1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет16/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#88977
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
Силл. Химия кіріспе ХБ

Гидрометаллургия әдісі бойынша әртүрлі заттармен әрекет етіп (KCN,H2SO4) кендегі металды ерітіндіге көшіреді де, сонан кейін металды басқа актив металмен ығыстыру арқылы немесе электролиз жолымен бөліп алады. Гидрометаллургия әдісімен күмісті, мырышты, кадмийді, молибденді, уранды бөліп алады.
Электрометаллургия әдісі бойынша балқыған хлоридтерінен, оксидтерінен, гидроксидтерінен тұрақты электр тоғының жәрдемімен өте актив металдарды, сілтілік, сілтілік жер металдарын, алюминийді катодта алады.
Коррозия деп металдардың өзін қоршаған ортамен химиялық немесе электрохимиялық
жолмен әрекеттесуі нәтижесінде бүлінуін айтады. Коррозия гетерогендік тотығу-
тотықсыздану реакциясына жатады.
Металдар бүлінуінің механизміне қарай коррозияны химиялық және электрохимиялық деп екі топқа бөледі.
Бекіту сұрақтары

  1. Металдарға ортақ қасиеттерді атаңыз

  2. Металдардың Қазақстанда қандай кен орындары бар?

  3. Металдардың зертханалық және өндірістік алыну жолдары қандай?

  4. Бекетовтың электрокернеу қатары бойынша металдардың химиялық қасиеттерін түсіндіріңіз

  5. Ақтөбе облысында қандай кен орындары бар?

Әдебиет
1.Жалпы химия: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.27 басылым./С.С.Бабкинаның басшылығымен редакцияланған-Techmith баспаханасы, 2018 ж.-208 бет
2.Керімбаева К.З. Жалпы химия: Оқу құралы. Қарағанды: «Medef Group»,2019ж.120 б https://aknurpress.kz/reader/web/12309.
3.Тугелбаева Л.М., Рыскалиева Р.Г., Ашкеева Р.К. Жалпы химия. Оқу құралы. «Қазақ университеті» баспасы. Алматы, 2013- 152 б

9.1.16-9.2.17 Тақырыбы:Бейметалдардың жалпы қасиеттері


Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Бейметалдардың жалпы сипаттамасы
2. Бейметалдардың физикалық қасиеттері
3. Бейметалдардың химиялық қасиеттері
4. Бейметалдардың практикалық маңызы
5. Биогенді элементтер
Дәріс тезисі
1.Бейметалдар сутек, бор, көміртек, кремний, азот, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер мен асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы.
Периодтық жүйеде бейметалдар бор элементінен астатка дейін шартты түрде жүргізілген көлденең сызықтың оң жақ жоғарғы жағында негізгі топшаларда орналасқан.
Периодта бейметалл элемент атомының ядро заряды біртіндеп өседі де, атом радиустары кішірейеді, сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады.
Бейметалдардың физикалық қасиеттері

  • жылу өткізбейді (тек графит):

  • электрөткізгіштік байқалмайды (тек графит және қара фосфор):

  • жылтыры жоқ, созылмайды:

  • суда нашар ериді:

  • түрлі түсті: сары, сары-жасыл, қызыл-қоңыр.

  • агрегаттық күйлері әртүрлі:

    • газ тәрізді (H2, O2, Cl2 ,F2, O3)

    • қатты (Р, С, I,Si,S)

    • Сұйық (Br2)

Кристалл торларының түйіндерінде атомдар орналасқан бейметалдар
қатты күйінде , ал молекулалық кристалдық торлы заттар газ күйінде
болады. Мысалы, 02, Н2, N2, Сl2 т. б.
Бейметалдар табиғатта бос күйінде де (S, 02, Н2 т.б.), көпшілігі қосылыстар күйінде кездеседі. Бейметалдар табиғатта кең таралған. Ауа құрамының 78% азот газы, 21% оттегі газы құрайды. Жер қыртысының 75% құрайтын бейметалдар кремний мен оттегі. Гелий мен сутек ғаламдағы ең кең таралған элементтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет