1 Психология тарихы және салалары. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері


Ойын – мектепке дейінгі жаста іс – әрекеттің негізгі түрі. М.Д. Жаста ойынның даму ерекшеліктері



бет20/29
Дата07.02.2022
өлшемі81,89 Kb.
#84928
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
психология жауап

20. Ойын – мектепке дейінгі жаста іс – әрекеттің негізгі түрі. М.Д. Жаста ойынның даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын ала-
тын іс - әрекет бұл – ойын. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бipi.В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты[4].
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектеп жасына дейінгі балалар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік - ойындар», «қимылды ойындар», «дидактикалық ойындар» жас өспірімдердің сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін құрайды.
Ойынның түрлері:дидактикалық ойын, шығармашылық ойын, сюжеттік рөлдік ойын, қимылды ойындар, ұлттық ойындар, педагогикалық ойындар[5].
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.«Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап», «4 - ші не артық?», «Есіңде сақта», «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу үдерісінде
балалардың тілін дамыту, сөздік қорын көбейту жолында төмендегі тәсілдер ұсынылады:баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы өзара ұштасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет