Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі



Дата23.08.2017
өлшемі49,91 Kb.
#25020
Ақтөбе қаласы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының

бастауыш класс мұғалімі

Умарова Н.Н.




Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ортақ тақырып: Өзім туралы

1-бөлім: Мен және қоғам

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Отбасындағы мерекелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Мерекелер

Оқу мақсаттары

1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

Бағалау критерийлері

Отбасылық мерекелердің бірін сипаттай алады

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар: Жаңа тақырыпты меңгереді;

Көптеген оқушылар: Жалпы ұлттық мерекелер туралы біледі;

Кейбір оқушылар: Өз отбасындағы дәстүрлі мерекені қалай атап өтуге болатын жоспарлай алады;

Ойлау деңгейінің дағдылары

Біледі, түсінеді, қолданады

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Отбасы, мереке, дәстүр



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Түймедаққа кімдерді жаздыңдар?

- Бұл адамдарды біріктіретін не?

- Саған қандай отбасындағы қандай мереке ерекше ұнайды?

- Неге?

- Мерекені қалай қызықты етіп өткізуге болады?




Құндылықтарды дарыту

Бүкіл адам баласын бауыр, дос тұтып, көпшіл болуға тәрбиелеу. Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Бастапқы білім


Оқушылар өзінің отбасы туралы біліміне сүйенеді.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы



(С) Ойын. «Түймедақ»

Оқушылар түймедақтың әр күлтесіне отбасына қатысты сөздерді жазуы тиіс.


(Т) Кел, талқылайық!

- Түймедаққа кімдерді жаздыңдар?

- Бұл адамдарды біріктіретін не?

- Олай болса, біз бүгінгі сабақта Отбасылық мерекелер туралы айтамыз.




Түймедақтың суреті



Сабақтың ортасы

Саралау



(Т) Сен білесің бе?

Әр түрлі мерекелерге байланысты суреттер беріледі. Оқушылар сол мерекелер туралы білгендерін айтады.



- Саған қандай отбасындағы қандай мереке ерекше ұнайды? Неге?

(Ж) Орындап көр:

  1. Отбасыңда атап өтетін мерекені ойлап тап

  2. Оны қалай қызықты етіп өткізуге болады? Өз іс-әркетіңді жоспарла.

  3. Мереке өткізуге қажетті заттардың тізімін жаса

Тақырыптық суреттер


Қағаз, қалам



Сабақтың соңы



Рефлексия. «Баспалдақ»

  • Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

  • Олай болса, бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді баспалдақ арқылы бағалайық.

1-баспалдақ: Еш нәрсе түсінбедім, орындай алмаймын.

2-баспалдақ: Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.

3-баспалдақ: Жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын.




Баспалдақ салынған суреттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет