Тапсырманы орындау барысында ресми статистикалық деректер негізінде диаграмма, кесте, сызбаларды қолдану. Жұмыс слайд түрінде Microsoft Office бағдарламасының Power Point қосымшасында презентацияланады.
Тапсырмалар баяндамалар түрінде, жұмыс А4 парағында 14 шрифтпен орындалады. Әр жолдың аралығы - 1. Жалпы көлемі 12-15 бет.
Пайдаланылған сандық мәліметтер жаңа әрі шынайы болуы тиіс. Талдаудың толық болуына үлкен мән берілуі керек.
Әдістемелік нұсқау. Тапсырманы орындау үшін дәріс тезистерімен және ұсынылған әдебиеттермен танысып шығу ұсынылады.
Әдебиет
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі (19.04.2019 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019
Турежанов, С.У. Инвестиционная деятельность предприятия : Учебное пособие. . - Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2017. - 126 c
Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018
Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018
Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375
Тапсырма.
Б И З Н Е С К Е Й С
«Бір нәрсені өзгертуге бола ма?»
Транспорттық цех басшысының ойлары басқа жақта жүрді. Ол өзін теңіз жағасында , күн астында демалып жүрмін деп армандадаы. Ал, шындығында, оны металлургиялық комбинаттың жұмыс қорытындыларына риза емес шефтің алдына барып, есеп беру күтіп тұрды.
Іс жүзінде транспорттық сектордың жұмысы өте жаман емес болатын, бірақ қауіптенуге себеп болды. Ол барлық арманын ойынан алшақтатып, бастықпен болатын алдағы әңгіменің жобасын ойластырды. Бүгінгі күні 3290,6 мың.тг құрап отырған материалдарға жұмсалған шығындардың (2010 ж салыстырғанда 1,6 есеге және 2009 ж салыстырғанда 2,9 есеге ) біршама артқандығы жөнінде сұрақ, біраз түсініктеме беруді қажет ететін болар.
2011 жылдың есебі көз алдында елес ете қалды: отынға жұмсалған шығындар - 16729,3 мың.тг. және қосалқы бөлшектерге – 272221,1 мың.тг. алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама төмендеді(отын бойынша өсім қарқыны 2009 ж салыстырғанда 110%, 2010ж салыстырғанда 93%, қосалқы бөлшектер бойынша 2009ж қарағанда 140%, және 2010 ж қарағанда 97,5%). Жылжымалы құрам бойынша амортизациялық аударымдар бабы бойынша төмендеу байқалды (2009 ж - 25450,3мың.тг, 2010ж - 23787,5 мың.тг., 2011 ж – 22383,4 мың.тг.), бұл ең алдымен автомобилдердің тізімдік санының қысқаруымен байланысты болды.
Бөлімше басшысы: «шығындардың өсуі, көбінесе бағаның өсуінен және тасымалдар қөлемінің өзгерісінен болды»- деп, өзін жұбатқысы келді. « Цех өз міндеттерін атқарып отыр, технологиялық жүктер өз уақытында жеткізілуде, тиеу-түсіру операцияларымен байланысты себепсіз тоқтап қалулар жұмыста кездеспейді»- деп, ойланды. Арнайы киімге, арнайы тамаққа , отын мен энергияға, байланысқа жұмсалатын және басқа да шығындарды қарастыратын болсақ, олардың динамикасы жұбатарлықтай емес, оларды неғұрлым толық жеке талдау қажет: 2009ж – 1256,4 мың.тг, 2010 ж – 17695,8 мың.тг, 2011 ж – 20614,7 мың.тг.
Ойына бірінен соң, бірі біраз ойлар келді: « Бір нәрсе ойластыру керек! Транспорттық жұмысты жақсарту үшін әлі де болса резервтер бар емес пе?! Көп нәсені өзгертуге болады. Мысалы, өткен жылы автомобилдерді жөндеудің жеке тәсілінен агрегаттық тәсіліне көшу, транспорттық құралдардың тоқтап тұру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді, ал ол өз кезегінде цехтың жалпы жұмысына оң әсерін тигізді. Ал, тасымалдау үшін жүк көтергіштігі КамАЗ-ға қарағанда біршама төмен, ал отын шығыны көп ЗИЛ ММЗ 4502 орнына КамАЗ 5511 автомобилін қолдану, отын бабы бойынша шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді. Ол қосымша капитал салымдарын қажет етті, бірақ олар уақытында өтеледі». Осындай ойлармен ол президент кабинетінің табалдырығын аттады.
Қосымша ақпарат:
Кесте
АТЦ жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер
|
2009ж
|
2010ж
|
2011ж
|
1
|
Жұмыстың машино-сағаттары, мың.сағ
|
398,4
|
426,8
|
400,2
|
2
|
Автомобилдердің орта тізімдік саны, бірлік
|
232
|
214
|
203
|
3
|
Шарушылықтағы авто кундер, күн
|
54658
|
71852
|
63909
|
4
|
Жұмыстағы автокүндер, күн
|
30301
|
43111
|
39624
|
5
|
Жөндеудегі автокүндер, күн
|
18629
|
23711
|
20451
|
6
|
Тоқтап қалу кезіндегі авто күндер, күн
|
5728
|
5030
|
3834
|
7
|
Техникалық дайындық коэффициенті
|
0,66
|
0,67
|
0,68
|
8
|
Шығарылу коэффициенті
|
0,55
|
0,60
|
0,62
|
9
|
Жалпы жүріс, мың.км
|
5817792
|
8363555
|
7964376
|
Әдістемелік нұсқау. Тапсырманы орындау үшін дәріс тезистерімен және ұсынылған әдебиеттермен танысып шығу ұсынылады.
Әдебиет
Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019
Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018
Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет
Тлесова Э.Б., Жанабаева Ж.К. Экономика предприятия. Учебное пособие (Практикум) – Алматы: CyberSmith, 2018. – 212 с.
Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018
Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс – Алматы, 2015
https:// elib.kz/search/- электронды оқулықтар базасы
http://rmebrk.kz/resources - Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхана
http://kazneb.kz – Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы
Тапсырма.
КЕЙС
Достарыңызбен бөлісу: |