Дене шынықтыру мен спортты басқарудың қоғамдық органдары
Дене шынықтыру және спортты басқарудың қоғамдық органдарына қоғамдық ұйымдар мен дене шынықтыру және спорт бірлестіктері кіреді. Оларға: Қазақстан Республикасының ҰОК, Ұлттық паралимпиада комитеті, республикалық федерациялар, қауымдастықтар, спорт түрлері бойынша одақтар жатады.
Осылайша ҰОК қызметі республикада және әлемде олимпиадалық қозғалысты жан-жақты дамытуға және нығайтуға, Республика халқын дене шынықтыру және спорт құралдарымен дене шынықтыру және рухани тәрбиелеуге жәрдемдесуге, Қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы тұғырын нығайтуға және беделін арттыруға бағытталған. Ол үшін ҰОК бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамытуға барынша жәрдемдеседі. Олимпиадалық қозғалыстың мәдени-тәрбиелік әлеуетін іске асырады, адамгершілік, эстетикалық және басқа да гуманистік құндылықтарды дамытады. Спорттағы жағымсыз құбылыстармен күреседі, Қазақстан Республикасы спортшыларының Олимпиада ойындарына және ХОК қамқорлығымен өткізілетін басқа да спорттық іс-шараларға қатысуын дайындауға, қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың, қауымдастықтардың, одақтардың қызметі Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негізделеді және республикада ұсынылатын спорт түрін танымал етуге, дамытуға, жеке тұлғаны дамытуда дене шынықтыру мен спорттың рөлін арттыруға, ел халқының денсаулығын нығайтуға, адамдарды сауықтыруға, адамдардың салауатты демалысы мен өмір салтын ұйымдастыруға, спорт түрлері бойынша халықаралық байланыстарды кеңейту бағытталған.
Қоғамдық басқару органдары өз қызметін мемлекеттік органдармен өзара тығыз байланыста жүзеге асырады және олардың алдына қойылған мақсаттарды бірлескен күш-жігермен шешеді.
www.sportmanagement.ru
Дәріс 6. Арнайы және жалпы бағыттағы спорттық мекемелер
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |