1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі



бет15/23
Дата14.06.2023
өлшемі100,64 Kb.
#178781
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Практикалар
инфекция сессия
Көркем әдебиет тілі —

  • 1) көркем шығармалардын тілі, кейбір коғамда ол күнделікті практикалыктілден ерекше болып келеді, бұл мағынада Көркем әдебиет тілі тіл тарихы мен әдеби тіл тарихынын пәні болып табылады;

  • 2) проза мен өлендегі көркем мәтіндердін, олардын жасалуы мен окылуынын негізіне жаткан поэтикалыктіл, ережелер жүйесі. Бұл ережелер лексика, грамматика, фонетикада бірынғай болғаннын өзінде кашанда күнделікті тілдін ережелерінен ерекше болып келеді.

Бұл мағынада Көркем әдебиет тілі ұлттык тілдін эстетикалык көрінісі ретінде поэтиканын, оның ішінде тарихи поэтиканың, әдеби семиотиканың пәні болып табылады.
Күнделікті карым-катынас диалектілерде іске асырылатын, жалпы әдеби тілі жоқ қоғамдарда Көркем әдебиет тілі сөйлеудің "диалектіден жоғары" түрі ретінде кызмет аткарады. Өте көне үнді еуропа поэзиясынын тілі, көне түркі ескергкіштерінің тілі жөнінде осындай пікір бар. Көне Грециядағы Гомердін "Илиада" және "Одиссея" поэмаларынын тілі бірде-бір жергілікті диалектімен сәйкеспейді, ол тек көркемөнердін, эпостын тілі.
11-практика
Еуразиялық Одақ: болашақтың стратегиясы. Тілдік нормалар
Еуразиялық одақ - бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақта­ры­мен өлшенетін мегажоба.
Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағда­рыс­тар ықпалымен басталған жаңа әлем­дік архитектураның органикалық бөлшегі болудың барлық мүмкін­дік­теріне ие.
Бұл үшін еуразиялық интеграцияға қа­тысушылардың барлығында іс-қи­мылдың анық та нақты стратегиясы болуы қажет.
Бірінші. Еуразиялық одақ әуел бастан бәсекеге қабілетті жаһандық эко­но­микалық бірлестік ретінде құрылуы тиіс.Бізді тек «модернизацияны қуушы» қағидаттарындағы дамушы елдер жи­ынтығы болудың тар шеңберлі перс­пективасы да, өзге әлем үшін мәңгілік табиғи ресурстардың үлкен перифе­риялық экспорттаушысы болып қалу­дың пешенемізге жазылуы да қана­ғаттандыра алмайды.
Әлем жаңа технологиялық төңкеріс табалдырығында тұр. Бүгінде Қазақ­стан үдемелі индустриялық-иннова­циялық даму жолын бетке алды.
Біз болашақ ұлттық инновациялық экономиканың негізі ретінде заманауи өндірістік күштердің жаңа құрылымын құрудамыз. Мұндай міндеттер Ресей­дің, ТМД-ның өзге де елдерінің алдын­да тұр.
Сондықтан біздің Біртұтас эконо­ми­калық кеңістігіміз инновациялар мен қуатты технологиялық серпін­діліктің аумағы болуының маңызы зор.Бұл үшін біздің елдерімізді да­мы­тудың модернизациялық және иннова­ция­лық ортақ алгоритмін түзу қажет.
Бұл тұрғыда сонау 1970 жылы-ақ аса ірі «AIRBUS» халықаралық авиажасау консорциумын құрған Франция, Германия және Ұлыбританияның үлгі­сі айшықты болып табылады. Кейін оларға Испания қосылды.
2010 жылдың қорытындысы бой­ын­ша «AIRBUS» жаңа ұшақтар сату мен оларға тапсырыстар қабылдау саны жө­нінен Американың «Боинг» және «Локхид» компанияларынан ай­тар­лық­тай озып кетті. «AIRBUS-тың» жыл сай­ынғы табысы 30 миллиард еуро­ға жа­қындап келеді. Бүкіл Еуропа бойын­ша орналасқан компанияның кә­сіп­орын­дарында 53 мың адам жұмыс істейді.
2006 жылдан бастап «AIRBUS-тың» барлық акциялар пакеті өз кезегінде ЕО елдері үкіметтері мен ұлттық компаниялары қаржыландыратын EADS Еуропа аэроғарыш консорциумының ие­лігіне өткен.
Дания мен Швеция Сканеде бірлескен инновациялық орталық - «ме­диконовалық аңғар» құрды.
Бүгінде бұл - лабораториялар, ком­мерциялық құрылымдар, өндірістік кә­сіпорындар шоғырланған Еуропадағы аса қуатты кластер.
Мұнда құрамына 300 компания, 14 университет, 26 медициналық клиника кіретін 7 ғылыми парк жұмыс істейді.
Мұндай жолмен жаңа технологиялар жасаудың бірлескен жекелеген аспектілері бойынша екі жақты келісімдер түзетін халықаралық инновация­лық орталықтар құруды ынталан­дыратын бірқатар елдер жүріп келеді.
Екінші. Еуразиялық одақ дамудың еуроатлантикалық және азиялық аре­алдарын қосатын мықты буын ретінде қалыптасуы тиіс.
Экономикалық тұрғыда біз Еуро­одақ­тың, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның ырғақты экономикаларын байланыстыратын кө­пір бола аламыз.
Бүгінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда.
Уақыт өте келе осы маршрут бой­ына Еуропа және Қытай рыноктарына тауарлар жеткізу мерзімін 3,5 еседен астамға қысқартуды қамтамасыз ететін заманауи көліктік-логистикалық жүйе түзілетін болады. Трансеуразиялық жүрдек темір жол желісін құрудың болашағы да зор көрінетіні сөзсіз.
Бізге Біртұтас экономикалық кеңіс­тіктің Еуропалық Одақпен, Қытай Ха­лық Республикасымен, Жапониямен, Үндістанмен арадағы ынтымақтас­ты­ғын кеңейту өзара тиімді.
Үшінші. Еуразиялық одақ жаңа жа­һандық валюталық-қаржылық жүй­е­нің бөлшегі болатын бақуатты өңір­лік қар­жы бірлестігі ретінде қалып­тасуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет