2.3-кесте
CMY комбинациялары
Бірақ қағазға басып шығарғанда, қара түс күлгін қоңыр болады, сұр болса сұр түске ұқсамайды, ал күңгірт түстерді жасау қиындау болып келеді. Ақырғы түсті қалыпқа келтіру үшін тағы бір қара бояу қолданылады. Қағазда басып шығару үшін CMYK ( ағылш. С – Cyan, көгілдір, M – Magenta, қызыл күрең, Y – Yellow, сары, – blac K, қара) (субтрактивті модель) қағидасын пайдаланады. Соңғы әріптің мағынасын ашсақ ол blac K сөзінің қысқаруынан шыққан. CMYK қағидасында әрбір түстің негізгі мағынасы «түссіздік» дегенді білдіреді және 0 % бен 100 % аралығында анықталады (бояулар саны).
Сонымен қатар келесі түстер моделі де бар: grayscale (сұр түс реңі), HSB ( ағылш. Hue – реңі немесе өңі, Saturation – түс қанықтылығы, Brightness – ашықтық) және HLS ( ағылш. Hue – реңі немесе өңі, Lightness – жеңілділігі, Saturation – түс қанықтылығы), Saturation, LAB ( ағылш. Luminance – жарықтылығы, A – бұл жасылдан қызыл күрең түске дейінгі түстер гаммасы, B – көгілдірден сарыға дейінгі түстер гаммасы), CIE XYZ ( ағылш. Commission Internationale de l'Eclairage), RYB ( ағылш. Red – қызыл, Yellow – сары және Blue – көк), NCS ( ағылш. Natural Color System – түстердің табиғи жүйесі), PMS ( ағылш. Pantone Matching System – Пантон түстер моделі).
Достарыңызбен бөлісу: |