Тапсырма.
Есеп 1
Тұрмыстық машина жасау зауытының цехында 90 станок орнатылған. Цехтағы жұмыс режимі екі ауысымды, жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат. Жылдық өнім шығару көлемі 270 мың бұйым, цех өндірісінің қуаттылығы – 300 мың бұйым. Жұмыс алмастыру станоктарының экстенсивті, интенсивті және интегралды коэффициенттерін анықтау керек.
Бірінші ауысымда станоктардың барлығы жұмыс жасады, екіншісінде – станок паркінің 50 бірлігі, жылына атқаратын жұмыс күндерінің саны – 260 күн болды. Нақты бір станок жылына – 3800 сағат жұмыс жасады.
Есеп 2
Цехтағы жабдықтар құны 17 мың тенге. 1 наурызда құны 40,5 мың тенге; 1 шілдеде құны 21,3 мың тенге жабдықтар өндірістен шығып қалды. Өнім өндіру көлемі 820 мың тонна, 1 тонна өнімнің бағасы 32 тенге. Өндіріс қуаттылығы 1 000 тонна.
Жабдықтардың қор қайтарымдылығы мен жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффициенттерін анықтау керек.
Есеп 3
Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың топтары бойынша жыл ішіндегі өзгерісі берілген.
№
|
Негізгі қор топтары
|
Жыл басындағы құны, мың тенге
|
Жыл бойы өзгеруі: өсуі +, кемуі -, мың тенге
|
1
|
Өндірістік ғимараттар
|
341 510
|
-
|
2
|
Құрылғылар
|
64 610
|
-
|
3
|
Беріліс қондырғылары
|
36 920
|
+440
|
4
|
Жұмыс машиналары мен жабдықтары
|
378 430
|
+23 500
|
5
|
Күш машиналары мен жабдықтары
|
18 460
|
-530
|
6
|
Өлшеуіш приборлар мен зертхана жабдықтары
|
23 998
|
-810
|
7
|
Есептеу техникасы
|
21 229
|
+750
|
8
|
Көлік құралдары
|
22 152
|
-910
|
9
|
Басқа негізгі құралдар
|
15 691
|
-230
|
|
Барлығы
|
923 000
|
|
Бір жылғы тауарлық өнімнің көлемі 1 236 820 мың тенгені құрады.Негізгі өндірістік құралдардың жыл басындағы және жыл соңындағы құрылымын, қор қайтарымдылығын анықтау керек.
Есеп 4
Кәсіпорында жыл басындағы негізгі өндірістік қор 8 825 мың тенгені құрады. Жыл бойы енгізілген және өндірістен шыққан негізгі қорлар тиісніше: 1 наурызда – 75 мың тенге және 3 мың тенге; 1 мамырда – 50 мың тенге және 4 мың тенге; 1 қыркүйекте – 39 мың тенге және 7 мың тенге; 1 желтоқсанда – 18 мың тенге және 15 мың тенге болды. Жылдағы тауарлық өнім көлемі 4 384 мың тенге болды. Қор қайтарымы мен қор сыйымдылығын анықтау керек.
Есеп 5
Зауыт цехында 190 станок бар. Цехтағы жұмыс режимі екі ауысымды. Ауысымның ұзақтығы 8 сағат. Жылдық өнім шығару көлемі 180 000 бұйым, цехтың өндірістік қуаты 210 000 бұйым. Бірінші ауысымда барлық станок жұмыс жасады, екіншіде – 50 % станок паркі, жылдағы жұмыс күні – 260 күн, жыл бойы бір станоктың нақтылы жұмыс уақыты – 4 000 сағат.
Жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті коэффициенттерін анықтау керек.
Есеп 6. Жыл басындағы кәсіпорынның негізгі қорларының құны – А млн.тенге. Жыл ішінде енгізілген негізгі құралдар сомасы: Б млн.тенге маусымда, В млн.тенге қыркүйекте; шыққан сома: Г млн.тенге сәуірде, Д млн.тенге мамырда.
Жылдық өнім шығару көлемі Е мың тенге, өнімнің орташа бағасы – Ж тенге/т.
Негізгі құралдардың жаңару және шығу коэффициенттерін, қор сиымдылығы мен қор қайтарымын есептеңіздер. Мәліметтер кестеде келтірілген.
Нұсқа
|
А
|
Б
|
В
|
Г
|
Д
|
Е
|
Ж
|
1
|
340
|
45
|
9
|
5,9
|
21
|
1000
|
250
|
2
|
150
|
49
|
15
|
2
|
11
|
2000
|
300
|
3
|
56
|
14
|
1,8
|
0,9
|
11
|
2500
|
150
|
4
|
230
|
10
|
12
|
35
|
14
|
3000
|
300
|
5
|
312
|
24
|
15
|
13
|
11,5
|
2500
|
300
|
Есеп 7. Жыл басындағы негізгі құралдардың бастапқы құны – А мың тенге. Жыл ішінде Б мың тенгенің негізгі құралдары енгізілді және В мың тенге сомасында істен шығарылды. Негізгі құралдардың орташа жылдық құнын және жылсоңындағы құнын анықтаңыздар. мәліметтер төмендегі кестеде берілген.
Нұсқа
|
А
|
Б
|
В
|
1
|
5000
|
250
|
300
|
2
|
6235
|
725
|
1350
|
3
|
7000
|
1050
|
360
|
4
|
8000
|
350
|
3280
|
5
|
6780
|
1225
|
730
|
ОФ ср год = ОФн +
Мұндағы, ОФН – жыл басындағы негізгі қорлардың құны (баланстық);
ОФвв – енгізілген негізгі қорлардың құны;
ОФлик – негізгі қорлардың жойылу құны;
n1 – негізгі қорлардың енгізілу сәтінен бастап айлар саны;
n2 – негізгі қорлардың шығарылу сәтінен бастап айлар саны.
Есеп 8. Бірдей өнім өндіретін екі кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін анықтаңыздар. Оларды талдаңыздар. Бастапқы мәліметтер төмендегі кестеде келтірілген.
Көрсеткіштер
|
1-ші кәсіпорын
|
2-ші кәсіпорын
|
Қорлардың орташа жылдық құны, млн.тенге
|
28,5
|
60,6
|
Өнім шығару, млн.тенге
|
61,0
|
280,1
|
Жұмыс жасайтындардың орташа саны, адам
|
145
|
210
|
Есеп 9. Төмендегі кесте мәліметтерінен шыға отырып, негізгі құралдардың орташа жылдық құнын анықтаңыздар
Негізгі құралдардың тобы
|
Жыл басындағы құны, мың тенге
|
Енгізілді
|
Шығарылды
|
Енгізілген айы
|
Құны, мың тенге
|
Шығарылған айы
|
Құны, мың тенге
|
Ғимараттар
|
10 000
|
Мамыр
|
1000
|
Қараша
|
500
|
Құрылғылар
|
1 000
|
|
|
|
|
Жабдық
|
20 000
|
Наурыз
|
2000
|
|
|
Транспорт
|
500
|
Тамыз
|
50
|
|
|
Инвентарь
|
200
|
|
|
Маусым
|
90
|
Әдістемелік нұсқау. Тапсырманы орындау үшін дәріс тезистерімен және ұсынылған әдебиеттермен танысып шығу ұсынылады.
Әдебиет
ҚР Кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (03.07.2019 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
16 ХҚЕС «Негізгі құралдар»
Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019 Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет
Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375
Тапсырма.
Есеп 1. Кестеде келтірілген мәліметтер негізінде айналым құралдарының әрбір элементі және тұтастай айналым құралдары бойынша кәсіпорын қажеттілігін, сондай-ақ екінші тоқсандағы айналым құралдарының қажетті өсімін анықтаңыздар.
Көрсеткіш
|
Нұсқалар бойынша мәні
|
1
|
2
|
3
|
1. Тоқсандағы шикізаттар мен материалдар шығыны, мың тенге
|
8500
|
9120
|
8250
|
2. Шикізаттар мен материалдар запасының нормасы, күндер
|
21
|
27
|
18
|
3.Өзіндік құны бойынша өнім шығару
|
11300
|
13800
|
10230
|
4.Аяқталмаған өндіріс нормасы, күндер
|
3
|
3
|
2
|
5.Дайын өнім бойынша айналым құралдарының нормасы, күндер
|
2
|
3
|
2
|
6.Тоқсандағы сатып алу бағалары бойынша тауарлар айналымы, мың тенге
|
1780
|
1970
|
1800
|
7.Тауарлар запастарының нормасы, күндер
|
2
|
3
|
2
|
8. Тоқсандағы тауар айналымы, мың тенге
|
2150
|
2320
|
2080
|
9.Ақшалай қаражаттар запасының нормасы, күндер
|
1
|
1,5
|
1
|
10.Басқа материалдық құндылықтар бойынша айналым құралдарына қажеттілік, мың тенге
|
1070
|
1280
|
1150
|
11.Жоспарлы тоқсанның басындағы айналым құралдарының шамасы, мың тенге
|
2980
|
3670
|
3010
|
Есеп 2. Нарықта бәсекелес болып табылатын екі фирма қызметі туралы мәліметтердің негізінде 1-ші тоқсандағы және 2-ші тоқсандағы жоспарланатын өзгерістерді анықтаңыздар, қандай фирма айналым құралдарын тиімдірек пайдаланады.
Көрсеткіш
|
Нұсқа 1
|
Нұсқа 2
|
А фирмасы
|
Б фирмасы
|
А фирмасы
|
Б фирмасы
|
1.Сатылған өнім көлемі, мың тенге
|
2850
|
2900
|
2560
|
2730
|
2.Айналым құралдарының орташа тоқсандық қалдықтары, мың тенге
|
267
|
248
|
238
|
300
|
3.Екінші тоқсандағы сатылған өнім көлемінің жоспарланатын өсімі, %
|
5,3
|
2,5
|
6,7
|
9,1
|
4.Айналым құралдарының бір айналымы уақытының қысқаруы
|
2
|
1
|
3
|
3
|
Есептеңіздер:
1-ші және 2-ші тоқсандардағы айналымдылық коэффициенттерін;
1-ші және 2-ші тоқсандардағы жүктелім коэффициенттерін;
1-ші және 2-ші тоқсандардағы бір айналым уақытын;
бір айналым ұзақтығының қысқаруы нәтижесінде айналым құралдарының босауын.
Есеп 3
Өнімің ырғақты шығарылуы мен өткізілуін қамтамасыз ету үшін материалдық ресурстардың өндірістік запастарындағы айналым құралдарының белгілі бір сомасы қажет.
А бұйымның өндірістік бағдарламасы – жылына 500 дана, Б бұйымыныкі - 400 дана.
Бұйымдар бойынша негізгі материалдардың шығынының мәліметтері:
Материал түрі
|
Бұйымдар б/ша шығын нормасы, тонна
|
Металл бағасы, тг/т
|
Ағымдық запас нормасы, күн
|
Сақтандыру запасының нормасы, күн
|
А
|
Б
|
Шойын құймасы
|
0,2
|
0,3
|
120
|
30
|
15
|
Беттік болат (листовая)
|
0,5
|
0,7
|
200
|
60
|
25
|
Түрлі түсті металлдар
|
0,08
|
0,04
|
900
|
90
|
45
|
Есеп 4
Жылдық шығарылымға жұмсалатын көмекші материалдардың шығыны-18 мың.тг, жалпы запас нормасы – 40 күн. Сәйкесінше отынның шығыны 16 мың.тг және 30 күн, басқа да өндірістік запастар шығыны – 10 мың.тг және 60 күн.
Материалдық ресурстардың өндірістік запастарындағы айналым құралдарының нормативін анықтаңыз.
Есеп 5
Өндіріс пен өнім өткізуді қамтамасыз ету үшін айналым құралдарының белгілі бір соммасы қажет. Өндірістік бағдарлама - жылына 700 бұйым, Бір бұйымның өзіндік құны – 150 тг. Аяқталмаған өндірістегі шығындардың өсу (коэффициент нарастания) коэффиценті – 0,66.
Бір бұйымға кететін негізгі материалдардың шығыны 100 тг. Запас нормасы 25 күн. Жылдық шығарылымға жұмсалатын көмекші материалдар шығындары - 6000 тг, запас нормасы 40 күн, отын – 3200 тг және 30 күн. Басқа өндірістік запастардың шығыны – 9000 тг және 60 күн. Болашақ кезең шығындары – 1000 тг, дайын өнімнің запас нормасы – 5 күн.
Элементтер бойынша (өндірістік запстар,аяқталмаған өндіріс және дайын өнім) айналым құралдарының нормативтерін және олардың жалпы соммасын анықтаңыз.
Есеп 6
Егер жылдағы өнім шығарымы 10 мың бірлік құраса, бұйымның өзіндік құны 80 тенге, бұйым бағасы оның өзіндік құнынан 25%-ке көп болса, ал айналым құралының жылдық қалдығы 50 000 тенге. Бұйымды дайындаудың өндірістік ұзақтығы 5 күн, аяқталмаған өндірісте шығын өсу коэффиценті 0,5 екендігі белгілі болса, кәсіпорынның айналым құралының айналымдылығын және аяқталмаған өндірістегі айналым құралының нормативін анықтаңыз.
Есеп 7
Есеп беру жылында кәсіпорынның нормаланатын құралының нормасы, соммасы 10 000 тенге құрады. Айналым құралының 1 айналымның ұзақтылығы 35 күн. Келесі жылы өткізілетін өнім көлемі 5 пайызға жоғарлайды. Нормаланатын айналым құралының сол шамасында 1 айналым уақыты қанша күнге қысқарады.
Есеп 8
2017 жылы айналым құралдарының жылдық сомасы А мың тенгені құрады, ал сол жылғы өткізілген өнім көлемі – Б мың тенге. 2018 жылы айналым ұзақтығын В күнге қысқарту жоспарлануда. Сатылған өнім көлемі бұрынғысынша қалған жағдайда кәсіпорынға қажет айналым құралдарының сомасын табыңыздар. Мәліметтер келесі кестеде келтірілген.
Нұсқа
|
А
|
Б
|
В
|
1
|
15 885
|
68 956
|
2
|
2
|
10 680
|
73 560
|
3
|
3
|
23 450
|
78 210
|
2
|
4
|
30 800
|
105 600
|
3
|
5
|
22 360
|
100 580
|
4
|
Есеп 9.
Кәсіпорында тауарлық-материалдық құндылықтар запастарындағы сомасы А млн тенгені құрайтын айналым құралдары бар.
Оның ішінде:
Өндірістік запастар – Б млн.тенге;
Аяқталмаған өндіріс және өздерінде дайындалған жартылай фабрикаттар – В млн.тенге;
Болашақ кезеңнің шығындары – Г млн.тенге;
Қоймадағы дайын өнім – Д млн.тенге;
Тиелген тауарлар – Е млн.тенге.
Айналым құралдарының құрылымын анықтаңыздар: айналым қорлары мен айналыс қорларының үлес салмағын. Мәліметтер келесі кестеде берілген.
Нұсқа
|
А
|
Б
|
В
|
Г
|
Д
|
Е
|
1
|
50
|
27
|
17,5
|
1,0
|
3,5
|
1,0
|
2
|
60
|
35
|
19,5
|
1,5
|
2
|
2
|
3
|
70
|
38
|
20
|
3
|
4,5
|
2,5
|
4
|
80
|
40
|
15
|
7
|
10
|
8
|
5
|
90
|
51
|
19,5
|
6
|
9,5
|
4
|
Әдістемелік нұсқау. Тапсырманы орындау үшін дәріс тезистерімен және ұсынылған әдебиеттермен танысып шығу ұсынылады.
Әдебиет
Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018
Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018
Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет
Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс – Алматы, 2015
Тапсырма.
Есеп 1
Химиялық заводтың цехінде минеральді тыңайтқыштарды өндіру үшін 60 аппарат бар. әрбір аппарат 3 адамнан құралған звеношы қызмет етеді. Жұмыс графигі 4 – смен мен (әр смена 6 сағаттан). Кәсіпорын үздіксіз жұмыс жасайды, ал әрбір жұмысшы жылына 225 күн жұмыс жасайды. Жұмысшылардың тізімдік санын және анықталған санын анықта.
Есеп 2
Келесі мәліметтер бойынша жұмысшылардың тізімдік және анықтау санын анықтаңдар. Жоспар бойынша 1 жылға жұмыстың еңбек сыйымдылығы – 2600 мың норма / сағ. Баланс бойынша жұмыс уақытының номинальдық қоры – 2032 сағ; тиімді қоры – 1637 сағ; өндіру нормасын орындау коэффециенті – 1,1.
Есеп 3
2 жылға кәсіпорын жұмыс туралы келесі мәліметтер бар:
Көрсеткіштер
|
1жылға
|
2жылға
|
Ауытқулар
|
Өнім көлемі мың тг
|
2100
|
2279,1
|
+179.1
|
ӨӨП саны ,адам
|
700
|
710
|
+10
|
Орташа өндірім , тг
|
3000
|
3210
|
+210
|
Т/к :
1.жұмысжылардың санының артуы нәтижесінде өнімнің өсімі (мың тг)
2.еңбек өнімділігінің артуы есебінен өнімнің өсімі (мың тг )
3.еңбек өнімділігінінің арту есебінен өнім өсімініңсалмағы(мың тг)
Есеп 4
Бір бұйымды дайындаудың уақыт нормасы – 12 мин, берілген жұмыс күнделігінде сағаттық тарифтік ставка -5 тг , айына 24 жұмыс күні ;ауысым ұзақтылығы -8сағ .Айына 1008 бұйым дайындалады.
Т/к:
1.айына өндірім нормасы (дана)
2.бұйымның келісімді бағасы (тг)
3.егер асыра орындаудың әрбір %-не келісімді бағалармен жалақының 1,5%-і төленетін кездегі 1 айдағы келісімді еңбек ақы сомасын.
Есеп 5
Егер әрекет етуші нормалар бойынша тауарлық өнімнің нормативтік еңбек сиымдылығы 3600 мың норма-сағатты құраса, кесімді жұмысшылардың жоспарлы санын анықтаңыздар. Норманны орындау коэффициенті – 1,2. Жоспарлы жылы 365 күн бар, оның ішінде 104 демалыс, 8 мереке күндері. Жоспарланған жұмысқа шықпау номиналды уақыт қорының 10% мөлшерінде қарастырылған. Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы 8 сағат.
Есеп 6
1-ші қазанда кәсіпорында тізім бойынша жұмыскерлердің саны 800 адамды құрады. 13-ші қазанда 8 адамды әскер қатарына шақырды, 18-ші қазанда 10 адам жұмысқа қабылданды, 22-ші қазанда 7 адам өз өтініштері бойынша жұмыстан шықты. Қазан айындағы жұмыскерлердің орташа тізімдік санын; 1- ші қарашадағы жұмыскерлер санын; ағымдылық коэффициентін анықтаңыздар.
Есеп 7
Кәсіпорын 1-ші ақпаннан жұмыс жасай бастады. Ақпандағы жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 820 адамды құрады, наурызда – 880. Әрі қарай кәсіпорын таратылды. 1-ші тоқсандағы және жылдағы жұмыскерлердің орташа тізімдік санын анықтаңыздар.
Есеп 8
Келесі мәліметтер бойынша жұмысшылардың қатысу және тізімдік санын анықтаңыздар: жоспар бойынша жұмыстардың еңбек сиымдылығы – 2600 мың норма-сағат; баланс бойынша жұмыс уақытының номиналды қоры – 2032 сағат; пайдалы (тиімді) қор – 1637 сағат; өндірім нормасын орындау коэффициенті – 1,1.
Есеп 9
Заводта 2860 жұмысшы жасайды; бір адамға жұмыс уақытының жылдық қоры – 1860 сағат. Жоспарланатын жылы 400 мың адам-сағатты үнемдеу көзделіп отыр. Заводтағы еңбек өнімділігінің жоспарланатын өсуін (абсолютті және проценттік бірліктерде) анықтаңыздар.
Есеп 10
Бір жұмыс орнына қызмет көрсету нормасы – 1,6 сағат; жұмыс ауысымының ұзақтығы – 8 сағат. Бір жұмысшы үшін бір жұмыс орнына қызмет көрсету нормасын анықтаңыздар.
Есеп 11
Бір жұмысшы үшін жұмыс бірлігіндегі уақыт нормасы 2 адам-сағатты құрайды, 8 сағаттық ауысымдағы өндірім нормасы – 4 бірлік. Ұйымдық шараларды өткізген соң уақыт нормасы 5% төмендеді. Жаңа уақыт нормасын; өндірім нормасын; өндірім нормасының жоғарылау пайызын анықтаңыздар.
Әдістемелік нұсқау. Тапсырманы орындау үшін дәріс тезистерімен және ұсынылған әдебиеттермен танысып шығу ұсынылады.
Әдебиет
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 Кодексі
Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019
Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018
Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018
Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет
Тлесова Э.Б., Жанабаева Ж.К. Экономика предприятия. Учебное пособие (Практикум) – Алматы: CyberSmith, 2018. – 212 с.
Тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |