1. ПӘн туралы мәлімет


Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі



бет21/36
Дата04.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#156568
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
ДШжС менеджменті

Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
-Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
-Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)
-Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
-Спорттық мектеп интернаттар
Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтық құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
- Жазғы сауықтыру лагері
- Еңбек сауықтыру лагері
- Стадиондар
- Спорттық аула
- Спорттық клубтар
- Бассейндер
Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі
БЖСМ негізгі мақсаты:
1) балалар мен жасөспiрiмдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
2) балалардың белгілі бір спорт түрінен қабілетін анықтау;
3) физикалық, моральдік-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
БЖСМ негізгі мiндеттерi:
1) жаттығушылардың теория, әдістеме, спорт түрлерінің ережелерінен, тазалық және физиология саласында, қауіпсіздік техникасынан негізгі білім алуын қамтамасыз ету;
2) спорттық шеберлігінің деңгейін көтеру;
3) жаттығушылардың жас тобына сәйкес таңдаған спорт түрінен нормативтік талаптарын (тестер) орындауын қамтамасыз ету;
4) спорт түрлерi бойынша республиканың, облыстың, қаланың, ауданның құрама командаларына үміткерлерді дайындау;
5) БЖСМ жаттығушыларының спорттық іс-шараларға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
БЖСМ негізгі мақсаты:
1) балалар мен жасөспiрiмдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
2) балалардың белгілі бір спорт түрінен қабілетін анықтау;
3) физикалық, моральдік-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет