Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект- субекті)
Әріптестік немесе субъект-субъекті қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың сезімі, көңіл- күйі, мазасыздануы ескеріледі, басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.
Бұл ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін жасырмай, мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік беретін сенімділік, ашықтық, қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады. Бұл ұстаным топ мүшелерінің өз-өзіне толық зерттеу жүргізе алатындығына орай, шығармашылық ұстанымымен тығыз байланысты.
Біз тоқталып өткен ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асуы — әлеуметтік-психологиялық тренинг тобы жұмысының тиімді болуының басты талаптарының бірі. Ол бұл жұмысты психологиялық әсер етудің және оқытудың басқа әдістерінен ерекшелендіреді. Сондай-ақ, тренингтік топтардың жұмысының өзіндік ұстанымдарымен қатар, топта орын алып отырған жағдайды тұрақты түрде үйлестіріп отыратын жаттықтырушы жұмысының өзіндік ұстанымдарын да атап кеткен жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау барысында, тренингті өткізуге кірісер алдында және жұмыс барысында:
Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?
Неге мен ол мақсатқа жеткім келеді?
Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді? – деген сұрақтар қоюы
тиіс. Жаттықтырушы топпен жұмыс істеу барысында зерттеу жүргізу арқылы бұл сұрақтардың жауабын таба алады. Зерттеу нысанына төмендегілер жатады:
Тренингтің тиімділігі жаттықтырушы жүргізген зерттеудің барабарлығына ғана емес, сонымен қатар, алдына қойған қандай да бір мақсатқа жету үшін қаншалықты құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |