1-практика Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі



бет10/23
Дата14.06.2023
өлшемі100,64 Kb.
#178781
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Практикалар

Интонация(лат. іntono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:

  1. Мелодия

  2. Ритм

  3. Темп

  4. Қарқындылық

  5. Тембр

  6. Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.

Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Пауза (кідіріс) (лат. pausa < гр. pausis - тоқтату) — сөйлеу үстінде болатын кідіріс, үзіліс. Сөйлемдер, ондағы сөздер мен сөз тіркестері әр уақытта бірсыдырғы ұласқан әуенмен айтылмай, әредік олардын арасы үзіліп айтылады. Пауза ұзақ сөйлемді, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді немесе сөйлем мүшелерін айырып нақтылап айтуда кездеседі. Мысалы:

  • Кірпік қақпай//қадалып ұмтылған Базаралы// енді тебініп кеп// жирен айғырлы жылқышы мен Әзімбайдың// екі арасынан ағындап кіре берді (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).

7-практика
Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы «ар» тақырыбы. Мелодия
Шәкәрім өз шығармаларында адамдық, адамгершілік мәселесіне көптеп тоқтаған. Оның шығармаларында «ар білімі» деген термин көптеп қолданылған. Ол «ар» сөзін «совесть» деп тәржімалаған. Ар дегеніміз не? Ол тек адамға ғана қатысты түсінік. Михаил Лермонтов: «Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нәрсе бар, ол - ар» деп айтқан. Абай аудармасында ол өлең былайша келтірілген:
Менің сырым, жігіттер, емес оңай,
Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.
Шәкәрімнің ұстазы, әрі туысы ұлы Абайдың адамгершілік, арлылық деген ұғымдарын өзі де өміріне үлгі етіп алған.
Философ Ғарифолла Есімнің айтуынша: «арлы адам, алдымен, құдайына қараған, құдай мақұлдамайтын іске бармайтын адам. Ар - әр адамның өз ісінің төрешісі». Ғ.Есім: «Құдай құратын «сотқа» дейін адам өзінің арының алдында жауап бермек»,- дейді. «Менандрдың: Әр адамның құдайы - өзінің ары» деген сөзі тағы бар.
Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.
Ар - адамдық сананың негізі деп: «ар түзер адамның адамдық санасын» деген өлең жолдарымен Шәкәрім де айтқан. Шәкәрімше айтқанда ар өзіне жақын, әлі ара жігі ашылып зерттелмеген ұят, ұждан ұғымдарымен бірлікте.
Шәкәрім «Ашу мен ынсап» атты өлеңінде «ар» сөзін бірнеше рет қайталанған:
Бәріне де құлақ сал,
Рахым, ұят, ар қайда?
Және:
Көп наданнан жасқанып,
Сорлың елге бас ұрған.
Рахым, Ұят, Арының,
Бетін топырақ жасырған.
Және де:
Дайын қылдым бәрін де,
- Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,
Ынсап деген кәрің де.
Бұл өлеңде ар адам бойындағы ашу-ызаға қарсы, ынсапқа жақтас қасиет ретінде көрініс тапқан. «Жастық туралы» деген өлеңінде:
Қарамай ұят, арына,
Жанды қиып жарына,- дейді. Шәкәрім өлеңдерінде, аудармаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін жиі көтереді. Оның шығармаларында өзінің ішкі табиғатына, көзқарасына сәйкес келетін және сол идеясын жеткізуге лайық детальдар мен сюжеттік элементтер тапқанда ғана сол туындыны жазуға бой ұрады.
Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?
Көз жұмып,"көппен көрген ұлы той" деп,
Береді бұл надандық кімге пайда?- деген қазаққа Шәкәрім ең бірінші орынға арды қояды. Көпен көрген ұлы той деген сылтау тауып арға нұқсан келеін істің бәрін ақтап алатын қазақ болмысын сынайды.
"Ақылды сол - нысап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды".
Нысап пен ардың қатар аталуы бұл екі ұғымның өзара жақындығы сабақтастығы туралы айтады. Адамда нысап болса арболғаны. Нысапсыз адам арды ойланбай-ақ аттап кететінін меңзейді ақын бұл жолдарда. Адалдықпен адал асын алған жан нағыз арлы адам деп тұжырымдайды. Мелодия (гр. melodіa – ән, әуен) – белгілі бір көркем ойды бейнелейтінырғағы мен ладтық-интонациялық жағынан жүйеге келтірілген дыбыстар тізбегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет