1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет94/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
Нурланова Асемгуль Еркебулановна

100. Орта және жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері үшін психологиялық-педагогикалық тренингтер.

Қазіргі таңда оқушылардың білімін жетілдіруге оны жан –жақты дамытуға жол ашатын технологиялар баршылық, солардың бірі- педагогикалық тренингті болашақ маманды дамыту құралы ретінде оларды шығармашылыққа баулыйтын және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін тиімді технологиялардың бірі ретінде қолданамыз. Орта және жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері үшін психологиялық-педагогикалық тренингтер оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы. Тәрбиелік педагогикалық тренинг тиімді де әсерлі өтуі үшін тренингтің бағдарламасын жасау қажет. Тренингтің бағдарламасында үш компонент болуы шарт:

1) Оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды талдау. (жекелеген оқушыларды) толғандырып, қызықтырып жүрген көкейкесті мәселені көпшілік талқысына салу.

2) Тренингтің мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдай алу.

3) Тренингтің нәтижесін бағалай алу, диагностикалық сараптама жасау. Тренингтің бағдарламасының бірінші компоненті – жеке оқушының өтініш-сұраныстарын ескерген абзал.

Тренинг бағдарламасының екінші компоненті – тренинг мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдауда «тренинг әдістері» және «тренинг құралы» деген екі терминді бір-бірінен ажыратып алуымыз керек. Тренинг әдістері – үлкен белсенділікті қажет етіп, танымдылық қызығушылықты оятатын ойын әдістері. Оларға жататындар: - сюжеттік, рөлдік ойындар; - миға шабуыл; - дөңгелек үстел; - пікірталас және т.б.

Тренингтің ақпараттық құралының артықшылығы – аз уақыт ішінде көп мағлұмат бере алады, ал кемшілігі – сыныптағы оқушылардан кері байланысты қамтамасыз ете алмайды.

- тренинг кезіндегі әртүрлі қарым-қатынас (әр түрлі рөлдерге бөлу) оқушының өз өмірінде жеке тұлға болып қалыптасуына себебін тигізеді;

- күнделікті өмірде байқалмай жүрген нәрселерге назар аудару, оны жаңа қырынан тануға көмектеседі;

- әртүрлі жағдаяттар кезінде тиімді әдіс-тәсілдер пайдалануды, шешімді лезде табуға үйретеді;

- кері байланыстың болу нәтижесінде тренингтің тиімділігін арттыру;

- кейбір жаттығуларды бірнеше рет қайталау барысында оқушыда практикалық дағды қалыптасады;

- түпкі нәтижесіне қарамай, қате пікірлерді де айтып, бұдан былай осы нәрсемен айналысуға болмайтындығын ұқтырады;

- өз ойын еркін айтуға, тіпті қателесуге құқық береді, оқушы өз іс-әрекетін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алады; - оқушылардың танымдық қызығушылығын оятып, өмірлік позициясын айқындап, белсенділіктерін арттырады;

- материалды тыңдаушыға жеке элементтерге бөліп, түсінікті беруге үйретеді.

Тренингтің диагностикалық сатысында көбіне сауалнама, сұхбат, тест сияқты әдістер қолданылады. Тренинг барысында сенің айтқан пікіріңе қалған оқушылар тарапынан қандай жауап, реакция, сезім, көңіл-күй аңғардың? - Тренинг барысында өзің тыңдаушы рөлінде болғанда, қалған ойыншылардың ой-пікірі саған қалай әсер етті? Көңіл-күйің қалай өзгерді?



Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.

Педагогикалық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет