1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет27/50
Дата07.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#88872
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
Силлабус 1 (2)Баскетбол оқыту әдістемесімен (1)

Сағат саны: 3
Жоспар:
1.Баскетболдағы шабуыл техникасы
2.Допты меңгеру техникасы
3.Баскетболдағы допты беру
3.Баскетболдағы допты жүргізу
4.Баскетболдағы шығыршыққа доп лақтыру
Дәріс тезистері:
Шабуылдағы баскетболшының тұрысы – қарсыластың шығырын шабуылдауды тез және тиімді бастау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ойыншы денесі буындарының бастапқы тиімді орналасуы.
Дұрыс тұрысты сақтау шабуылшының әрқашан тепе-теңдікті сақтауына және допсыз және доппен тез маневр жасауына мүмкіндік береді. Осыған орай шабуылдау техникасында дайын тұрыс (негізгі) пен допқа ие ойыншы тіреуін бөліп қарастырады.
Шабуылға дайын болған кездегі тұрыста баскетболшының аяғы оның иығы деңгейінде келіп, ойыншы оң немесе сол аяғын сәл алға қояды. Алдыңғы табанының ұшы алға бағытталып, артта тұрған аяқ бір жағына қайырылады (150-155); салмағы екі табанға бірдей түсіп, денесі тік, сәл алға еңкейеді (130-135 градус); басы жоғары, ал көзқарасы алға ұмтылған; қолы жартылай бүгулі; білектері кеудеге деңгейлесе келіп, ойыншы теңбе-теңдікті берік сақтап, орнықты жағдайда тұрады.
Допты иеленген ойыншы тұрысы да дене буындарының солай орналасуымен сипатталады, тек білектері кеудеде допты ұстап қалады, сондықтан саусақтар допты қысуды жеңілдетіп, жартылай өріс құрайды; алақандарының басы артқа бағытталады және екі білегі сол жаққа қарай сәл ығысады. Саусақтың бөліктері допты ұстауға көмектеседі: үшеуімен – сілтемелі саусақ, екеуімен – ортаңғы және бірінші (тырнақты) үлкен саусақ, аты жоқ саусақ және бас бармақ; алақан допқа тимейді.
Доптың орны шабуылшының иық белдігіне қатысты әртүрлі болып келуі мүмкін және ол шығыршықтың орналасқан жері мен қорғаушының тұрған орнына байланысты. Доп бел, кеуде, иек, иық немесе бас деңгейінде тоқтатылады.
Допты аулау. Аулау – ойыншының допқа сенімді ие болып, онымен әрі қарай шабуыл амалдарын жүргізуіне мүмкіндік беруге көмектесетін тәсіл. Допты аулау тәсілі мұнан кейінгі беру, жіберу немесе ырғыту сияқты ойын тәсілдері үшін де бастапқы қадам болып табылады, сондықтан қозғалыс құрылымы кейінгі тәсілдерді тиімді және анық орындауды қамтамасыз етуі керек. Допты ауламай тұрып-ақ ойыншы оны кейін кімге, қайда беруі керектігін қарауы керек. Оны ойыншы шеткі көзқарасы арқылы байқай алады, себебі орталық көзқарас допқа бағытталуы керек. Баскетболшы допты бір орында тұрып, күтпеуі керек, керісінше, міндетті түрде оған қарсы қозғалуы керек. Допты аулаудың белгілі бір тәсілін таңдау мен оның түрлері ойыншының ұшып келе жатқан допқа қатысына, ойыншының қозғалыс динамикасына, доптың биіктігі мен ұшу жылдамдығына байланысты.
Допты қозғалыста аулауда сол бойда шығыршыққа доп соғу немесе допты беруді орындау үшін екі адымды техниканы қолданады. Егер ойыншы допты жүгіріс үстінде аулаудан кейін соққысы келсе (мысалы, оң қолымен), ол сол аяқпен соққы орындағаннан кейін оң аяғы алға шығарып, сәл секіре, допты ұстауы керек. Мұнан кейін оң аяқпен (бірінші адым), сол аяқпен (екінші адым) соққы жасалып, секіру үстінде қолмен допты беру және соғу жүзеге асырылады. Егер ойыншы қозғалыс барысында допты ұстағаннан кейін екі аяқпен аялдама жасауды орындағысы келсе, ол соққы оң аяқпен орындалып, сол аяқ алға жылжыған кезде допты ұстап алуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет