> командасы жазылуы қажет.
Тақырыптық файлдардың типі h болады (h- header- тақырып).
Паскаль тіліндегі сияқты C++ тілінде де бағдарламада қолданылатын айнымалылар алдымен сипатталуы (хабарлануы) қажет. Оның жалпы түрі:
типтің_ аты айнымалылар_ тізімі;
Мысалы: int a,b;
char k1,k2,k3;
unsigned char c;
float x1,y1;
double e,f,g;
Бағдарлама денесі main() функциясынан кейін орналасады. Жалпы түрі:
Бағдарлама денесі main() функциясынан кейін орналасады. Жалпы түрі:
main()
{
операторлар;
}
Бағдарлама денесі {} фигуралық жақшаға алынады.
Экранға форматтап шығару операторы
Экранға форматтап шығару операторының жалпы түрі төмендегіше болады:
printf(“формат жолы”, аргументтер тізімі);
printf() операторында экранға шығатын айнымалының форматын көрсететін түрлендіру спецификаторы қолданылады. Ол % белгісінен басталады. Төмендегідей түрлендіру спецификаторы қолданылады:
%d- таңбалы бүтін сан
%f- тұрақты үтірлі нақты сан (float)
%u- таңбасыз бүтін сан (unsigned)
%e- жылжымалы үтірлі нақты сан (double)
%c- символ
%s- жол
%ld- ұзын бүтін (long int)
%hu- таңбасыз қысқа бүтін (short unsigned)
%Lf- ұзын нақты(long double)
printf() операторын қолдану мысалдары:
printf(“\n Қосынды=%d”, S);
printf(“\n S =%d”, S);
printf(“ Есептің нәтижесі”);
printf(“ \n Шеңбер ауданы=%f”, 3.14*R*R);
Мұндағы, %d, %f экранға шығатын бүтін және нақты айнымалының спецификаторы.
Нақты санды экранға форматтап шығаруға болады. Ол үшін екі параметр көрсетіледі:
өріс ені- айнымалыға экраннан бөлінетін орын саны
дәлдік- бөлшек бөлікке бөлінетін орын саны
Олар % және формат символының арасында бір- бірінен нүктемен бөлініп жазылады.
Мысалы: x=5.234532;
printf(“\n x=%4.2f”,x);
Нәтижеде экранға x=5.23 саны шығады.
Форматтап енгізу операторы
Пернетақтадан форматтап енгізу операторының жалпы түрі төмендегіше болады:
scanf(“формат жолы”, аргументтер тізімі);
Аргумент алдында & айнымалы адресінің операциясы жазылады.
Мысалы: scanf(“%d”, &x);
scanf(‘%d%d%f”,&a,&b,&y);
Деректерді енгізу- шығаруды жүзеге асыратын printf(), scanf() операторлары stdio.h тақырыптық файлында орналасқан. Сондықтан, бағдарламада осы екі оператор қолданылатын болса, онда бағдарлама тақырыбында #include <stdio.h> командасы жазылуы қажет. (stdio- standart input output- стандартты енгізу шығару)
Мысал 1. Радиусы берілген дөңгелектің ұзындығын және шеңбердің ауданын табу бағдарламасын құрыңдар.
#include
#include
main()
{ const float pi=3.14;
int r; float L,S;
printf(“ радиусты енгіз”);
scanf(“%d”,&r);
S=pi*r*r;
L=2*pi*r;
printf(“\n S=%4.2f L=%4.2f”, S,L);
getch();
}
Бағдарламаны орындатып, радиусқа 5 мәні енгізілсе, нәтижеде S=78.50 L=31.40 мәндері шығады.
Бағдарламаның нәтижесі кез келген пернені басқанға дейін экранда көрініп тұру үшін conio.h тақырыптық файлында анықталған getch() операторы қолданылады.
Мысал 2. Берілген үш таңбалы бүтін санның цифрларының қосындысын табатын бағдарлама құрыңдар.
#include
#include
main()
{ int x,y,a,b,c;
printf(“ үш таңбалы санды енгіз”);
scanf(“%d”,&x);
a=x/100;
y=x%100;
b=y/10;
c=y%10;;
printf(“\n S=%d”,a+b+c);
getch();
}
Бағдарламадағы “%” операциясы бүтін санды бүтін санға бөлгендегі қалдықты, ал “/” операциясы санды санға бөлгендегі бүтін бөлікті анықтайды.
Windows 7 операциялық жүйесінде С/С++ бағдарламалау тілінде жұмыс жасау үшін Dev- C++ бағдарламасы қолданылады. 1- cуретте бағдарламаның жүктелу терезесінің интерфейсі көрсетілген.
Dev- C++ Windows операциялық жүйесінің басшылығымен жұмыс жасайтын, С және С++ тілінде бағдарламалау үшін арналған интеграцияланған орта.