15
ыдыс торсық, жан торсық деп аталады. Оңтүстік өңірлерде сүт,
сұйық заттарды сақтау
үшін асқабақтан кептіріліп жасалған қауақ дейтін ыдысты да пайдаланған.
Кең өңірлерде мал сауғанға ағаш кеснек те қолданылады. Қымыз, шұбат көбінесе ағаш
тегенелер мен ағаш ожауларға құйылады. Ожаулар кейде екі басты болып, тегенлердің жиегіне
күміс, сүйек жиек жүргізетін болған.
Біздің
жерімізде
мекендеген андронов
тайпаларының қыш
құмыраларындағы ою-
өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың
тастан салған үйлері,
шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай
құрылыстарында көрініс тапқан.
Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі
мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және
көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ
халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде
екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет.
Материалдық мөдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ,
рухани
мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.
Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың
дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі - киіз үй.
Ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи рухани мол мұраға да ие екенімізді танытуымыз керек.
Жалпы барлық елдерде мұндай қасиетті, киелі жерлер баршылық.
Ол жерлерді мемлекет тарапынан қорғалып, даңқын асырып дәріптеліп отырғандықтан, өз
елдері түгілі әлем елдерінен туристер ағылып іздеп барады. Мәселен, ағылшындар Кентерберий
ғибадатханасын мақтан етсе, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын ұлықтайды. Сол
секілді қазақ елінде де халықтың қызығушылығын тудыратын қасиетті жерлер жетеді.
Тек оларды дәріптеп, халқымызға кеңінен таныстырып, өзге елдердің де қызығушылығын
тудыра білуіміз керек. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жергілікті
атқарушы органдарға тапсырылған міндеттер өз деңгейінде орындалса,
өткен тарихымызға да
қиянат жасамаған болар едік. Өйткені, күтім көрмей елімізде талай тарихи ескерткіштер тозып
бара жатқаны тарихшыларды алаңдатып отырғаны жасырын емес. Жоба аясында осы олқылықтың
да орны толатынына сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: