1. Психологиядағы ерік түсінігі Ерікті актінің құрылымы


Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.)



бет2/5
Дата03.10.2023
өлшемі28,87 Kb.
#183478
1   2   3   4   5
Байланысты:
1. Психологиядағы ерік түсінігі Ерікті актінің құрылымы-emirsaba.org

Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.),
екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым ерекше, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары).
үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық т. б. ) бөлінеді.
Тоқтамға келу дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдеріне келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып аптықпайды. Тек осындай жағадайда ғана адам алдындағы ІСІН дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады.
Табандылық. Мінез- құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі мақсатқа сай бағыттап, бағалап отыру қабілетінен көріетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа толы, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамнын ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Ұстамдылық немесе сабырлық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңіл күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиетін айтады. Ұстамдылық адамның өз ерік-жігерін билей алу қасиеті. Отан соғысы батырларының, біздің космонавтарымыздың, ұшқыштарымыздың мінез-құлқы тамаша ұстамдылық үлгісі. Тәртіптілік - дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллекивтің ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам негұрлым өз қылығының қоғамдық мінін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.
Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам тіпті өзіне өлім қауіпі төнсе де сасқалақтамайды, өзрухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет