4-практика Мұхит асқан туынды. Білім жарығы. Біріккен сөздер,тіркесті сөздер емлесі. Мамандандырылған сөздер Біріккен сөздер — екі, кейде одан да көп сөздердің бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөзді атайды. Бірікке сөздер сөз табының барлығында ұшырасады.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
1) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;
2) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.
Кейбір біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған.
Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні), білезік (білек+жүзік).
Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылуы. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:
Салаласа тіркескен біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде): біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т.б.);
Сабақтаса тіркескен біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады): алабұға,қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б.
Екі компоненттің бірігуі арқылы пайда болған біріккен сөздерді сөзжасамның бір тәсілі деп қарауға болады. Олар әр түрлі мағына береді:
адам, зат, өсімдік, жануар, ұғым атауы. Мысалы, бой+жеткен, қол+жазба, қой+бүлдірген, ақ+құман, алты+атар, алты+бақан, т.б.
экспрессивті ауыспалы мағына. Мысалы, ақ+жүрек, ақ+ +көңіл, ақ+сүйек, ала+ауыз, алып+сатар, арам+тер, ашық+ауыз, бақ+құмар, басы+байлы, бет+ашар, қаңғы+бас, т.б.
Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бөлек жазылады. Мысалы: боз торғай, сөз таптары, қара торы, уш жуз т. б.
Тіркесті сөздерге күрделі зат есімдер (мәдениет сарайы, Алматы қаласы, ауыл шаруашылығы т. б.), күрделі сын есімдер (кара кер, бидай өңді, ат жақты, ұзын бойлы т. б.), күрделі сан есімдер (он үш, екі жүз сексен бес т. б.), күрделі үстеулер (күні бойы, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін т. б.) жатады.