Дәріс тезисі:Спорттық курес жүргізу заңдылықтарын оның масштабына сәйкес стратегияға және тактикаға бөледі. Стратегия бүкіл жарыс көлеміндегі және басты қарсыласпен болатын спорттық күрестің теориясы мен практикасын зерттейді, ал, тактика үдерістерді бір кездесудің көлемінде ғана зерттейді.
Стратегия мен тактика бір-бірімен тығыз байланысты. Тактика – стратегияның бір бөлігі.
Ойын тактикасы – спорттық күрестегі белгілі-бір қарсыласқа қарсы қолданатын әртүрлі амал-айла жолдарының жиынтығы.