«Электромагниттік толқындар.
Эксперименталдық және мазмұнды есептер шығару»
І нұсқа
Неліктен автомобильдің радиоқабылдағышы эстакада немесе копір астынан өткенде нашар жұмыс істейді?
Жауабы: электромагниттік толқындар көпірден, эстакададан шағылады
Егер халықаралық келісім бойынша радиотолқынның ұзындығы 600м-ге тең болуы керек болса, кемелер қандай жиілікте SOS апат сигналын береді?
Жауабы: 500кГц
Егер контурдың 50мкГн индуктивтікте толқын ұзындығы 300м электромагниттік тербелістермен резонанстық бапқа келтірілгені белгілі болса, контурдың сыйымдылығы қандай?
Жауабы: 507пФ
Радиолокатор импульстік режимде жұмыс істейді. Импульстің қайталану жылдамдығы 1700Гц, ұзақтығы 0,8мкс. Осы радиолокатордың нысананы байқайтын ең алкен және ең кіші қашықтықтарын анықтаңдар.
Жауабы: lmin=120м, lmax=90км
ІІ нұсқа
Неліктен сүңгуір қайық су астында жүргенде электромагниттік толқындар көмегімен радиобайланысты жүзеге асыруға болмайды?
Жауабы: тлқындардың су бетінен шағылу есебінен
1400кГц жиілікте жұмыс істейтін радиостанциядан таралатын толқын ұзындығы неге тең?
Жауабы:214,3м
Тербелмелі контур индуктивтігі 0,5Гн катушка мен сыйымдылығы айнымалы конденсатордан тұрады. Тербелмелі контурды қандай сыйымдылықта 400м толқында жұмыс істейтін радиостанциямен резонанстық бапқа келтіруге болады?
Жауабы: 0,9пФ
Телеорталық антеннасының теңіз деңгейінен биіктігі 300м, ал телевизиялық қабылдағыштың қабылдау антеннасының биіктігі 10м. Телехабарды сапалы қабылдау үшін қабылдағышты таратқыштан қандай қашықтықта орналастыру керек?
Жауабы: 73км
№7 практикалық жұмыс «Электромагниттік толқындарды компьютерлік модельдеу және олардың қасиеттерін зерттеу»
(Электрондық оқулық 11 сынып)
І нұсқа
Электромагниттік толқындардың негізгі қасиеттерін атап беріңдер. Электромагниттік толқындар:
Энергияны …
…;
…;
… ие;
…ие;
…;
….
Жауабы:
1) Энергияны тасымалдайды
2) шағылады;
3) сынады;
4)дифракцияға ие;
5)интерференцияға ие;
6)жұтылады;
7)поляризацияланады.
2. Тербелмелі контурда электромагниттік толқындар түріндегі сәулеленуге жұмсалатын энергияны қалай арттыруға болады? Жауабы: антеннаны қосып, жиілікті арттыру керек.
3. 1897жылы орыс физигі Лебедв толқын ұзындығы 6мм электромагниттік сәулені алды. Осы толқындардың периоды мен жиілігін есептеңдер. Жауабы: 2*10-11с, 5*1010Гц
4. Радиолокатордан жіберілетін импульстердің жиілігі 1500Гц. Импульстің ұзақтығы 1мкс. Локатор нысананы байқай алатын ең алкен және ең кіші қашықтық қандай?
Жауабы: 100км, 150м
ІІ нұсқа
Электромагниттік толқындардың негізгі қасиеттерін атап беріңдер. Электромагниттік толқындар:
Энергияны …
…;
…;
… ие;
…ие;
…;
….
Жауабы:
1) Энергияны тасымалдайды
2) шағылады;
3) сынады;
4)дифракцияға ие;
5)интерференцияға ие;
6)жұтылады;
7)поляризацияланады.
2. Электромагниттік толқындар мына заттардың қайсысынан шағылады: металдардан әлде диэлектриктерден? Жауабы: металдардан
3. Индуктивтігі 1мкГн контур ұзындығы 50м электромагниттік толқын шығарады. Контурдың сыйымдылығын анықтаңдар. Жауабы: 700пФ
4. Радиолокатор 15см толқында жұмыс істеп, секундна 4000импульс жібереді. Әрбір импульстің ұзақтығы 2мкс. Әр импульсте қанша тербелістер болады және локатордың ең алкен барлау қашықтығы қандай?Жауабы: 4000, 37,5км
№8 практикалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |