1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет88/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
Ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық дайындық тәжірибесінде ойын әдістері операциондық және рольдік деп екіге бөлінеді. Операциондық ойындар (басқарушылық, іскерлі) өмірдегі тұлғалық аспектілерге қарағанда, құралды оқыту аспектісі әлдеқайда басымырақ, формальды және минималды. Мұндай ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кәсіби мәселелерді шешу іскерлігін қолдануға бағытталған.

Рольдік ойындар өз қалауына қарай белгілі бір рольді орындауға арналған. К.С.Станиславскийдің актерлік тренинг жүйесінде рольдік ойындарды өткізу тәжрибесі жайлы көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бұл текке емес, себебі «...театр рольдік ойындардың бастамасы, символикалық ықпалдың тұжырымдамасы, адам тұлғасының үлгісі және өзін-өзі тануда қолданатын тәсілдер, сонымен қатар, психотерапевтік драматизация және инсценизация, имагопсихотерапия және топтық белсенді әдістердің рольдік варианттары сияқты психологиялық әлеуметтік- тәжірибелік лабораторияның алғашқысы деп есептеуге болады». Психология мен театрдың байланысы Я.Мореноның «психо-драма» әдісінде көрсетілген.

Психодрамада қолданатын рольдік ойындар базалық және жағдайлық деп бөлінеді. Базалық рольдық ойындардың әмбебап психологиялық маңызы бар және олардың мазмұнына қарамастан түрлі психологиялық мәселелерде қолдануға болады.

Бұл «өзін-өзі таныстыру», «диалог», «монолог», «дубляж», «рольмен алмасу», «репликалар айту», «рольдерді орындау», «бос зал», «айна» сияқты техникалар. Жағдайлық-рольдік ойында шектеулі негіз бар, олар қарастырылатын мәселелердің ерекше мазмұнымен бір-бірімен тығыз байланысты. Оның мақсаты – сабақ барысында пайда болатын терапевтикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Н.Н.Богомолованың пікірінше, жағдайлық-рольдік ойындардың мәні қатысушыларға берілген проблемалық жағдайды импровизаялап ойнау болып табылады.



Д.Книппер рольдік ойындарға сәйкес оларды өткізуде мынадай қағидаларды ұсынды: - рольдік ойындар, нақты бейнелеу мен қоршаған ортаның жансыз жақтарына негізделу қажет;

– көрселетін іс-әрекет аутентивті, яғни дұрыс және дәлме-дәл болу керек. Өзінің іс-әрекеттерін еркін көрсетіп, ойынға толығымен қатысып, қатысушы өзінің қиыншылықтарын қазіргі жағдайда болатындай етіп көрсету қажет;

– рольдік ойындарды ойнаған кезде, ішкі үрдістерді драмалық түрде «іштен шығару» және уақытша сипаттардың өзгеруі арқылы ойындағы белгілі бөлімдердің шамасының артуы сияқты таңдаулы фокусировка болу қажет;

– рольдік ойындарда көрсетілетін эпизадтардың өзара байланысы дәйектелінеді. Мұндай қағиданың алғы шарттары ретінде, рольдік ойындар бір эпизодтан басқа эпизодтарға дәйекті көшу арқылы максималды терапевтикалық тиімділік артады және кейбір эпизодтардың өзара байланыстан құралуы болып табылады.



Я.Морено рольдік ойындарды келесідей түрлерге бөледі: импровизациялық ойын – топтағы қатысушылардың қалауы бойынша жүргізіледі және ойынға қатысушылардың қияли мен шынайы ұсыныстарына сәйкес өз бетімен өрбиді; рольдік ойындар әлеуметтік-педагогикалық қызметті орындау ретінде - бірдей рольдік тәртіпке оқыту, рольдерді интеграциялау және рольдік ебедейсіздікті алдын алу (адамның өміріне жаңа рольді енгізу); жағдайлық ойын – қиынға түскен әлеуметтік жағдайларды алдын алу іскерлігін иелену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет