Өнім сапасынажұмсалатын шығындарды талдау А және Б фирмалары ұқсас өнімдер өндіреді, өндіріс шарттары, технология деңгейі және өнім шығару көлемі бірдей. Сапаға жұмасалатын шығындар оларды оптимизациялау және фирманың күтпеген шығындарының себептерін жою мақсатында квартал сайын талданады. Өткен квартал бойынша келесідей нәтижелер алынды.
Фирма А. Өндіріс процесінің қателіктерін жою үшін 4410 долл. жұмсалды, кепілдікті жөндеу шығындары 2706 долл, кеплідік мерзімінен кейінгі жөндеуге – 2506 долл, сапаны қамтамасыз ету әдістеріне персоналды оқып-үйретуге - 1500 долл жұмсалды. Бастапқы бақылауға жұмсалған шығындар - 4568 долл, дайын өнімді зауыттық сынақтан өткізуге - 16717 долл. құрады.
Өндіріс процесіндегі қателіткерді жою үшін және оларды түзету шараларына 3369 долл жұмсалды. Кварталда бұйымды қайтару жағдайы фирмаға 52765 долл шығын әкелді. Фирмаға тұтынушылардын сот шағымдары түсті, олар өз шағымдарын бұйымның төмен қауіпсіздігімен түсіндіреді. Олар 68000 долл сомасында айыппұл төлеуге әкелді. Сапаны қамтамасыз ету жүйесін басқару бойынша шығындар тұрақты және ол квартал сайын 1000 долл құрайды.
Фирма Б. Б фирмасы дәл осындай кезеңде сапаға келесідей шығындар жұмсады: 50000 долл- жобалау процесінде сапаға қойылатын талаптарды жасақтау әдістемелерін жетілдіруге, жоба сапасын бағалауға, технологиялық процесті бақылауға. Ай сайын фирма сапаны қаматамасыз ету мен бақылау сұрақтары бойынша персоналды оқытуға 20 мың долл жұмсайды, сонымен қатар сапаны операциялық бақылау бойынша жұмысты жетілдіруге 10 мың долл жоспарлауда. Инструменттер мен өлшеуіш приборларды тексеру мен оларға қызмет көрсету шығындары ай сайын бір-біріне жуық тең шамада, орташа есеппен 18755 долл жұмсалады.
Жеткізушімен болған қателіктерді жою үшін 7450 долл жұмсалды, ал анықталған ақауды түұзетуге -725 долл жұмсалды.
Бұйымның сенімділігіне қатысты зерттеулерге -10562 долл жұмсалды. Ол осы шараға жұмасалатын ай сайынғы шығындарға жуық. Дайын өнімді ай сайын зауыттық сынақтан өткізу 15000 долл қажет етеді.
Кепілдіктен кейінгі жөндеу фирмаға 752 долл шығын әкелді, тұтынушының сапаға қатысты шығындарын анықтауға байланысты бағдарламаларын жасақтауға жұмсалған шығындар –3928 долл құрады.
Келтірілген ақпарат әр кварталда осы екі фирманың әрқайсысына да тән. Шығындардың квартал бойынша құрылымы әдетте сақталады, тек олардың сомаларының аз ғана өзгешелігі болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
А және Б фирмаларының өнім сапасына жұмсалатын шығындары құрылымының салыстырмалы кестесін жасаңыз;
Кесте мәліметтерін талдау негізінде:
Әр фирманың өнім сапасын қамтамасыз ету сұрақтары на қатысты концептуалды әдістеріне баға беріңіз;
Екі фирманың сапаға жұмасалатын шығындары бойынша бағадарламаларының тиімділігін бағалаңыз.
Сапа проблемасына қатысты концептуалдық әдістер мен сапа шығындарын жоспарлаумен байланысты фирма қызметінің әртүрлі аспектілерінде көрінетін салдарды бағалаңыз.
Әдістемелік нұсқау. Тапсырманы орындау үшін дәріс тезистерімен және ұсынылған әдебиеттермен танысып шығу ұсынылады.
Әдебиет Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 қазандағы № 184-VІ ҚРЗ.
Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019
Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018