Байланысты: Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)
Допты екі қолмен аулау. Ең қарапайым және сенімді тәсіл допты екі қолмен аулау болып табылады.
Бастан жоғары ұшқан допты ұстау үшін ойыншы секіріп, ажыратылған шынтақты қолдарын тез жоғары көтеруі керек /үлкен саусақтарының арасы бірнеше сантиметрден аспауы керек, қалған саусақтары еркін ажыратылған/. Доп саусаққа тиген кезде, білек жақындасып, ішке қарай бұрылады, ойыншы олармен допты берік құштақтайды, ал білек буындарында бүгілген қолдар төмендеп, допты денеге тартады.
Төмен ұшып келе жатқан допты ұстауда қол төмендейді, білек пен саусақтар ашық табақша тәріздес (екі қол шынашақтарының арасы бірнеше сантиметрден аспауы керек).
Алаңға түскен доп үшін күресте оның ұстауға ыңғайлы биіктікке жеткенін күтудің қажеті жоқ. Оған қарсы қозғалып, секірудің басқы кезінде ұстап алу керек. Ойыншы допқа ұмтылып, денесін тездетіп алға еңкейтеді, қолын алға төмен түсіріп, білектерін допқа жоғарыдан емес, іш жағынан әкеледі. Допты алып, ол бірден тікейіп, оны өзіне тартады.
Допты бір қолымен аулау. Ұшып келе жатқан допқа созылуға және оны екі қолымен ұстауға мұмкіндік болмаған жағдайда оны бір қолмен аулау керек.