1. Психологиядағы ерік түсінігі Ерікті актінің құрылымы


Стресс. Стресс - бұл күтпеген



бет3/5
Дата03.10.2023
өлшемі28,87 Kb.
#183478
1   2   3   4   5
Байланысты:
1. Психологиядағы ерік түсінігі Ерікті актінің құрылымы-emirsaba.org

Стресс. Стресс - бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез-құлық стрестік күйлер болып табылады. Бұл жағдайда мақсатты әрекетті, зейінді аудару мен бөлуді жүзеге асыру қиынға соғуы мүмкін, тіпті, әрекеттің жалпы тежеліске ұшырауы немесе мүлдем бұзылуы мүмкін. Стресс кезінде қабылдау, ес қателіктері, кенеттен көрінген қарсыластардың санын анықтауда күтпеген жерден туған әсерге сай келмейтін реакциялар т.б. болуы мүмкін. Стрестік жағдайдағы мінез-құлық көбінесе адамның жеке басының ерекшелігіне оның жағдайды тез бағалай білуіне күтпеген жағдайды қолмақол бағдар табу дағдысына, ерік жинақтылығына, батылдығына, әрекет мақсаттылығы мен ұстамдылығының өрбуіне, осы тәрізді жағдайда бастан кешірген мінез-құлық тәжірибесіне байланысты болып кедеді.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. «Фрустрация»латынша аударғанда - көнілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісімен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі кұлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Фрустрация кезінде адам өте күшті нервтік-психикалық күйзеліске түседі. Ол әбден өкіну, ызалану, жабырқау, айналадағыға мүлде селқос қарау, өзін-өзі жазғыру түрінде көрінеді. Фрустрацияның өту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шешілуіне байланысты болады. Фрустрация әлсіреуі, тыным табуы немесе күшейуі мүмкін. Егер шиеленіс шешімін таппаса, онда фрустрация басқа жағдайда басталады.
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі – эмпатия деп аталады. Эмпатия - адамның өзгелер қайғы - қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып көрсеткен - америкалык психолог Э. Титченер. Ол адамның бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірибесіне, мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.
Психологияда сезімді - моральдық (адамгершілік), интеллектуалды (танымдық), эстетикалық деп бөледі. Моральдық сезімдердегеніміз - қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көніл - күйі. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те атайды. «Мораль» - «морале» деген француз сөзі. Мағынасы - адамгершілік. Адамгершілік сезімі қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік сезім көрнісінен байқалып тұрады. Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі -. Олар ойда және тебіреністерде ғана емес, сондай-ақ адам өзінің барлық күші мен энергиясын жұмсайтын белсенді әрекетте де жүзеге асады. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет