1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет32/67
Дата07.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#96384
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Байланысты:
Тарих, Педагогика Филфак Силлабус-2020-Руханият (1)

Бекіту сұрақтары:

  1. Руникалық жазбалар дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Тасқа қашалып жазылған жәдігерлердің тарихи құндылығын қалай дәлелдеуге болады?

  3. Күлтегін жазбалары – түркі халықтарының баға жетпес мұрасы дегенді қалай түсінесіздер?

Әдебиет

  1. Қыраубаева Алма. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі, 1991. 2-басылымы / Баспаға әзірлеген: Н. Мәтбек. – А., 2013. – 374 бет. 

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Том 2. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет. Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. – 526 б.

  3. Келімбетов Немат. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: «Ана тілі», 1991. – 264 б.

  4. https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d9c/d9c82850e147c5a1151b07db6cf24ecd.pdf&ln=kz



Тақырыбы: Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки мұрасындағы түркілік таным
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Әбу-Насыр әл Фарабидің «Риторика» трактатында айтылған ой-тұжырымдардың құндылығы.

  2. Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліг» жинағындағы шешендік шеберлік.

  3. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы даналыққа құрылған қазына.

  4. Қожа Ахмет Яссауидің ғибратқа толы толғаулары.

  5. Ахмет Югнакиде дала табиғатына лайық ой-пікірлері.

Дәріс тезисі
Ортағасырлық Түркі ғалымдары мен ойшылдары мұрасындағы адамдарды рухани тазалыққа, имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, өмір бойы жете түсуге, дін ережелерін меңгеруге, мейірімділікке, қанағатшылдыққа шақыру идеясы. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми-әдеби мұрасы. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның еңбектері.
Күншығыс елінің рухани ұстазына айналған ақын, ойшыл, ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы, әдеби мұрасы. «Диуани Хикмет» дастанындағы жомарттық, қанағат, достық, сүйіспеншілік, ғылым-білім, адал еңбек, бейбітшілік, жақсылық пен жамандық, əділетсіздік, көрсеқызарлық, адамзаттың асыл арманы. Ясауи хикметтерінің тағылымдық мәні.
Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі. Оның тіл, әдебиет, тарих, заң, мемлекеттік басқару жүйесі, пәлсапа, космология, гносеология, этика салаларын қамтитын «Құтты білік» дастаының құндылығы.
Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық дастанының тақырыбы мен идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» – fқын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы.
Бекіту сұрақтары

  1. Әбу-Насыр әл Фарабидің әлемдік өркениет пен мәдениетте алатын орны?

  2. «Қорқыт ата» кітабы және Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері туралы не білесіздер?

  3. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбиелік идея туралы қандай ой айтылған?

Әдебиет

  1. Қыраубаева Алма. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі, 1991. 2-басылымы / Баспаға әзірлеген: Н. Мәтбек. – А., 2013. – 374 бет. 

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Том 2. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет. Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. — 526 б.

  3. Келімбетов Немат. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: «Ана тілі», 1991. – 264 б.

  4. https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d9c/d9c82850e147c5a1151b07db6cf24ecd.pdf&ln=kz



Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Жыр, жырау, толғау деген сөздердің мағыналық байланысы мен ерекшеліктері.

  2. Жыраулар поэзиясындағы дидактикалық толғамдар.

  3. «Көшпенділер философы» Асан қайғының толғаулары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет