Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Ортақ тақырып: Өзім туралы
1-бөлім: Мен және қоғам
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Отбасындағы мерекелер
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Мерекелер
|
Оқу мақсаттары
|
1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
|
Бағалау критерийлері
|
Отбасылық мерекелердің бірін сипаттай алады
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Жаңа тақырыпты меңгереді;
Көптеген оқушылар: Жалпы ұлттық мерекелер туралы біледі;
Кейбір оқушылар: Өз отбасындағы дәстүрлі мерекені қалай атап өтуге болатын жоспарлай алады;
|
Ойлау деңгейінің дағдылары
|
Біледі, түсінеді, қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Отбасы, мереке, дәстүр
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- Түймедаққа кімдерді жаздыңдар?
- Бұл адамдарды біріктіретін не?
- Саған қандай отбасындағы қандай мереке ерекше ұнайды?
- Неге?
- Мерекені қалай қызықты етіп өткізуге болады?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Бүкіл адам баласын бауыр, дос тұтып, көпшіл болуға тәрбиелеу. Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыстар
|
Сауат ашу, өзін-өзі тану, музыка
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Слайд
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар өзінің отбасы туралы біліміне сүйенеді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(С) Ойын. «Түймедақ»
Оқушылар түймедақтың әр күлтесіне отбасына қатысты сөздерді жазуы тиіс.
(Т) Кел, талқылайық!
- Түймедаққа кімдерді жаздыңдар?
- Бұл адамдарды біріктіретін не?
- Олай болса, біз бүгінгі сабақта Отбасылық мерекелер туралы айтамыз.
|
Түймедақтың суреті
|
Сабақтың ортасы
Саралау
|
(Т) Сен білесің бе?
Әр түрлі мерекелерге байланысты суреттер беріледі. Оқушылар сол мерекелер туралы білгендерін айтады.
- Саған қандай отбасындағы қандай мереке ерекше ұнайды? Неге?
(Ж) Орындап көр:
Отбасыңда атап өтетін мерекені ойлап тап
Оны қалай қызықты етіп өткізуге болады? Өз іс-әркетіңді жоспарла.
Мереке өткізуге қажетті заттардың тізімін жаса
|
Тақырыптық суреттер
Қағаз, қалам
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия. «Баспалдақ»
Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Олай болса, бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді баспалдақ арқылы бағалайық.
1-баспалдақ: Еш нәрсе түсінбедім, орындай алмаймын.
2-баспалдақ: Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.
3-баспалдақ: Жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын.
|
Баспалдақ салынған суреттер
|
Достарыңызбен бөлісу: |