1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі



бет12/23
Дата14.06.2023
өлшемі100,64 Kb.
#178781
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Практикалар

Жүсіпбек Аймауытов (1889 жыл – 1931 жыл) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3). Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды.
Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Жүсіпбек Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында – 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды.
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды.
Ырғақ, ритм (грек. rhythmus – үйлесімділік, réo – ағу) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет