1.2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ:мектептің химия, математика және физика пәндері
1.3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:бейорганикалық химия, аналитикалық химия, физикалық химия
2. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
Курс
|
Семестр
|
Дәріс
|
Практика/
семинар
|
Зертхана
лық
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
Бақылау формасы
|
1
|
1
|
20
|
20
|
-
|
20
|
60
|
компьютерлік тест
|
3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырыптар атауы
|
Сағат саны
|
Аптаға сәйкес орындалу мерзімі
|
I
|
1-модуль Химиялық технологияның теориялық негіздері
|
Дәріс
|
|
|
1.1Химияға кіріспе. Атом –молекулалық ілім
|
1
|
1-ші апта
|
1.2 Негізгі стехиометриялық заңдар
|
1
|
1-ші апта
|
1.3 Бейорганикалық заттардың номенклатурасы мен маңызды кластары
|
1
|
2-ші апта
|
1.4 -1.5 Атом құрылысының квантмеханикалық теориясы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы
|
2
|
3-ші апта
|
1.6 Химиялық байланыс және молекуланың құрылысы
|
1
|
4-ші апта
|
1.7-1.8 Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары
|
2
|
5-ші апта
|
1.9-1.10Ерітінділер
|
2
|
6-7-ші апта
|
1.11-1.12Электролиттер ерітінділері
|
2
|
8-ші апта
|
Практикалық(семинар) сабақтар
|
|
|
1.1Атом –молекулалық ілім
|
1
|
1-ші апта
|
1.2 Негізгі стехиометриялық заңдар
|
1
|
2-ші апта
|
1.3 Бейорганикалық заттардың номенклатурасы мен маңызды кластары
|
1
|
2-ші апта
|
1.4 -1.5 Атом құрылысының квантмеханикалық теориясы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы
|
2
|
3-4 -ші апта
|
1.6 Химиялық байланыс және молекуланың құрылысы
|
1
|
4-ші апта
|
1.7-1.8 Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары
|
2
|
5-6-шы апта
|
1.9-1.10 Ерітінділер
|
2
|
6-7 -ші апта
|
1.11-1.12 Электролиттер ерітінділері
|
2
|
8-ші апта
|
Зертханалық сабақтар
|
-
|
|
1 модуль бойынша барлығы
|
24
|
|
1 модуль бойынша бақылау түрі
|
Тест
|
2
|
2 –модуль Химиялық маңызды өндірістер
|
Дәріс
|
|
|
2.1 Кешенді қосылыстар
|
1
|
9-шы апта
|
2.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
1
|
10-шы апта
|
2.3 Металдардың жалпы қасиеттері
|
1
|
10-шы апта
|
2.4-2.5 Бейметалдардың жалпы қасиеттері
|
2
|
11-12-ші апта
|
2.6 Органикалық химияға кіріспе
|
1
|
13-ші апта
|
2.7 Аналитикалық химияға кіріспе
|
1
|
14-шы апта
|
2.8 Қолданбалы химия
|
1
|
15 –ші апта
|
Практикалық(семинар) сабақтар
|
|
|
2.1 Кешенді қосылыстар
|
1
|
9-шы апта
|
2.2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
1
|
10-ші апта
|
2.3 Металдардың жалпы қасиеттері
|
1
|
10-ші апта
|
2.4-2.5 Бейметалдардың жалпы қасиеттері
|
2
|
11-12-ші апта
|
2.6 Органикалық химияға кіріспе
|
1
|
13-ші апта
|
2.7 Аналитикалық химияға кіріспе
|
1
|
14-ші апта
|
2.8 Қолданбалы химия
|
1
|
15-ші апта
|
Зертханалық сабақтар
|
-
|
|
2 модуль бойынша барлығы
|
16
|
|
2 модуль бойынша бақылау түрі
|
Тест
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
40
|
4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:химиялық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттері туралы теориялық білімді тереңдету және алған білімдерін кәсіби саласында практика жүзінде қолдана білуді меңгерту.
5. ПӘН БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
А)химияның негізгі заңдары мен заңдылықтарын, электролиттердің сулы ерітінділері мен тотығу –тотықсыздану процестерін білу;
В)химияның анықтамалары мен заңдарын және формулаларды есептер шығару мен жаттығуларды орындауда қолдану;
С)химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттері өзгеруінің жалпы заңдылықтарын туралы меңгерген білімін болашақ қызметінде талдап қолдана білу
D)химиялық қосылыстардың зертханада және өндірісте алыну жолдарын, олардың практикалық маңызын меңгеру
F) курс бойынша химиялық қосылыстар мен процестердің практикалық маңыздылығын бағалай білу
6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Блум таксоно-миясы деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Синтез
|
Бағалау
|
Оқыту нәтижелері (ОН)
Әлеуметтік-гуманитар
лық және жаратылыс
тану ғылым
дарының әдістерін кәсіби деңгейде қолданады
|
химияның негізгі заңдары мен заңдылық
тарын, тотығу тотықсыздану процестерін білу
|
Химияның заңдары мен формула
ларын есептер шығару мен жаттығу
ларды орындауда қолдану
|
Элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін және бейорганикалық заттар, соның ішінде металдар
дың халық шаруашылығын
дағы практикалық маңыздылығын талдай білу
|
Химияның негізгі заңдары мен заңдылықтары, оларды кәсіби деңгейде қолдану мәселелері бойынша мәнжазбалар жазу
|
Курс бойынша химиялық қосылыстар мен процестердің практикалық маңыздылығын бағалай білу
|
7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Дәріс сабақтары:YouTube каналында бейнедәріс, сұрақ-жауап ZOOM форматында өткізіледі.
Практикалық сабақтарда:ZOOMформатында теориялық сұрақтарды талқылау, жаттығулар орындау, есептер шығару т.б. қолданылады.
8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:
№
|
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы
|
Тапсырма түрі
|
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)
|
Берілген мерзімі
|
Қабылдау мерзімі
|
|
ОСӨЖ тапсырмалары
|
1
|
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын алу жолдары
|
конспект
|
1 апта, сейсенбі
|
2 апта, сейсенбі
|
2
|
Химияның негізгі стехиометрлік заңдары
|
есеп шығару
|
3 апта, сейсенбі
|
4 апта, сейсенбі
|
3
|
Химиялық реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар
|
жаттығулар орындау
|
5 апта, сейсенбі
|
6 апта, сейсенбі
|
4
|
Ерітінділер теориясы
|
жаттығулар орындау
|
6 апта, сейсенбі
|
7 апта , сейсенбі
|
5
|
Электролиттердің сулы ерітінділері
|
жаттығулар орындау
|
7 апта, сейсенбі
|
8 апта, сейсенбі
|
6
|
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру әдістері
|
жаттығулар орындау
|
9 апта, сейсенбі
|
10 апта, сейсенбі
|
7
|
Металдар химиясы
|
презентация
|
11 апта, сейсенбі
|
12 апта , сейсенбі
|
8
|
Химияның даму кезеңдері
|
мәнжазба
|
14 апта, сейсенбі
|
15 апта , сейсенбі
|
|
СӨЖ тапсырмалары
|
1
|
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс
|
жаттығулар орындау
|
2 апта, сейсенбі
|
3 апта, сейсенбі
|
2
|
Химиялық тепе-теңдіктің маңызы
|
конспект
|
4 апта, сейсенбі
|
5 апта, сейсенбі
|
3
|
Тұздар гидролизі
|
баяндама
|
6 апта, сейсенбі
|
7 апта, сейсенбі
|
4
|
Кешенді қосылыстар
|
конспект
|
8 апта, сейсенбі
|
9апта, сейсенбі
|
5
|
Тотығу-тотықсыздану процестерінің маңызы
|
конспект
|
11 апта, сейсенбі
|
12 апта, сейсенбі
|
6
|
Бейметалдар химиясы
|
мәнжазба
|
13 апта, сейсенбі
|
14 апта, сейсенбі
|
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
9.1.1 Тақырыбы: Химияға кіріспе. Атом –молекулалық ілім
Сағат саны1
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Химия пәні және оның міндеттері.Химия ғылымы, даму кезеңдері.
2. Химияның қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешудегі маңызы
3. Жай зат және химиялық элемент.
4. Атомдық және молекулалық массалар. Моль.
Дәріс тезисі
Химия ғылымы заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және олардың басқа заттарға айналу процестерін зерттейді. Химия обьективті ортаны материяны, қозғалысты және олардың бірлестігін зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі.
Атом-молекулалық ілімнің негізін алғаш рет Ломоносов қалаған. Оның ұсынысына сай барлық заттар физикалық бөлінбейтін және өзара біріге алатын бөлшектерден тұрады. Заттардың қасиеттері осы бөлшектердің қасиеттерімен анықталады.
Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары:
1. Заттар молекулалардан, ал молекулалар атомдардан тұрады.
2. Атомдар жөне молекулалар үздіксіз козғалыста болады.
3. Химиялык реакциялар кезінде молекулалар бұзылады, ал атомдар сакталады.
4. Бір элемент атомдары өзара бірдей, бірак кез келген басқа элемент атомдарынан өзгеше болады. Сол сиякты бір зат молекулалары өзара бірдей, ал басқа заттың молекуласынан өзгешелігі бар.
Атомдар — заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшектері. Атомдар өзара бірігіп молекула түзеді. Молекулалар атомдарға ыдырайды.
Сонымен, молекуладегеніміз- заттың химиялық қасиеттерін ие болатын ең кіші бөлшегі,
атом –элементтің химиялық қасиетіне ие болатын ең кішкене бөлшегі.
Заттар 2 жіктеледі: жай және күрделі.
Жай зат бір элементтің атомдарынан түзілген заттар жай заттар деп аталады. Мысалы, H2,CІ2,Na,O2,N2
Химиялық элемент нақты бір қасиеттер жиынтығына ие атомдар түрі. Химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде кездесуі аллотропия деп аталады. Бір элементтен түзілген жай заттар осы элементтің аллотропиялық түр өзгерісі деп аталады.
Әртүрлі элементтердің атомдарынан түзілген заттар күрделі заттар деп аталады. Мысалы,CuO, КОН, КСІ , H2SO4қант, су, сода .
Атомныңеңмаңыздыкөрсеткіштерініңбіріоныңмассасы. 1 массаның атомдықбірлігі (1а.м.б.) 1,66* 10-27кгтең.Ar(O)=26,60*10-27/1,66*10-27=16
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы деп оның атом массасының 12С атомы
массасының 1/12 бөліігне қатынасын айтады.
Моль депкөміртекизотопының (12С) 12г болатын атомдар санына тең молекулалар, атомдар, электрондар, иондар немес басқа да құрылымдық бөлшектерден тұратын зат мөлшері.
Зат массасының оның мөлшеріне қатынасы заттың молярлық массасы деп аталады, г/моль. М = m / n,
Бекіту сұрақтары
Химия ғылымының қолданбалы мәселелері қандай?
Химияның негізгі түсініктерінің анықтамаларын келтіріңіз
Мольдің анықтамасы. Авогадро саны
Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б
9.1.2 Тақырыбы: Негізгі стехиометриялық заңдар
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Стехиометриялық заңдар: зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы.
2.Авогадро заңы, эквиваленттер заңы. Эквивалентің молярлық массасы.
Көлемдік қатынас заңы
3. Газ заңдары. Менделеев –Клапейрон теңдеуі. Идеалды газ тұрақтысы
4. Газдың молекулалық массасын анықтау әдістері
Дәріс тезисі
Заттар массасының сақталу заңы. 1748 ж Ломоносов
Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады.
Атом –молекулалық ілім тұрғысынан қарағанда бұл заңды былай түсіндіруге болады. Реакцияға қатысқан заттардың құрамында қандай атомдар қанша мөлшерде болса, реакция нәтижесінде шыққан заттардың құрамында сондай атомдар сонша мөлшерде болады.
Мысалы: 4P+5O2=2P2O5; 4*31+10*16=4*31+10*16 284=284
Құрам тұрақтылық заңы:Заттар массасының сақталу заңы заттың сандық құрамын зерттеуге негіз салды. Егер реакцияға қатысқан және реакция нәтижесінде шыққан заттардың массасы тұрақты болса, сол заттардың сандық құрамы да тұрақты болу крек деген пікір туды. Көптеген зерттеулер химиялық таза заттардың сапалық және сандық құрамы тұрақты болатынын көрсетті.
Қандай жолмен алынса да су молекуласының құрамында 11,2%сутек,88,8% оттекболады. Кейінгі зерттеулер құрамы тұрақты қосылыстармен қатар құрамы өзгермелі қосылыстар да бар екенін көрсетті. Құрамы тұрақты қосылыстар дальтонидтер (H2OHCІ CH4 т.б) құрамы өзгермелілер бертоллидтер деп аталады. Мысалы титан оттекпен бірнеше оксидтер түзеді: ТіО 1,46-1,56, және ТіО1,9-2,0
Еселік қатынас заңы.Егер екі элемент бір-бірімен өзара бірнеше химиялық қосылыс түзсе, онда бір элементтің массасы осы қосылыстардағы екінші элементтің массаларының қатынасы бүтін сандардың қатынасындай болады.
SO SO2 SO3 1 : 2 : 3
Элементтің химиялық эквивалентідегеніміз сутек атомдарының 1 молімен қосылатын немесе осы мөлшерін қосылыстан ығыстратын мөлшерін айтады.
Күрделі заттың эквиваленті деп сутектің бір эквивалентімен немесе кез келген басқа заттың бір эквивалентімен қалдықсыз әрекеттесетін мөлшерін айтады.
Эквиваленттік масса дегеніміз заттың 1 эквивалентінің г/мольмен алынған массасы. Эквиваленттік массаның Э, атомдардың массасының (А) және элементтің валенттілігінің (В) арасындағы байланысты мына формула көрсетеді. Э = A/B,
ЭNa=23 г/моль/1=23г/моль ; ЭCa= 40 г/моль /2 = 20 г/моль.
Эквиваленттер заңы былай айтылады: заттар бір-бірімен олардың эквивалентіне пропорционалды мөлшерде әрекеттеседі.
Басқаша тұжырымдамасы: Бір-бірімен әрекеттесетінзаттардың массалары (көлемдері) олардың эквиваленттік массаларына (көлемдеріне) пропорционал болады.
Мысалы: сутек атомдарының 1 г/молі натрийдің 23г/молімен, сутек атомдарының 2г/молі натрийдің 46г/молімен әрекеттеседі.
Көлемдік қатынас заңы: реакцияға түсуші газдар көлемдерінің бір-біріне және реакция нәтижесінде түзілетін газ тәріздес өнімдерінің көлемдеріне қатынасы кішкентай бүтін сандардың қатынасындай болады.
Мысалы, сутектің 2 көлемі оттектің 1 көлемі әрекеттескенде 2 көлем су буы түзіледі.
Авогадро заңы. 1811 жылы итальян физигі А. Авогадро реакцияласушы газдардың көлемдерінің арасындағы қарапайым қатынасты түсіндіру үшін өзінің ғылыми жорамалын ұсынды.
Бірдей жағдайдағы (бірдей температура мен қысымда) әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны да бірдей болады.
Авогадро заңынан мынадай салдар шығады. Сонымен, кез келген газ молі қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алады.
Газдың молекулалық массасын келесі әдістермен анықтауға болады:
Авогадро заңы бойынша бірдей температура мен қысымда алынған газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады. m1/m2 = M1/M2
Бірдей көлемде, бірдей температуада және бірдей қысымда алынған берілген газ массасының басқа газ массасына қатынасы бірінші газдың екінші газ массасына қатынасы бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы деп аталады
Газдардың молекулалық массасын салыстырмалы тығыздығы арқылы анықтауға болады: D = M1 / M2 немесе M1= D M2
Менделеев - Клапейрон теңдеуі бойынша анықтауға болады.
Бойль - Мариотт заңы. Бұл жағдайда (қысым және көлем тұрақты) болғанда берілген газдың мөлшері оның қысымына кері пропорционал болады.
P2 / P1 = V1/ V2
Гей – Люссак заңы
Тұрақты қысымда газдың осы массадағы көлемі оның абсолюттік температурасына тура пропорционал тәуелділікте болады.
V1 = T1
V2 T2
Менделеев - Клапейрон теңдеуі:Осы газ заңдарын біріктіріп, идеал газ күйінің теңдеуі -Менделеев-Клапейрон теңдеу алынған. Бұл заң газдардың көлемі, қысымы, температура байланысын көрсетеді. Сондықтан бұл заң біріккен газ заңы деп аталады:
PV= m / M*RT
Универсал газ тұрақтысы R = 8,31 4 Дж(моль К)
Бекіту сұрақтары
1.Химиялық қандай стехиометрлік заңдары бар?
2. Зат массасының сақталу заңының маңызы
3. Газ заңдарының формулалары қандай?
4. Менделев-Клапейрон теңдеуі неге біріккен газ заңы деп аталады?
Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б
9.1.3 Тақырыбы: Бейорганикалық заттардың номенклатурасы мен маңызды кластары
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Металдар мен бейметалдар. Оксидтер, жіктелуі мен химиялық қасиеттері.
2.Негіздер,жіктелуі мен химиялық қасиеттері.
3.Қышқылдар, жіктелуімен химиялық қасиеттері.
4.Тұздар, жіктелуі мен химиялық қасиеттері.
Дәріс тезисі
Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жайзаттар металдар және металдар еместер болып бөлінеді.
Сонымен қатар, бейорганикалық қосылыстар өздерінің құрылысы мен жалпы ұқсас қасиеттеріне қарай 4 негізгі кластарға бөлінеді: оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар.
Оксидтер дегеніміз екі элементтен тұратын оның бірі оттегі болатын күрделі заттар. Бинарлық қосылыстардың ішінде кең тарағандары – оксидтер. Функционалдық белгілеріне сәйкес оксидтер тұзтүзетін және тұзтүзбейтін деп бөлінеді. Тұзтүзетін оксидтер негіздік, қышқылдық және амфотерлік болып жіктеледі.
Қышқылдармен (немесе қышқылдық оксидтермен) әрекеттесіп, тұз түзетін оксидтер негіздік деп аталады. Суды қосып алып (тікелей немесе жанама), негіздік оксидтер негіздерді түзеді. СаО +Н2О→Са(ОН)2
Негіздермен (немесе негіздік оксидтермен) әрекеттесіп, тұз түзетін оксидтер қышқылдықдеп аталады. Суды қосып алып (тікелей немесе жанама), қышқылдық оксидтер қышқылға айналады. SO3 + H2O = H2SO4
Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұз түзетін оксидтер амфотерлікдеп аталады. Ондай оксидтерге мысалы, Al2O3, ZnO, PbO, Cr2O3 жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |