1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет29/50
Дата07.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#88872
түріСеминар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)

Баскетболдағы допты беру– ойыншының әріптеске шабуылды әрі қарай жалғастыруы үшін допты бағыттайтын тәсілі. Допты дұрыс және дәл бере білу – баскетболшылардың ойын барысындағы нақты, мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің негізі. Допты берудің көптеген түрлері бар. Оларды белгілі бір ойын жағдайына, допты жіберетін қашықтыққа, әріптестің орналасуы мен қозғалыс бағытына, қарсыластардың қарама-қарсы әрекеттерінің сипаты мен тәсіліне байланысты қолданады.
Шеткі көзқарас, қол қозғалысының шапшаңдығы, нақты есеп және тактикалық ой – допты қатесіз бере білетін баскетболшыларды сипаттайтын қасиеттер.
Допты берудің барлық тәсілдерін орындаудың шапшаңдығы мен дәлдігі көп жағдайда амалдың негізгі кезеңіндегі білек пен саусақтардың күшті жұмыс істеуіне байланысты. Допты беруде негізінен білек пен саусақтарды секірту арқылы әрекет ету керек, сонда қарсыласқа доптың бағытын анықтау қиынға түседі. Допты қабылдаушы әріптесті көру керек, бірақ оған тура қарамағаны жөн. Допты беру барысында тепе-теңдік жағдайы сақталуы керек, себебі доптың берілу бағытын қарсылас жабуы мүмкін, ал ойыншы еркінен тыс «жарыса жүгіреді» немесе допты қарсыластар ұстап алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет