1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет18/50
Дата07.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#88872
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)

Сағат саны: 3
Жоспар:

  1. Дене дайындығы

  2. Күш дене қабілеті

  3. Шапшандық дене қабілеті

  4. Төзімділік дене қабілеті

  5. Ептілік дене қабілеті

  6. Икемділік дене қабілеті

Дәріс тезистері:
Дене қасиеттерін тәрбиелеуде спортық машықтану ілімі мен тәжірибесінде төмендегідей қасиеттер қарасырылады: жылдамдық қабілеттері, күштілік, төзімділік, икемділік, үйлестіру қабілеттері. Дене дайындығының болуы ойын тәсілін жетілдіруге тура әсер етеді. Баскетболшылардың қимыл қозғалыс әрекетіне жасалған талдау ойынның жоғары жылдамдықпен және шапшаң қимылдармен, секірулермен, қорғаныс қимылдармен, аялдаулармен, айналулармен орындалатын жылдамдық – күштілік әрекеттерінен құралатындығын көрсетеді. Жақсы дене дайындығы қарсыласпен жекпе-жекте допты епті меңгеруге немесе оның өз торына түсуіне қарсылық көрсетуге мүмкіндік береді.
Баскетболшылар дене дайындығы жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді.
Жалпы дене дайындығы баскетболшы организм шыңдауға және дайындауға бағытталған: барлық органдар мен жүйелердің функционалды мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшық еттерді дамыту, күш, шапшаңдық, төзімділік, икемділік қасиеттерін талап деңгейіне көтеру.
Бұл міндеттерді шешу үшін жалпы дамытушы әртүрлі дене жаттығулары қолданылады.
Бірде-бір дене қасиеті жеке дами алмайды. Олардың әр қайсысының даму деңгейі келесісінен, ал келесісі өз кезегінде одан кейінгінің даму деңгейіне байланысты болады. Мысалы, баскетболшының жылдамдық төзімділігі жүгіруде көрінетін бұлшық еттер күшімен жалпы төзімділікке байланысты дамиды.
Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді.
Баскетболшыға қажет қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрыннан бар қасиеттер негізінде қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса, ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады.
Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет