Байланысты: Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)
Жылдамдық қабілеттерін дамыту. Спорт ілімінде жылдамдық қабілеттерінің қарапайым және кешенді көріну формалары бар. Қарапайым форманың өзі үшке бөлінеді:
қимыл қозғалыс реакциясының патентті уақыты.
қимыл қозғалыс жиілігі. Шапшаңдылықтың осы түрлерінің басқа да
қасиеттерімен және тәсілдік дағдыларымен бірлікте, жиынтықта болуы баскетболшының шапшаңдық қасиеттерінің кешендік көрінуін қамтамасыз етеді.
Шапшаңдық көрінуінің кешендік формаларына мыналар жатады: спорттық бастауда шапшаңдықты жинақтай білу қабілеті; қашықтық жылдамдығының жоғары деңгейіне жете алу қабілеті; шаршаудың алдын алып, барынша жоғары жылдамдықты сақтай білу қабілеті.
Баскетбол ойыны шапшаңдықтың көріну формаларының кешенді түрін талап етеді, себебі олар баскетболшылардың көп қимыл-қозғалыс әрекеттерінің құрамдас бөліктері болып есептеледі.