1. ПӘн туралы мәлімет



бет24/36
Дата04.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#156568
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
ДШжС менеджменті

6)спорттық резерв – жасөспiрiмдердiң және жастардың жарыстарына қатысатын спортшылар;
7) халықаралық спорттық жарыстар - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрiнен сайыстар;
8) оқушы – БЖСМ-да спортпен шұғылданатын тұлға;
9) спорттық жетiлдiру топтары – оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спорт мектептерінің оқушылары қабылданатын спортшылар топтары:

  • спорттың ойын түрлерiнен, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – 1-спорттық разряд;

  • спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберiне үмiткер»;

10) жоғары спорт шеберлiгi топтары – спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спорт мектептерінің оқушылары қабылданатын спортшылар топтары:

  • спорттың ойын түрлерiнен, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – «Қазақстан Республикасының спорт шеберiне үмiткер»;

  • спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберi»;

11) тұрақты құрам – ЖСШМ тұрақты түрде жаттықтырылатын спортшылар;
12) ауспалы құрам – оқу-жаттығу жиына және жарыстарға шақырылатын, және ЖСШМ штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен тұрақты түрде шұғылданатын спортшылар.
ЖСШМ құру үшін мына міндетті талаптар болуы керек:

  • 1) ғылымның және тәжірибиенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға және сапалы өткізуге қабілетті білікті жаттықтырушы-оқытушы құрам (бірінші біліктілік санатынан төмен емес);

  • 2) оқушыларға оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерді, қалпына келтіру іс-шараларын спортшылардың тиімді демалысын және ұтымды тамақтануын, толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін спорттың түрі (түрлері) бойынша материалдық-техникалық база (жеке немесе жалға алынған);

  • 3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарындағы спорт мектептерінің оқушыларына қойылатын талапқа сай жасы және дайындық деңгейі бойынша оқушылар;

  • 4) оқушыларды спорттық-әдістемелік (ғылым) және медициналық қамтамасыз ету.



Мақсаттары:
ЖСШМ негізгі мақсаты спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет