1 раздел Основные понятия информатики


Сыртқы құрылғылар контроллері



бет63/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Сыртқы құрылғылар контроллері.
Слоттар (Slot) – қосымша құрылғыларды (видеокартаны, дыбыстық платаны, ішкі модемдерді, желілік адаптерлерді) қосуға арналған ажыратқыштар.
Сокет  (Socket) – микросхема орнатылатын ұяшықтан тұрады. Оның байланыстары штырькалы шығыстардан тұратын микросхемаларға арналған.
Орталық микропроцессор – барлық есептеулерді (математикалық және логикалық амалдарды) және ақпараттарды өңдеуді орындайтын шағын микросхема, сонымен қатар барлық блоктардың жұмысын басқарады.
Процессор өте кішкентай өлшемді кремний кристаллдан тұрады. ОП регистрлер деп аталатын арнайы ұяшықтардан тұрады. Регистрлерде процессормен орындалатын командалар, сонымен қатар командалар әрекет жасайтын мәліметтер орналасады. Процессор жұмысы жадыдан нақты бір тізбектегі командалар мен мәліметтерді таңдаудан және оларды орындаудан тұрады.
Микропроцессор компоненттері:
· АЛҚ (АЛУ) логикалық және арифметикалық амаладарды орындайды;
· Басқару құрылғысы ДК-дің барлық құрылғыларын басқарады;
· Регистрлер мәліметтерді және адрестерді сақтау үшін қолданылады;
· Шинаны және порттарды басқару схемасы – микропроцессор және енгізу-шығару порттары арасындағы мәліметтермен алмасуға құрылғыны дайындайды, сонымен қоса адрестік және басқару шинасын басқарады.
Процессордың негізгі сипаттамалары:
· тактілік жиілік;
· разрядтылық;
· жұмыс кернеуі;
· ішіне салынған математикалық сопроцессордың бар болуы;
· кэш-жады өлшемі.
Тактілік жиілік уақыт бірлігінде процессормен орындалатын қарапайым амалдардың санын (тактісін) анықтайды. Қазіргі кездегі процессорлардың тактілік жиілігі МГц-пен өлшенеді (1 Гц бір секундта бір амалды орындаумен сәйкес келеді, 1 МГц=106 Гц).
Разрядтылық процессордың бір тактіде өзінің регистрінде қанша бит мәліметті қабылдай және өңдей алатындығын көрсетеді. Процессордың разрядтылығы командалық шинаның разрядтылығымен, яғни шинадағы өткізгіштер санымен анықталады. Қазіргі заманғы процессорлар 32 – разрядты болады, 64 – разрядты процессорлар да бар.
Процессордың жұмыс кернеуі аналық платамен қамтамасыз етіледі, ол 3В-тан аспайды.
Кэш-жады. Процессор ішіндегі мәлімет алмасу процессор мен жедел жады арасындағы мәлімет алмасуға қарағанда әлдеқайда жылдам орындалады. Сондықтан жедел жадыға жету санын азайту үшін процессор ішінде жедел жадыдан жоғары немесе кэш-жады болады. Процессорға мәліметтер керек болған жағдайда ол алдымен кэш-жадыға көңіл бөледі, егер онда қажетті мәліметтер болмаса, жедел жадыға ауысады.
Кэш – бағдарлама кодын және мәліметтерді уақытша сақтауға арналған жылдам әрекет жасайтын жады. Ол баяу жұмыс жасайтын жедел жадыдағы мәліметтерді алу уақытын азайту үшін керек. Онда процессорға жылдам берілетін мәліметтер сақталады. Кэш-жады бірінші және екінші деңгейдегі болады және ол процессорда немесе жүйелік платада орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет