1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет35/67
Дата07.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#96384
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
Тарих, Педагогика Филфак Силлабус-2020-Руханият (1)

Дәріс тезисі
Қазақтың сан ғасырлық тарихында ерекше әріптермен жазылған Алаш қозғалысы. Ол тарихи – саяси құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени – рухани даму жолын жаңа жолға бағыттады. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, білім мен мәдениет сатысына көтерілгендігін ерекшелей отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына күш жұмсаған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш зиялылары ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі мәселерді көтерді.
«Алаш» идеясы - халықтың рухани-танымдық құндылықтары мен тәлім-тәрбиелік ұстанымдарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегіқазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласуы.
ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр басындағы әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ зиялыларының басты көзқарасына айналуы. Ұлттық ояну ұраны. Алаш ұранды әдебиеттің көркемдік-эстетикалық жүйесі. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы.
Қазақ тіл білімі мен әдебиеті теорясының негізін қалаушы ғалым, ұлттың «рухани көсемі» атанған Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұраларын зертеудің маңызы. Ә.Бөкейханов – ұлтымыздың өткен-кеткенін терең білімпаздықпен саралап барып, өз заманына, әсіресе ХХ ғасырдың басындағы ұлт тағдырына ерекше алаңдаушылық білдірген тарихи тұлға
Бекіту сұрақтары:

  1. А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ графикасы қай жылы қабылдады?

  2. Ә.Бөкейхановтың сыншылдық көзқарасын танытатын антикеңестік үндеулер қандай еді?

  3. Қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған ең танымал ақын кім?

Әдебиет

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Ұлттық рухтың ұлы тіні / - Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы: Ана тілі; 1992 –448 б.

  2. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы. 1992

  3. Сеңкібаев С. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында. – А. 1997.

  4. http://lib.tarsu.kz/rus/all.doc/Elektron_res/PPS/Ybyraiym_hazah_jazui.pdf



Тақырыбы: Қ.Жұбановтың қоғамдық-ағартушылық қызметі мен ғибратты ғұмыры.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Қ.Жұбановтың өмірі мен қызметі.

  2. Профессор Қ.Жұбанов – сан қырлы талант иесі.

  3. Жұбановтану мұрасының зерттелуі мен зерделенуі.

  4. Жұбановтар әулеті.

Дәріс тезисі
Қ.Жұбанов қазақ өркениетінде Абай Құнанбаев, Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы тұлғалардың есімдерінің сақталуына да күш салуы. 1930-жылдары таптық әдебиет тұрғысынан Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасына үстем тап өкілінің шығармашылығы ретінде қараған кейбір теріс ықпалды көзқарас туған уақытта алғашқылардың бірі болып, «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты зерттеуін жазды, сөйтіп, классик ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихындағы орнын тұғырлы түрде танытып берді. Қожа Ахмет Яссауи сопылық идеясының жоғары рухтық, патриоттық негізін «95-толғау туралы» еңбегінде жан-жақты талдап көрсетті.
Европалық мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, ғалымдарының зерттеулерін де талдап отырады. Қ.Жұбанов – халықтың білімін көтеріп, сауаттандырумен байланысты жүзеге асырылатын жаңа алфавитке (латындандыру) көшуге қатысты Бүкілодақтық орталық комитеттің белсенді мүшесі болды. Әсіресе, тап осы тұста да Қ.Жұбановтың еңбегі өте ерекше болды. Ол қазақ алфавитін латынға көшіру жобасына байланысты көптеген ғылыми бағдарламаларды дайындайды, латындандыруға қатысты бұрын ұсынылған нұсқаларға нақты сын-ескертелер береді және бұл жобада мақсатқа жету жолындағы ұсыныстарын енгізді. Осы орайда айта кету керек, бүгінгі таңда алға қойылып отырған қазақ елін латындандыруға көшіруде оның идеялары әлі де құнды болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет