1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет11/50
Дата07.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#88872
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)

Сағат саны: 3
Жоспар:

  1. Эстафета және қозғалмалы ойындардың жіктелуі

  2. Баскетбол ойынды үйрету сабақтарында қолданылатын ойындар мен эстафеталар.

Дәріс тезистері:
Оқу процесінің негізгі мақсаттарына сай қимыл ойындарын екіге бөлеміз.

  1. Негізгі физикалық қасиеттерді дамытатын қимыл ойындары.

  2. Техника-тактикалық әрекеттерді дамытатын қимыл ойындары.

Баскетбол бойынша сабақтарда қимыл ойындарын қолданғанда төмендегі
ережелерді ұстану керек:

  • ойындар алдын ала жоспарлану керек.

  • қимыл ойындары сабақтың мақсаттарына сай келуі керек.

  • қимыл ойындарын таңдауда оқушылардың физикалық дайындық деңгейін ескеру керек.

  • қимыл ойындарын өткізу орнын таңдағанда эстафета өткізуде көрсетілген ережелерді ұстану керек.

Қимыл ойындарын таңдағанда: сабақтың мақсатын, оқу материалын, қозғалыс түрлерін, жұмыс шарттарын ескеру қажет.
Қимыл ойындарын эстафеталар сияқты сабақтың кез келген бөлігіне еңгізуге болады. Олардың мазмұны оқушылардың құрамы мен мақсаттарына байланысты. Сабақтың дайындық бөлігінде қимылы аз және жеңіл ойындар қолданылады. Сабақтың негізгі бөлігінде нысанаға тигізу, жүгіру, секіру, кедергілерден өту мен байланысты қимыл ойындары қолданылады.
Ойындар оқушылардың дайындығына сай келуі керек. Әрбір ойын ойыншы жеткілікті күш салғанда тапсырманы орындай алатындай болуы керек. Күрделі ойындар балалардың сабаққа қызығушылығын төмендетіп шаршатады.
Алынған қабілеттер мен дағдыларды үнемі қайталап бекіту керек.
Ойындар өткізуге дайындық.
Ойындарды таңдау сабақ мақсатына байланысты. Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, олардың дамуын, физикалық дайындығын, балалардың санын ескеру қажет.
Ойынға орынды дайындыу-бөлмеде қажет емес заттар болмау керек, бөлме таза және желдетілген болу керек. Алаңды белгілеу ойынға дейін орындалу керек.
Оқушыларды ұйымдастыру.
Ойыншыларды орналастыру мен ойынды түсіндіргенде мұғалімнің орны.
Ойынды түсіндірмес бұрын оқушыларды олар мұғалімді жақсы естіп, көретіндей орналастыру керек. Егер ойыншылар шеңберде тұрса, мұғалім ойыншылар арасында тұрады немесе шеңбер ортасында 2—3 қадамға жақындайды. Егер ойыншылар бір топ екіншісіне қарама-қарсы бір-бірінен қашықтықта орналасса, оларға түсідіру үшін алдымен жақындату керек.
Ойын процесін басқару.
Ойынды өз уақытында және ұйымдасқан түрде бастау керек. Балаларды ойын тәртібін сақтауға үйрету керек. Ойын процесін ұйымдастырушы балаларды ойынмен қызықтыру керек.
Төрешілік ету. Объективті оқушыларды бағалау, тәрбиелеу мен оқыту процесіне әсер етеді. Торешілер топтар саны, күшімен бірдей болып, ережелерді ұстануын бақылайды. Төрешілерге ойын нәтижелерін дұрыс шығару байланысты.
Мөлшерлеу. Оқушылардың жас ерекшеліктерін олардың дағдысын әрқашан ескеру керек. Интенсивті ойындарды аз қозғалатын ойындармен кезектестіру керек. Қысқа мерзімді үзілістерді ұйымдастырып, ол кезде қателіктерді талдап, ұпайларды санап, ережелерді түсіндіру т.б. жұмыстарды жүргізуге болады.
Ойынның аяқталуы. Ойынның ұзақтылығы ойынға сабақ жағдайлары мен оқушылар құрамына байланысты. Ойынды шаршаудың алғаш белгілері пайда болғанда уақытында; мұғалім белгілеген уақытта; белгілі бір уақыттан кейін аяқтау керек.
Ойын нәтижелерін шығару.
Ойын нәтижелерін анықтаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Ойын аяқталысымен мұғалім ойыншыларды тыныштандырып нәтижені хабарлайды. Ойын нәтижесін анықтауда тек шапшаңдық емес, орындалу сапасын да ескеру керек.
Ойынды талдау. Ойынды талдағанда қателерді көрсетіп, жақсы ойнап ережелерді бұзбағандарды атап өту керек. Ойынды талдауға оқушыларды қатыстыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет