1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет15/50
Дата07.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#88872
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)

Сағат саны: 3
Жоспар:

  1. Регламент құрастыру.

  2. Қарапайым шенберлік жүйесімен ойындардың кестесін құрастыру.

  3. Олимпиадалық жүйесімен ойындардың кестесін құрастыру.

Дәріс тезистері:
Жарысты ұйымдастыру және өткізу.
Жарыстар оқу-машықтану процесінің бір бөлігі болып есептеледі. Жарыстарда студенттер айналысу барысында меңгерілген тәсілдік дайындық дағдылары мен дене қасиеттерін тексеру мүмкіндігіне ие болады.
Жарыстарды өткізбес бұрын төмендегідей ұйымдастыру мәселелерін шешіп алу қажет.
Алдағы жарыстар міндеттер мен мақсаттарын анықтап, қолайлы мерзімдерін бекіту қажет.

  • жарыстар туралы ереже мазмұнын

  • қатысушыларды жарысқа жіберу

  • ойындарды жүргізу амалдары

  • жарыс нәтижелерін бағалау

Бас төрешілер коллегиясын сайлау қажет, ал ол төрешілер бригадасын жинақтайды.
Медицина мекемелеріне жарысқа дәрігер бөлуі туралы ұсыныс жасау.
Жарыс комендантын сайлау. Оның міндеттері.

  • жарыс орындары, мерекелік жабдықтарды ұйымдастыру

  • информация техникасын тексеру

  • спорт құрал-жабдықтарын дайындау

Хабарландырулар дайындау және іліп қою. Баспасөзге мәлімет беру.
Жарыс барысында ойын нәтижелерінің кестесін іліп отыру.
Жарыс соңында:
-жеңімпаздар командаларды және үздік ойыншыларды ережеге сай наградтау;
-фотостендер жабдықтау;
-өткізілген жарыстар туралы баспасөзде материалдар шығару.
Жарыстар туралы ереже
Жарысты ұйымдастыру жарыс ережесін жасаудан басталады. Бұл ережелер қатысушы командаларға жарыс басталғанға дейін таратылып беріледі.
Ереже мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Жарыс мақсаттары мен міндеттері.

  2. Жарысқа басшылық ету

  3. Жарысты өткізу орны мен мерзімі

  4. Қатысушы ұйымдар мен жарысқа қатысушылар

  5. Ойын жүйесі және жеңімпаздарды анықтау

  6. Командаларды қабылдау шарттары

  7. Допты әперу шарттары және қарсылық көрсету тәртібі

  8. Жеңімпаздарды наградтау

  9. Ұсыныстар жіберу мерзімі, төрешілер алқасын өткізу орны мен уақыты.

Жарыс өткізуші үшін бекіткен бас төрешілер алқасы негізгі құжат – жарыстар туралы ережені басшылыққа алады.
Ойындарды ереже бойынша өткізу, жарыс өтетін орынның тазалық нормаларына сай келуі, төрешілер аппаратының жұмысы, төрешілерді тағайындау, ойыншыларды жарысқа жіберу сияқты іс-әрекеттердің құжаттарын, ұсыныс қағаздарын, дәрігер келісімі бар рұқсат ету қағазын тексереді.
Бас хатшы құжаттарды дайындап, хаттаумен айналысады: мәжіліс хаттардың дұрыс жүргізілуін тексереді, жарыстар нәтижелерінің кестелері мен ойын күнтізбелерін жасайды.
Егер жарыстар бірнеше залда өткізіліп жатса, және бас төреші барлық ойынға қатыса алмайтындай жағдай болса, онда әр залда аға төреші тағайындалады. Ойын ұпайлар санына қарай беріледі. Жеңіс үшін 2 ұпай, жеңіліс-1, ал қатыспағаны үшін – 0. Екі команда ұпайының бірдей болуы олардың арасындағы кездесу жеңімпазына басшылық береді.
Жарыс өткізу жүйесі.
Жарыс өткізудің үш жүйесі бар: айналма, соғылмалы және аралас.
Айналма жүйесі – көп қолданылатын түрі. Ол барлық қарсыласпен кездесуге және осының нәтижесінде күштердің шын мәнінде тең емес екендігін анықтауға мүкіндік береді. Дегенмен оны өткізу үшін өте көп уақыт керек. Бұл жүйе топтастыру жарыстарын, біріншілік, турнир ойындарын өткізуде қолданылады.
Командалар арасындағы кездесулер белгілі бір тәртіп бойынша өткізіледі. Жеребе тастау басында кесте жасалады. Ережені сақтап отыру керек.

Жарыс құжаттары.


Әрібір жарыс біткен соң спорт клубына, дене тәрбиелеу мәдениеті ұжымының кеңесіне бас төрешілер алқасының есебі тапсырылады. Бұл есепте мынадай құжаттар болуы керек:

  • жарыс туралы мәліметтер, олардың өту мерзімі мен орны, қатысушы командалар көрсетілген афиша.

  • әр команда бойынша жарыс нәтижелерінің кестесі, олардың тур бойынша өзгеріп отыруы, лақтырылған және өткізілген доптар саны, жинақталған ұпайдың жалпы саны және команданың алған орны.

  • Күрес барысы мен әр кездесудің нәтижесі тіркеліп отыратын негізгі құжат ойын мәжіліс хаттары.

  • әр ойыншыға дәрігер берген рұқсат қағаздары толықтырылған командалардың жарысқа қатысу жөніндегі ұсыныс хаттары.

  • Төрешілер аппараты жұмысын бағалайтын табель.

  • Командалар кездесуі тәртібі мен ойын уақыты белгіленген ойын күнтізбесі.

  • Жеңіс сандары мен жеңілген командалар классификациясы көрсетілген жарысқа қатысушылардың анықтама қағазы.

Жарыс өткізудегі ең жақсы сәт, ең нәтижелі ойыншы анықтау, ең үздік орталық, шабуылдаушы, қорғаушыларды анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет