зарядталған иондар анодқа (+) тартылады, оларды аниондар деп аталады;
- диссоциация – қайтымды процесс, ыдыраумен қатар иондардың қосылуы процесі жүреді.
Электролит ерітінділерінің Вант-Гофф және Рауль заңдарынан ауытқуы электролиттің иондарға ыдырауымен түсіндіріледі.
2.Аррениус ерітіндіде электролиитің қандай да бір бөлігі диссоциаацяланатын болғандықта , электролиттер диссоциациялану дәрежесін деген ұғымды ұсынды.
Диссоциациялану дәрежесіне келесі факторлар әсер етеді: еріген заттар мен еріткіш табиғаты, температура, ерітінді концентрациясы және аттас иондардың әсері.
Диссоциациялану дәрежесіне байланысты әлсіз және күшті электролиттер болып бөлінеді. Сулы ерітінділерде толықтай дерлік иондарға диссоциацияланатын электролиттер күшті электролит қатарына жатады. Әлсіз электролиттер суда толық диссоциацияланбайды, ерітіндіде диссоциацияланбаған молекулалар мен иондар арасында динамикалық тепе-теңдік орнайды.
Күшті электролиттерге маңызды қышқылдар мен негіздер, суда жақсы еритін тұздар жатады: HNO3, H2SO4, HCl, HBr, HJ, НClO4, КОН, NaOH, Ba(OH)2, Ca(OH)2
Әлсіз электролиттер: H2CO3, HCN, H2S, CH3COOH, H2SiO3 NH4OH
3. Әлсіз электролит ерітіндісінде молекулалар мен иондар арасында орнаған тепе-теңдіктің константасын жазуға болады. Мысалы
CH3COOН = Н+ + CH3COO-
К = [H+] [CH3COOH] / [CH3COOH]
Әлсіз электролиттің диссоциациясын көрсеттеін тепе-теңдік константасы диссоциациялану костантасы деп аталады.
Диссоциация константасы К, диссоциациялану дәрежесі a және концентрация С арасындағы байланысты анықтайтын болса, егер электролит 2 ионға ыдыраса, оның диссоциациялану дәрежесі a, әрбір ионның концентрациясы сa , диссоциацияланбаған молекулалар с - сa немесе (1-a) болады. Осы мәндерді теңдеуге қойса, диссоциациялану константасы былай түрленеді:
Кдис= немесе Кдис@a2·с /1-с
Бұл теңдеуОствальдтың сұйылту заңы деп аталады.
Бекіту сұрақтары
1. Электролиттерге қандай заттар жатады?
2. Электролиттер қалай жіктеледі?
3. Аррениустың ЭДТ негізгі қағидалары қандай?
Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.12 Тақырыбы: Судың диссоциациясы. Сутектік көрсеткіш.Тұздар гидролизі


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Судың диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі
2. Сутектік көрсеткіш.
3. Тұздар гидролизі
Дәріс тезисі
1.Таза су электр тогын өте нашар өткізеді, тек сутек иондары мен гидроксид иондарына азғана мөлшерде диссоциацияланады.
Судың диссоциациялану константасы:
2О ↔ H3О+ OH- немесе Н2О ↔ H+ OH-
Су және сұйытылған сулы ерітінділер үшін температура өзгеріссіз болған жағдайда сутек иондары мен гидроксид иондарының шамасы тұрақты мәнге ие. Бұл тұрақты шама судың иондық көбейтіндісі деп аталады. Теңдеуге сан мәндерін қойса, келесі шама алынады: Ксу  = [H2O] × К = 55,56 × 1,8 10-16 = 10-14 Демек, Ксу = [H+]×[OH-] = 10-14
Су – бейтарап зат. Сондықтан сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей, әрқайсысы 10-7г-ион/л тең..
2.Ерітіндінің қышқылдығын не сілтілігін ыңғайлы тәсілмен өрнектеу ұсынылған (теріс мәнді көрсеткіші бар сандармен жұмыс жасау ыңғайсыз) оларды сутек иондарының, не гидроксид иондарының теріс таңбамен алынған ондық логарифмдерімен көрсетеді. Ол сутектік не гидроксидтік көрсеткіш деп аталып, рН, рОН арқылы белгіленеді:
рН = − lg [H+]; рОН = − lg [ОH-]

Теріс таңбамен алынған сутегі ионы концентрациясының ондық логарифін сутектік көрсеткіш деп аталады.


Теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логарифмін гидроксил көрсеткіші деп аталады.
Мысалы, егер [H+] = 10-3моль/л болса, рН= 3; егер [H+] = 10-10моль/л болса, онда рН = 10 т.с.с., осылай болғандықтан нейтрал (бейтарап) ерітіндіде рН = 7 болады, қышқыл ерітіндіде рН < 7, ал сілтілі ерітіндіде рН > 7 тең, ал рН + рОН = 14 тұрақты болады, рН және [Н+] мәндері кестеде келтірілген:

Ортаның сипаты (ерітінді)

рН шамасы

Концентрация [Н+], моль/л

қышқылдық

<7

>10-7

бейтарап

~7

~10-7

негіздік

>7

<10-7

Ерітіндінің рН-ын білу химиялық зерттеу жұмыстарында, әр түрлі өндірістік процестерде, тірі организмдерде жүретін құбылыстарды түсіндіруде аса қажет. Көпшілік жағдайларда рН-тің дәл мәнін емес, ерітіндінің реакциясы (ортасы) қандай, қышқыл не сілтілік пе – соны сапалық түрде білу жеткілікті, ол үшін индикатор деп аталатын арнаулы реактивтерді қолданады. Сонда индикаторлар сутегі не гидроксид иондары концентрациясына байланысты түстерін өзгертеді. Жиі қолданылатын индикаторлар: фенолфталеин, лакмус, метилқызғылт, метилқызыл.


3.Тұз иондарының полюсті молекуласымен әлсіз электролит түзіп әрекеттесуі тұз гиролизі деп
. Гидролиздену дәрежесі гидролизге ұшыраған молекула санының (n) жалпы еріген молекула санына (N) қатынасын көрсетеді:
h = n / N
Заттың гидролизге ұшырайтын үлесі гидролиз дәрежесі тепе-теңдік константасы мен температура, тұз концентрациясына тәуелді болады.
Сонымен гидролиз процесінің табиғатта, өндірісте, адам өмірінде маңызы зор. Тау жыныстары гидролиз нәтижесінде ыдырайды. Суда тазалауда оның кермектілігін азайту үшін гидролизді қолданады. Тірі ағзада полисахаридтер, ақуыздардың т.б. органикалық заттардың гидролизі үздіксіз жүріп жатады.
Бекіту сұрақтары
1. Сутектік көрсеткішті қалай анықтайды?
2. Тұздар гидролизіне қандай тұздар ұшырайды?
3. Коллоидты ерітінділер дегеніміз не?
Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.13 Тақырыбы: Кешенді қосылыстар


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Кешенді қосылыстар
2.А.Вернердің координациялық теориясы
3.Кешенді қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы.
4 . Кешенді қосылыстардың тұрақтылығы.
Дәріс тезисі
1. Кешенді қосылыстарда атом құрылысы тұрғысынан негізгі валенттілік - ионды немесе ковалентті байланыс, ал қосымша валенттілік – ковалентті байланыстың бір түрі донорлы –акцепторлы механизм арқылы түзіледі. Донорлы – акцепторлы механизм арқылы ковалентті байланыс түзілуі үшін бір элемент атомының бос орбиталі, ал басқа атомның байланыс түзуге қатыспаған жұп электроны болуы тиіс. Жұп электроны бар атом электрондарын бос орбиталі бар атомға беріп байланысады.
Құрамында донорлы – акцепторлық механизм арқылы ең кемінде бір байланысы бар қосылыстарды кешенді қосылыстар деп атайды.
2.Кешенді қосылыстар теориясыналғаш Швейцария химигі А.Вернер (1893ж.) ұсынды және оны координациялық теория деп атады.
Координациялық теорияның негізгі қағидалары
1)Комплексті (кешенді) қосылыстарда оң зарядты ортада орналасқан атом (металл) - комплекс түзуші. Комплекс түзуші (орталық катион) - ваканттық (бос) орбитальдары бар металл катионы. Мысалы,
металдар (d-элементтер): Ag2 , Сu+2, Co+3, Fe+2, Fe+3 , Hg+2, Zn+2, Ni+2, Pt+2 т.б.,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет