1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер


модуль. Баскетболшыларды дайындау негіздері



бет23/50
Дата07.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#88872
түріСеминар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)

3 модуль. Баскетболшыларды дайындау негіздері
Тақырып: Техникалық дайындықтың негіздері
Сағат саны: 3
Жоспар:

  1. Ойын техникасы және жіктелуі

  2. Техникалық дайындық

Дәріс тезистері: Ойын техникасы – ойында қолданылатын қимыл-қозғалыс әрекеттерін барынша ұтымды амалдарының жүйесі.
Баскетбол техникасының негізі – ерсілі-қарсылы қозғалыс. Баскетболшының алаңдағы ерсілі-қарсылы қозғалысы шабуыл міндеттерін шешуге бағытталған біртұтас әрекеттер жүйесінің бір бөлігі болып табылады және нақты ойын жағдайын жүзеге асыру барысында қалыптасады.
Алаңда ерсілі-қарсылы қозғалу үшін ойыншы жүреді, жүгіреді, секіреді, тоқтайды, айналады. Осы тәсілдер арқылы ол өзіне ыңғайлы орын таңдайды, қарсыласынан қашады, әрі қарай шабуылдау үшін қажет бағытқа қозғалады және амалдарды орындау үшін өзіне ыңғайлы, жақсы теңгерілген бастапқы жағдайға қол жеткізеді. Сондай-ақ доппен орындалатын қозғалыс барысы мен секіру кезіндегі доптың берілуі, қарсыласты айналып өту, допты секіру кезінде соғу және тағы басқа техникалық тәсілдердің тиімділігі қозғалыс барысындағы аяқтың дұрыс жұмыс жасауы мен тепе-теңдіктің сақталуымен байланысты.
Ойын кезіндегі жүріс - ерсілі-қарсылыс қозғалыс тәсілдерінің ең сирек қолданылатын түрі. Ол негізінен аздаған үзіліс кезінде немесе ойын әрекетінің қарқындылығын азайтуда, сондай-ақ жүгірумен қатар келіп ойын қарқынын өзгерту үшін қолданылады. Оның қарапайым жүруден айырмашылығы сол, баскетболшы тізесін аз ғана бүгіп, аяғымен қозғалады, бұл оған кенеттен болатын жылдамдық мүмкіндігін береді.
Жүгіру ойындағы қозғалыстың басты құралы болып табылады. Ол жеңіл атлетшінің жүрісінен ерекшеленеді. Ойыншы алаң ішінде әртүрлі старттық жағдайларда кез-келген бағытқа, бетімен, арқасымен алдыға қарай немесе бірнеше рет секіру арқылы шапшаң қимылды жүзеге асыра білуі, сондай-ақ жүгірістің бағыты мен жылдамдығын тез өзгерте білуі керек.
Секіру өз алдына дара тәсіл ретінде қолданылады. Ол басқа техникалық тәсілдердің де элементіне кіреді. Көп жағдайларда ойыншылар жоғарыға секіру, ұзындыққа секіру немесе бірнеше рет секіру сияқты тәсілдерді пайдаланады. Секіруді жүзеге асыруда екі аяқпен және бір аяқпен соққылау тәсілі қолданылады.
Екі аяқпен соққылап секіруді ойыншыкөп жағдайда негізгі тұрған
жерінен жүзеге асырады. Ойыншы тез отырып, қолын сәл кейін жіберіп, басын көтереді. Орнынан тұру аяқты күшті созу, дене мен қолды жоғарыға, алдыға қайратты қозғау арқылы жүзеге асырылады.
Екі аяқпен соққылауарқылы екпінді секіру әдетте шығыршыққа допты лақтыруда және лақтыру кезіндегі күресте қолданылады.
Бір аяқпен соққылай секіру соққыдан басталады. Орнынан тұру екпіннің инерциялық күшін кең қолдану арқылы жүзеге асырылады. Орнынан тұрмастан бұрынғы екпінді соңғы қадам бұрынғылардан біршама кеңірек жасалады. Соққы ұратын аяғын тізе буынында аздап бүгіп алға жіберіп, өкшеден аяқтың басына қарай соққы аудару үшін серпілте келе, баскетболшы аздап отырғандай болады. Басқа аяғын алға-артқа белсенді бұлғап, дене салмағының жалпы ортасының тіректен өтуі кезінде оны тізе буыны мен жамбас буынында бүгеді. Баскетболшының денесі жоғары нүктеге жетіп, шарықтаған кезде сермелген аяғы соққы беретін аяғына қосылады. Кез-келген тәсілде жерге қону тепе-теңдікті сақтай отырып, жеңіл жүзеге асырылуы керек, ол арасы сәл ашылған аяқтарды амортизациялап бүгу арқылы жүзеге асырылады. Жерге осылай қону баскетболшының ойын әрекетін шапшаң жүзеге асыруына мұмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет