Практикалық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі.
Оқыту әдістемесі – оқыту үдерісі барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекетттестік формасын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Оқытудың негізгі үш әдісін көрсетуге болады: енжар, белсенді және интербелсенді әдістер. Практикалық жұмыстар - оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) "лабораториялық-практикалық жұмыс" деген термин қолданылады. Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау — анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Практикалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты. Мысалы, химиядан практикалық жұмыс химиялық құбылыстарды түсіндіруге жөне бақылау біліктілігін дамытуға; заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; оқушыларды химиялық лабораториядағы жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстырады; заттармен, химиялық ыдыстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. практикалық жұмысқа табиғи объектілерді анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстар, эксперимент жатады. Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жалықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне болады.
Рөлдік ойын — біріккен топтық ойын, мұндай ойынға қатысушылар әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайды (әлеуметтік рөл): анасының, әкесінің, тәрбиешінің, дәрігердің, оқушының т.с.с. Рөлдер теориясы — әлеуметтік рөл түсінігіне сүйенетін, тұлғаның және тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік психологиялық теориясы. Рөлдер теориясы адамның рөлдік қылықтық терминдеріндегі тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |