1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет4/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

4. Тұздарға ерітінділерінде сутек ионынан басқа оң зарядталған иондар мен гидроксид-ионынан басқа теріс зарядталған иондар түзетін заттар жатады. Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл басу арқылы түзілген өнім немесе негіздегі гидроксотоптың орнын қышқыл қалдығы басудың өнімі ретінде қарастыруға болады. Толығымен орын басу жүрсе, орта тұздар пайда болады.
Қышқылдағы сутегі атомы орны толық басылмаса қышқыл тұздар, ал негіздегі гидроксоптың толық басылмауы жағдайында негіздік тұздар түзіледі.
Тарихи қалыптасқан дәстүр бойынша хлор (HClO4), йод (HIO4) және марганец (HMnO4) қышқылдары тұздарының атаулары ерекше беріледі: олар сәйкес перхлораттар, перйодтар және перманганаттар деп аталады.
Бекіту сұрақтары

  1. Заттар қалай жіктеледі?

  2. Бейорганикалық қосылыстар қалай жіктеледі?

  3. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының анықтамасы мен мысалдар келтіріңіз

  4. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының алыну әдістерін жазыңыз

Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.4 Тақырыбы: Атом құрылысының квантмеханикалық теориясы


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Атом құрылысы туралы квантты – механикалық түсінік.
2.Атомдағы электронның энергетикалық күйі. Квант сандары. Бас квант саны. Орбитальдық квант саны. Электрон бұлттарының пішіндері. Магнит және спин квант сандары.
3.Көп электронды атомдар. Паули приципі. Атомдардың электрондық құрылымы және элементтердің периодтық жүйесі.
Дәріс тезисі
1.1903 жылы ағылшын ғалымы Дж.Томсон атом құрылысының электрондық иондық теориясын ұсынды. 1911 жылы ағылшын ғалымы Резерфорд атом құрылысының ядролық теориясын ұсынды. 1912 ж. дат физигі Н. Бор бұл мәселені қозғалыс кезінде электрондар энергия шығармайтын стационар орбиталар көмегімен шешуді ұсынды.Дат ғалымы Нильс Бор 3 постулатын ұсынды.
Атомоң зарядталған ядро мен теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек
Электрон бұлты – ядро айналасындағы кеңістікте электрондардың болу ықтималдығы көп аймақ. Электрон бұлтын атом орбиталі деп те атайды . Атом орбиталі ұяшық түрінде белгіленеді.
2. Электронның атодағы күйін 4 квант сандары сипаттайды.
1.Бас квант саны n.-е-ның ядродан қашықтығын,энергиясын анықтайды,яғни энергиялық деңгейін анықтайды.
Орбиталь квант саны электронның энергиялық күйін және орбитальдарының пішінін көрсетеді. Квант механика есептеулеріне қарағандаs-орбиталь шар тәрізді,p-орбиталь гантель тәрізді d , f-күрделі гантель тәрізді.
Магнит квант саны электрондардың кеңістікте орналасуын ситаттайды.
Спин квант саны (ms)- электронның өзінің жеке импулсьтік моментін сипаттайтын кванттық қасиеті, электронның өз осінен айналуын сипаттайды ол электронның кеңістіктегі қозғалысына байланысты емес.
3. Электрондардың атомдарда орналасуының ережелері мен принциптері:
Клечковский ережесі (Ең аз энергия принципі)
Электрондар атомдық орбитальдарда бас және орбиталь квант сандарының қосындысы
п + І өсу ретімен орналасады, егер п + l қосындысы тең болса, электрон l мәні жоғары орбитальға орналасады.
Электрондық формулаларды графикалық түрде де кескіндейді. Ол үшін әр орбитальді клеткамен белгілеп, әр клеткаға спиндері қарама-қарсы екі электрондардан Хунд ережесі бойынша орналасады.
Белгілі бір орбиталь квант санының мәні үшін атомдарда электрон спин квант сандар қосындысы максимал болатындай орналасады, басқаша айтқанда орбитальдарға алдымен бір электроннан, сонан соң екі электроннан орналасады.
1) Паули принципі. Атомда төрт квант саны бірдей электрондар болуы мүмкін емес, бір орбитальда екі электроннан артық орналаспайды және олардың спиндері әртүрлі болуы керек.
Бекіту сұрақтары

  1. Атом құрылысының күрделілігін түсіндіріңіз

  2. Бор постулаттарын келтіріңіз

  3. Квант сандарына сипаттама беріңіз

Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.5 Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.
2. Элементтердің периодтық жүйесі.
3.Периодтық жүйенің топтары мен периодтары бойынша элементтердің маңызды қасиеттерінің өзгерісі.Атомдар мен иондардың қасиеттерінің периодты өзгеруі.
4.Иондану энергиясы және электрон тартқыштық. Электртерістілік.
Дәріс тезисі
1. Д.И. Менделеев 1869 жылы периодтық заңды тұжырымдады: «Элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық және физикалық қасиеттері элементтердің атомдық салмақтарына периодты түрде тәуелді болады» . Элементтер қасиеттері периодтылығының мәні:Атом құрылысының ашылуы элементтін қасиетін оның атомдық массасы емес, ядросының заряды көрсететіні дәлелденді, себебі элемент атомының периодты жүйедегі орны электрондық құрылысы оң зарядты ядроға тәуелді, ядро заряды қанша болса, сонша теріс электроны болады, соған байланысты Менделеевтің заңына жаңаша анықтама беріледі:
Химиялық элементтердің қасиеттері және олардың қосылыстарының пішіні мен қасиеттері атом ядросы зарядының өзгеруіне периодты тәуелді болады.
Периодтық жүйе жеті периодтан, сегіз топтан тұрады. Период нөмірі элемент атомдарындағы энергетикалық деңгейлер санына тең болады.
2. Барлық периодтар (біріншіден басқа) сілтілік металдардан басталып инертті газдармен аяқталады (ns2 np6). Металдық қасиеттер элемент атомдарының электрондарды жеңіл беру қабілетімен, ал бейметалдық қасиеттер атомдардың электрондарды қосып алып, деңгейшелерін аяқтап тұрақты күйге ұмтылу қабілетімен сипатталады.
Сонымен, периодтарда солдан оңға қарай сырқы деңгейдегі электрондар сандары артып, атомдық радиусы кішірейтіндіктен бейметалдардың тотықтырғыш қасиеттері күшейеді. Топтарда валенттік электрондары бірдей элементтер орналасады, олар (А), (Б) топшаларына бөлінген.А - топшасы валенттік электрондары сыртқы ns- және np-деңгйшелерде орналасқан үлкен және кіші периодтың элементтерінен тұрады.Б- топшасы үлкен период элементтерінен тұрады.
Бейметалдардың тотықсыздандырғыш қасиеті металдан гөрі әлсіз, мына қатарда кемиді:О СІ N I S C P H B Si
Металдар Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің І-ІІІ топтарында және барлывқ қосымшаларда орналасқан. Периодтық жүйеде бор элементінен астатқа қарай диагоноль жүргізілсе, оң жақтағы бұрышта бейметалдар, төмегі сол жағында металдар орналасады.
Иондану энергиясы (I) – қалыпты жағдайда тұрған атомнан(немесе ионан) электронды үзіп алуға қажет энергия . Периодтарда реттік номерінің артуымен иондану энергиясының артуы байқалады: период соңында инертті газдарда максимал мәнге жетеді. Бұл құбылыс осы бағыттағы ядро мен электрондардың байланысының артуына байланысты.
Электртерістілік (ЭТ) химиялық байланыс түзілу кезінде атомдардың басқа атомдардан электронды өзіне тарту қабілетін айтады.
Бекіту сұрақтары

  1. Д.И.Менделеевтін периодтық заңының анықтамасы

  2. Периодтық жүйеде элементтерді қасиеттері қалай өзгереді?

  3. Иондану энергиясы, электртерістіліктің анықтамасы

Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.6 Тақырыбы: Химиялық байланысжәне молекуланың құрылысы


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Химиялық байланыс түрлері
2. Коваленттік байланыс. Полярсыз және полярлы коваленттік байланыс. Коваленттік байланыстың түзілу әдістері.
3. Иондық байланыс.
4. Сутектік және металдық байланыс.
Дәріс тезисі
1. сыртқы деңгейінде, инерттті газдардағыдай, сегіз электрондық тұрақты қабат түзіледі.
Байланыстың 4 түрі анықталған: ковалентті, иондық, металдық және сутектік.
2. Екі атомға ортақ электрон жұбының түзілуі арқылы жүзеге асатын байланыстыБірдей атомдар немесе химиялық қасиеттері ұқсас атомдар атомдық немесе химиялық ковалентті байланыс түзеді. Химиялық ковалентті байланыс полюссіз және полюсті болып екі топқа бөлінеді.
Электртерістілігі бірдей атомдар әрекетттескенде полюссіз ковалентті байланыс түзіледі. Мысалы, Ғ2, Н2СІ2 О2 Оларда ортақ электрон жұптары атом ядроларынан бірдей қашықтықта орналасады. Оттек молекуласын түзілуіне оның әр атомы екі дара электроннан жұмсайды. Сондықтан оттек молекуласындағы атомдардың арасында екі қос электрондық химиялық байланыс түзіледі. Азот молекуласы түзілу үшін оның әрбір атомы үш дара электроннан жұмсайды. Азот молекуласындағы атомдардың арасында үш жұп электроннан тұратын химиялық байланыс түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет