1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет19/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

Дәріс тезисі
. Қоғам дамуының қазіргі таңдағы күйі өміріміздің барлық салаларына химияның енуімен сипатталады. Бүгінгі таңда адамзат жаңа технологиялар бойынша жасап шығарылған препараттар және материалдармен жиі кездеседі. Бұл жағдай ғылыми-техникалық прогреспен байланысты және адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартады. Сондықтан бүгінгі таңда қоғамның әрбір мүшесі химиялық препараттарды дұрыс қолдану мүмкіндігін пайдалана білуі қажет. Бұл өнімдерді қолдануда олардың қасиеттерін, тигізетін әсерін жете түсінбеушілік көптеген қиындықтар тудырады, бұл әсіресе тағамдар дайындауда және қоршаған ортаны ластау туралы сөз қозғағанда байқалады. Химияландыру қажет, алайда оны дамытуды химиялық білімнің негіздеріне сүйеніп жасау керек. Қоғамда қойылып отырған талаптар мен туындаған қиыншылықтардың химиямен байланысын терең көрсету қажет. Осыған байланысты химияның қолданбалы мәселелерін зерттеудің маңызды екені туындайды.
Қолданбалы химия – көп салалы, сондықтан сәйкес келетін пәнді анықтау оңайға түспейді. Курс негізгі төрт бөлімнен тұрады:
1. Энергетиканы химияландыру;
2. Материалдарды жасау мен оларды пайдаланудың химиялық негіздері;
3. Азық-түлік мәселелерін шешудің химиялық аспектілері;
4. Тұрмыстық сфераны химияландыру.
Энергетиканы химияландыру-адамдардың материалдық, ал соңында рухани мәдениеті деңгейі олардың бойындағы энергия мөлшерімен тікелей байланыста болады. Кенді қазу және одан металды балқытып алу үшін, үй салу үшін, кез-келген затты алу үшін энергия жұмсалуы қажет. Адамдардың қажеттілігі арта түседі және олардың саны да артады. «Энергетика» түсінігіне адамзат қоғамының қажеттілігіне жұмсалатын әртүрлі энергия түрлерінің қолданылуы мен алыну әдістері кіреді. Энергетика немесе отын-энергетикалық кешен – қазіргі заманғы қоғам дамуы негіздерінің бірі; экономикалық, техникалық және әлеуметтік міндеттерді шешу тиімділігі көптеген жағдайларда энергетикалық шикізаттардың ауқымдылығымен және энергияның өңделуімен анықталады. Энергия қуаты – қоғам дамуының көрсеткіші. Тұрақты даму үшін тұрақты энергия шикізаттары қажет. Материалдарды жасау мен оларды пайдаланудың химиялық негіздері: әртүрлі материалдардың біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Көптеген заттар адамзат қауымымен игерілген және пайдаланылған заманда (мысалы, таза және аса таза металдар, қасиеттері есептелген әртүрлі құймалар, өткізгіштер, жоғары өткізгіштер, магнитті материалдар, құрылыс, оптикалық, полимерлі, керамикалық материалдар, әртүрлі қаптамалар, жағар май материалдары және көптеген т.б.) берілген қасиеттерімен материалдар жасау мәселесі тұр. Сонымен қатар, әртүрлі материалдарды пайдаланудың экологиялық аспектісі өте маңызды болып табылады. Мысалы, көптеген табиғи материалдардың тапшылығы полимерлер өндірісінің дамуына септігін тигізді. Полимерлер туралы ғылымның дамуына байланысты ертеде мәлім емес кешенді қасиеттері бар материалдар алу мүмкіндігі пайда болды. Қажетті физикалық, химиялық, механикалық және электрлік қасиеттері бар жаңа полимерлі материалдар болмаса, ғарыштық техника, радиотехника, электроника және т.б. салалардағы көптеген жетістіктерге жету мүмкін емес еді.
Азық-түлік мәселесін шешудің химиялық аспектілері: химия ауыл шаруашылығы арқылы жанама түрде де және тікелей де азық-түлік мәселесін шешуге әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылығын химияландырусыз қазіргі заманғы қоғамның дамуы мүмкін емес. Мал жайылымы мен ормандары бар жер қыртысы топырағының құнарлылығын сақтау – қоғамның тұрақты дамуының негізгі кепілі. Топырақ экожүйесіне антропогенді әсердің негізгі факторы минералды тыңайтқыштарды қолдану болып табылады. Көптеген жағдайларда қазіргі таңдағы ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді минералды тыңайтқыштарды қолданумен байланыстырады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында пестицидтер – өсімдіктерді арам шөптерден, әртүрлі аурулардан және т.б. сақтайтын химиялық құралдар кеңінен қолданылады..
Тұрмыс сфераларын химияландыру: адам қызметі мен өмірінің барлығы да, олардың денсаулығы, тамаөтануы, киімі, тұрмысы химиялық өнімдермен тығыз байланыста. Бұлар сабын мен синтетикалық жуғыш заттар, залалсыздандыру құралдары, тазалағыш заттар, гигиена құралдары, лактар, бояулар, желімдер. Қазіргі таңда адамзат қауымы химия өнеркәсібінің кем дегенде 1 млн.ға жуық өнімін қолданады. Алайда, тұрмыстық химияның өнімдерін қолданғанда, міндетті түрде тек өз жағдайы мен қауіпсіздігін ғана ойлап қоймай, қоршаған орта жағдайын да ұмытпау қажет. Статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі таңда тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі 6-8 жыл ішінде екі есеге артқанын көрсетеді.
Химияның медицинамен де байланысы өте тығыз. Әртүрлі дәрілік құралдардың орасан көп мөлшері (12 мыңнан астам) көптеген химиялық қосылыстар болып табылады. Химиктер дәрігерлермен, микробиологтармен және фармацевтермен бірлесе отырып, медицинада қолданылатын көптеген табиғи қосылыстардың құрылысын ғана анықтап қоймай, сонымен бірге кейбірінің алыну жолдарын да көрсете білді. Сонымен қатар, химиктер табиғи қосылыстардан өзгеше, алайда қасиеттері жағынан олардан тиімдірек қосылыстар алуды бастады. Табиғатқа таныс емес, көптеген ауруларға ем болатын жаңа дәрілік препараттар алынды. Дәрі-дәрмектер әртүрлі болады. Қанша ауру болса, сонша дәрі бар. Бір ауруды көптеген дәрілермен емдейтін жағдайлар жиі кездеседі. Дәрі-дәрмек құралдарын оның негізгі емдік әсеріне қарай: микробқа қарсы, жүректің, антигистаминдік, психофармакологиялық препараттар болып жіктеледі.
Қорыта келе, адамдардың негізгі талаптарын қанағаттандыру үшін және өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін химияның қосатын үлесі орасан екенін атап айтуға болады.
Бекіту сұрақтары

  1. Химияның колданылу салаларын атаңыз

  2. Энергетиканы дамытудағы химияның ролі қандай?

3. Химиялық заттар мен материалдар дайындаудағы химияның ролі қандай?
4. Азық-түлік мәселелерін шешудегі химияның маңызы қандай?
5. Тұрмыста қолданылаты қандай химиялық заттарды білесіз?
Әдебиет
1.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
2.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет