1 раздел Основные понятия информатики



бет32/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Векторлық кескіндер
 Векторлық кескіндер түзу сызық, тіктөртбұрыш, дөңгелек және мәтін фрагменті секілді элементтерден тұрады, онда әрбіреуі өзінің жеке қабатында орналасады. Әрбір қабаттың пиксельдері басқа қабатқа тәуелсіз түрде орнатылады. Векторлық кескіннің әрбір элементі арнайы тіл арқылы түзулердің математикалық теңдеулері, доға, дөңгелек және т.б. объектілер көмегімен сипатталады. Осы қарапайым графикалық объектілер көмегімен күрделі объектілер алынады (сынық сызықтар, басқа да геометриялық фигуралар).
Сол себепті векторлық суреттердің кескін масштабын үлкейткенде түйіршіктер көбейіп кететін, растрлық суреттерден айырмашылығы олар өз көлемін сапасын жоғалтпай өзгерте алады.
Дыбыстардың берілуі
 Дыбыстардың берілуі.
Дыбыстың физикалық табиғаты – нақты бір диапазонда тербелу және ауа толқыны (немесе басқа иілгіш орта) арқылы берілу. Микрофон көмегімен дыбысты электрлік тербеліске айналдыруға болады және оның тең уақыт аралықтары арқылы амплитудасын өлшеуге болады (секундына бірнеше ондаған мың рет). Әрбір өлшем екілік кодта жазылады. Бұл үрдіс дискретизациялау үрдісі деп аталады.
Компьютер жадысында дыбыстық толқындардың екілік кодқа айналу үрдісі 2.8-суретте келтірілген:




2.8-сурет. Дыбыстық толқындардың екілік кодқа айналу үрдісі
2.9-суретте ЭЕМ жадысында сақталған дыбыстық ақпаратты ойнату үрдісі келтірілген.




2.9-сурет. Дыбыстық ақпаратты ойнату үрдісі
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш (АЦТ) – дыбыстық тақташа, дыбысты енгізген кезде дыбыстық жиіліктегі электронды тербелістерді сандық екілік кодқа түрлендіретін, компьютерге қосылатын арнайы құрылғы.
Цифрлық-аналогты түрлендіргіш (ЦАТ) дыбысты ойнатқан кезде кері түрлендіруге арналған дыбыстық тақташа (сандық кодтан электронды тербеліске).
АЦТ дыбысты жазу үрдісі барысында нақты бір период сайын электрлік ток амплитудасын өлшейді және регистрге алынған мәннің екілік кодын орналастырады.
Содан соң алынған код регистрден оперативті жадыға көшіріледі.
Алынған сатылы сигнал тегістеледі және күшейткіш пен динамиканы қолдану арқылы дыбысқа түрлендіріледі.
Компьютерлік дыбыс сапасы дыбыстық тақташаның сипаттамалары арқылы анықталады: дискретизация жиілігі мен кеңейтілімі (амплитуда мәнін жазуға бөлінген ұяшық көлемі).
Дискретизация жиілігі – 1 секунд ішіндегі кіріс сигналдары өлшемдерінің саны. Жиіліктің өлшем бірлігі – герц (Гц). Бір секунд ішіндегі бір өлшем 1 Гц-қа сәйкес келеді.
1 секунд ішіндегі 1000 өлшем – 1 килогерц (кГц). АЦТ дискретизациясына тән жиіліктер: 11 кГц, 22 кГц, 44,1 кГц және т.б.
Сондай-ақ егер де музыка жазудың басқа да форматтары туралы айтатын болсақ, онда 1983 жылы MIDI ( ағылш. Musical Instrument Digital Interface – Музыкалық аспаптардың цифрлық интерфейсі) стандарты жасап шығарылған болатын. Ол орындаудың биіктігі, ұзақтығы, жалпы темпін білдіретін кодтар жүйесін анықтайды. MIDI-редакторы музыкантқа үйреншікті секілді, музыкамен қарапайым нота секілді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның артықшылықтары: өте шағын жазба, құрылғыларды ауыстыру жеңілдігі, шынайы ноталардың әуен темпі мен тонын өзгерте алу мүмкіндігі. Ал кемшілігі мұндай кодтау жүйесі тек инструменталды музыкалар дыбысын жазуға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар музыканы жоғары сапамен және сығудың үлкен деңгейімен кодтайтын МР3 форматы да бар. Онда бір өлең жуық шамамен 3,5-8 Mb орын алады. Артықшылығы пайдаланушылар интернет желісінде 200-ден астам музыкалық композициялармен ауысу мүмкіндігіне ие болды.

2. Үлкен көлемді деректер


Жасанды интеллект адамдардың көмегінсіз өзін жетілдіре бастайтын кез жақындап келеді. Әлде біз осы дәуірге аяқ басып үлгергенімізді аңғармай қалдық па? Не де болса, машиналық оқыту мен үлкен көлемді деректер қоғамға өзінше әсер етеді. Ал заман талабына сай бейімделіп, табысқа жету үшін қандай ұғымдарды білуіміз қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет