1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі



бет21/23
Дата14.06.2023
өлшемі100,64 Kb.
#178781
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Практикалар

16-практика
Байлық пен кедейлік
Байлық — қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым. Байлық рухани және материалдық болып ажыратылады. Рухани Байлық ұғымы әлемде немесе белгілі бір елде жасалған рухани қазыналардың жиынтығын, сол қазыналарды игеруді мұрат тұтқан жеке адам басындағы сезімақылпарасатөнербілім қабілеттерін қамтиды (қ. Руханият). Ал, материалдық Байлық ұғымы адамзат қауымына, жеке мемлекетке не адамға тиесілі материалдық игіліктерді білдіреді. Ол алғашқыда адамдардың күнделікті табиғи қажетін қамтамасыз ету мақсатымен сол адамдардың әрекеті арқылы жасалып, кейіннен меншіктену процесі барысында әлеуметтік қарым-қатынас құралына айналған. Сондықтан адамдар қарым-қатынасындағы билік, әділдік ұғымдарын қарастырып, адамзат қоғамында үйлесімділікке жету жолдарын іздеген ойшылдар Байлық ұғымын айналып өте алмаған. Жеке меншігіндегі материалдық игіліктерді еселеп өндіріп, мемлекетті (қоғамды) дамытуға ықпал еткен іскер адамдардың тәжірибесін талдаған зерттеулер мен тұтас мемлекеттегі, аймақтағы, әлемдегі материалдық игіліктерді молайту әдістерін ұсынатын экономикалық теорияларда Байлық әлеуметтік құндылықтардың бірі ретінде бағаланады. Байлықтың жеке меншіктік, қоғамдық және мемлекеттік түрлерінің тиімділігі мен әділдігі мәселесіне қатысты бір-біріне қарама-қайшы философия және социологиялық көзқарастар қалыптасқан. Маркстік дүниетаным материалдық игіліктердің, оның ішінде еңбек құралдарының жеке меншікте болуы, көбірек пайда табу мақсатымен адамды адамның қанауына соқтырып, халықтың көпшілік бөлігінің Байлықтан жатсынуын туғызады деген біржақты көзқарасты ұстанды. Осындай көзқарас негізінде материалдық игіліктерге ортақ меншік орнатып, әлеуметтік әділетті жүзеге асырудың мүмкін еместігін әлемде социологиялық жүйенің күйреуі көрсетіп берді. Кез келген қоғамда адамдардың рухани және материалдық Байлыққа қол жеткізуіне жағдай туғызылғанда ғана сол қоғамның дамуы орнықты болады. Мұндай қоғамдағы мүмкіндікті ақылмен пайдаланып, қажымай күш-жігер жұмсағандар бай болады. Ал, жалқаулық пен енжарлыққа бой салғандар кедейшілікке ұрынады. Бұл пікірді Абайша білдірсек, “Байлықты, кедейшілікті жаратқан — құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес”. Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық Байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген моральдық ұстан қалыптасқан. Осы рухани принцип қазақ қоғамындағы әлеуметтік құндылықтар мен құқықтық нормалардың имандылыққаәділеттілікке негізделуіне себепші болды. Соған қарамастан қазақ халқы Байлықты адам мұратының, әлеуметтік құндылықтардың бірі ретінде бағалаған. “Түстік өмірің болса, күндік мал жи” деген нақыл соның айғағы. Мал — дала өркениетіндегі Байлықтың басты өлшемі болды. Мыңғырған мал өсірген байлар дәстүрлі қазақ қоғамындағы экономика және әлеуметтік жүйенің негізін құрады. Олар ауылдастарына, руластарына көмектесіп, мешіт-медреселер ұстап, алғашқы газет-журналдарға демеушілік жасап, талантты жастарды шет елдерде оқытып, қоғамдағы рухани Байлықтың сарқылмауына, өсіп-өркендеуіне ықпал етті. Кеңес заманында материалдық Байлық ортақтастырылып, жалпыхалықтық меншік ұранымен бірте-бірте адамдарды Байлықтан жатсындыру саясаты жүргізілді. Мұның өзі әміршілдік-әкімшілдік жүйе құрсауының орнығуына, бұл құрсау әлсіреген кезеңде ортақ Байлықты талан-таражға ұшыратуға, нәтижесінде адамдардың Байлықты молайтуға деген ынтасының әлсіреп, қоғам дамуының әлем өркениеті көшінен кенжелеп қалуына соқтырды. КСРО ыдыраған соң, дербес мемлекеттігін қайта қалпына келтірген Қазақстанда қоғамды демократияландыру, экономиканы ырықсыздандыру процесі жүзеге асты, әлем өркениетінің үлгісімен Байлықты меншіктену нысандарының барлық түрін қорғауға мемлекет кепілдік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет