1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)



бет25/39
Дата01.04.2022
өлшемі2,13 Mb.
#137574
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Силлабус ЭП Менеджмент

9.4 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Тапсырма.
Тапсырма 1. Жаңа кәсіпорын ашудағы әрекеттердің кезекті тәртібі
Жаңа кәсіпорын ашу процесі осы тізбекте ғана орындала алатын және орындалуы міндетті келесі кезеңдерге бөлінеді:

  1. Кәсіпорынның жаңа концепциясын жасақтау (әрекет шеңбері, өнім номенклатурасы, өнімді өткізу рыногі, өндіріс көлемі, шығындар және күтілетін пайда, бірінші кезекті қаржыландыру жоспары, құрылтайшылар құрамы, кәсіпорынның ұйымдастыру – құқықтық түрін таңдау, құқықтық мекен жайын таңдау;

  2. Құрылтай құжаттары қоржынын (пакетін) – жарғы және құрылтай келісім – шартын жасақтау. Әдеттегідей бұл құжаттардың бірінші реакциясын, негізгі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, сол – кәсіпорынның негізін қалаушы бір-екі адам жасақтайды. Үкіметтің қаулысымен кәсіпорындар үшін (ш.к.с.) типтік жарғы бекітілген. Егер сіз өзіңіз жасаған жарғының вариантын тапсырсаңыз, юстиция органдары оның ережелерінің қаншалықты заң нормаларына сәкес келетінін міндетті түрде тексереді. Жарғыда сіз қандай қызмет түрлерімен айналысатыныңызды көрсетуіңіз тиіс. Бұл кезде, ш.к.с. ойын, шоу-бизнес немесе банктік және қорғаныс қызметімен айналысуға құқықтары жоқ. Кәсіпорын ашу бастамалары (инициаторлар) құрылтайшылар, басқарма мүшелері, жалдамалы қызметкерлер және т.б. арасында кез келген шиеленіс орын алған жағдайда өз кәсіпорны іс-әрекетін қадағалау мүмкіндігін сақтап қалуды алдын ала ойластырулары қажет. Кәсіпорынның тиімді қызметі тек қана дара басшылық ету жағдайында ғана нәтиже береді. Құрылтай құжаттарының ақырғы реакциясын келісім-шарт негізінде заң қызметкерлеріне сеніп тапсырған жөн. Осы арада және әрі қарай іске жұмылдырылған мамандардың еңбек ақысын немесе қажетті қызметкерлердің ақысын төлеу қажеттілігі туындайды. Жұмсалған шығындардың құжаттармен куәландырылуы өте маңызды. Осылай болған жағдайда құрылтайшылар жан қалтасынан шыққан ұйымдастырушылық сипаттағы шығындардың орнын толтыру мүмкідігіне ие бола алады;

  3. Құрылтай келісім-шарты мен кәсіпорынның жарғысының мәтінін нотариус арқылы куәландыру;

  4. Құжаттарды тіркеуге Әділет басқармасына тапсыру. Бекітілген ережелерге сәйкес құрылтайщылық құжаттар юстиция органдарымен 3 жұмыс күні ішінде қарастырылады. Өз кәсіпорнын тіркеу кезінде жеке тұлға жарғылық капиталын жасауы тиіс(оның минимальді мөлшері – 87 200 теңге). Ал, ірі кәспорындар үшін АҚ, ЖШС ( яғни ш.к.с. жоқ) құжаттар 15 күн ішінде дайындалады.ЖШС, ҚЖС, АҚ, сонымен қататр олардың филиалдары мен өкілдіктерін (представительство) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, жоюды юстиция басқармасы жүзеге асырады. Ал жеке тұлғаларды немесе жеке кәсіпкерлерді аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттері тіркейді.. Жаңа бастаушы кәсіпкер « Кәсіпкерлік Кодексін» білгені жөн. Мысалы, жаңадан өз ісін ашып отырған кәсіпкер тіркеу жарнасын (сбор) –5 е.а.к. мөлшерінде төлейді. Ал, шағын кәсіпкерлік субъектісі статусы жоқ ЖШС және ҚЖС –тер 20 е.а.к. шамасында тіркеу жарнасын төлейді. Бұл кезеңде бұрын жасақталған құжаттар қатарына мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі (квитанциясы), нақты мекен-жайды құқықтық мекен-жай ретінде пайдалану мүмкіндігін куаландыратын құжат, кәсіпорынның болашақ мөрі мен штампы сызбалары (эскиздері) қосылады.

  5. Тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін келесі ретті әрекеттерді іске асыра беруге болады:

  6. Ішкі істер бөлімінен рұқсат алғаннан кейін мөр мен штамп жасауға тапсырыс беру;

  7. Мемлекеттік статистика басқармасына Әділет органдарынан тіркеуден өткен кәсіпорындарды статистикалық есепке алу. Кәсіпорынның меншік формасы, жарғылық қоры, мекен-жайы, басшылары, қызмет түлері, кәсіпорын көлемі туралы мәліметтер статистикалық әкімшілік мемлекеттік регистрге енгізіледі. Содан соң, кәсіпкерге ОКПО коды (общий классификатор предприятий и организации) беріледі.

  8. Әділет органдары мен статистика басқармасында тірелгеннен кейін 10 күн ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінде есепке тұру қажет;

  9. Банкте есеп шот ашу және кәсіпорынның жарғы қорына ақша салу;

  10. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету қорларына есепке тұру (Зейнет ақы қоры, еңбекпен қамту қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет