1 Психология тарихы және салалары. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері


Мектепке дейінгі жастағы жемісті іс-әрекеттің түрлері. Бейнелеу іс-әрекетінің даму кезеңдері



бет21/29
Дата07.02.2022
өлшемі81,89 Kb.
#84928
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
психология жауап

21. Мектепке дейінгі жастағы жемісті іс-әрекеттің түрлері. Бейнелеу іс-әрекетінің даму кезеңдері.
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Қалайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын кебінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.

Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентификация») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет